Негізгі мазмұнға өту
Samruk Energy
KZ

Тұрақты жеткізу тізбегіжәне сатып алу саясаты

Басқару тәсілі

GRI 3-3

Энергетика саласының трансформациясы цифрлық трансформациямен бірге жұмысты ұйымдастыру принциптерін, сондай-ақ тауарлар мен қызметтерді жеткізу әдістерін жаңартуға әкеледі. Бұл жеткізушілер Компания қызметінің барлық бағыттарының тұрақты дамуын қамтамасыз етуде негізгі серіктестерге айналады дегенді білдіреді.

«Самұрық-Энерго» АҚ өз жеткізушілерінен заңнама мен рұқсат беру талаптарын сақтауды ғана емес, сонымен қатар корпоративтік басқарудың, этиканың, адам құқықтарын қорғаудың, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғаудың озық тәжірибелерін ұстанатына сенеді. Бұл принциптер Компанияның стратегиясын, оның Әдеп кодексін және реттеуші міндеттемелерді орындаудың жаһандық үлгісін көрсетеді.

Сатып алу қызметінің қағидаттары

  • сатып алуға пайдаланылатын қаражатты оңтайлы әрі тиімді жұмсау
  • тендер қорытындысы шығарылғанға дейін коммерциялық құпияны сақтай отырып, жеткізушілердің құқықтарын және (немесе) заңды мүдделерін құрметтеу арқылы сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындылығы
  • әлеуетті жеткізушілер арасында адал бәсекелестікті қамтамасыз ету, сатып алу қатысушыларының сөз байласуына жол бермеу
  • сатып алу қатысушыларының жауапкершілігі
  • сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу
  • Қазақстан Республикасында ратификацияланған халықаралық шарттарға қайшы келмейтін деңгейде қазақстандық тауар өндірушілерді, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер өндірушілерін қолдау
  • инновациялық және жоғары технологиялық тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу
  • осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуетті жеткізушілерге сатып алу рәсімдеріне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру
  • сатып алынатын тауарларда қамтылған зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды сақтау.

Сатып алу рәсімдерін басқаруды қоса алғанда, Компанияның сатып алу қызметін реттеу «Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алулары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.,17 сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ және акцияларының (қатысу үлестерінің) 50%-дан астамы тікелей немесе жанама түрде «Самұрық-Қазына» АҚ-қа тиесілі заңды тұлғалардың сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар)18 сәйкес жүзеге асырылады. Сатып алуды ұйымдастыру және сүйемелдеу функциялары Компанияның уәкілетті құрылымдық бөлімшесіне жүктелген, ол сатып алу процестерін дамыту мен жетілдіруге, олардың ашықтығын, тиімділігін және белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге жауапты. Жеткізушілермен және әлеуетті қатысушылармен өзара іс-қимыл Қазақстан Республикасының заңнамасына және жасалған шарттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Сатып алу рәсімдерін басқару

Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің (ТЖҚ) сапасы техникалық ерекшелікпен және шарттың талаптарымен айқындалады. Келісім-шарттарда міндетті есеп беру, оның ішінде ішкі қамсыздандырудың үлесіне қатысты, айыппұлдарды қолдану және басқа да қажетті мәліметтерді ұсыну қарастырылған.

Сметалық, жоба алдындағы немесе жобалық-сметалық құжаттаманы қамтитын құрылыс-монтаж жұмыстарына арналған шарттарда жеткізушілер мен қосалқы мердігерлер материалдардың шығу тегін өндірушілерден және жаңа өндірістерді құратын ұйымдардан растауға міндетті.

Жүргізілетін сатып алу рәсімдері туралы ақпарат «Самұрық-Қазына» АҚ-тың zakup.sk.kz порталында ашық түрде жарияланады. Портал қатысушыларға жоспарланған сатып алулар туралы толық әрі уақтылы ақпарат алуға мүмкіндік береді, бұл бәсекелестік ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.

Шарт талаптары бұзылған жағдайда жеткізуші белгіленген жауапкершілікке тартылады, оның ішінде айыппұлдар қарастырылған, олардың мөлшері шарт құнының 10%-ынан аспайды.

«Самұрық-Энерго» АҚ жеткізушілерді тұрақты даму тұрғысынан бағалаудың бірыңғай жүйесін қолданады. Негізгі құрал – ESG сауалнамасы, ол экологиялық жауапкершілік, адам құқықтарын сақтау, еңбек стандарттары, балалар және мәжбүрлі еңбекті болдырмау, сондай-ақ ХЕҰ конвенциялары мен БҰҰ-ның Адам құқықтары декларацияларын қоса алғанда халықаралық нормаларға сәйкестік мәселелерін қамтиды.

ESG сауалнамасын толтыру және оның талаптарына сәйкестік шарттар жасасудың міндетті кезеңі болып табылады. Жеткізуші қызметінде елеулі өзгерістер болған жағдайда Компания жаңартылған ақпаратты сұратуға құқылы. Есепті кезеңде қолданыстағы Қағидалар талаптарынан тыс қосымша тексерулер жүргізілген жоқ.

Сауалнама Компанияның веб-сайтында қолжетімді, бұл жеткізушілерге талаптарды алдын ала бағалауға және қажетті материалдарды дайындауға мүмкіндік береді.

Импортты алмастыру

Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі айқындаған ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін «Самұрық-Қазына» АҚ жаңа бәсекеге қабілетті отандық өндірістерді қалыптастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Осы міндет аясында Қор компаниялар тобы тұрақты түрде сатып алатын импорттық өнімдерге тәуелділікті төмендетуге бағытталған жаңа өндірістік қуаттарды құруды қолдау бағдарламасын іске асыруда.

Бағдарлама тауарларды жеткізуге оффтейк-келісімшарттар жасасуды көздейді. 2025 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша жалпы сомасы 25,8 млрд теңгеге 26 оффтейк-келісімшарт және 2 қосымша келісім жасалды.
2025 жылы оффтейк-келісімшарттар сомасы 2024 жылмен салыстырғанда 135%-ға өсті.

Сатып алуларды санаттық басқару

GRI 2-6, 204-1, GRI 12: Coal Sector: 12.8.6

Сатып алу санаттарын басқару процесі сатып алу қызметін оңтайландыруды көздейді. Бұл тәсілдің негізінде тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бүкіл өмірлік циклі бойынша жиынтық иелену құнын төмендету қағидаты жатыр, яғни тек сатып алу кезіндегі тікелей шығындарды ғана емес, бүкіл пайдалану кезеңіндегі шығындарды ескеру арқылы неғұрлым тиімді және заманауи шешімдерді таңдауға мүмкіндік береді.
Сатып алу қызметіне енгізіліп жатқан өзгерістер сатып алу бағасына және сатып алынатын ТЖҚ-ның сапасына оң әсерін тигізіп, сондай-ақ отандық тауар өндірушілердің дамуына ықпал етеді.

Мысалы, «Арнайы киім» сатып алу санаты бойынша категориялық стратегияны іске асыру шеңберінде (бұдан әрі – Стратегия), оны басқару «Самұрық-Қазына» АҚ деңгейінде жүзеге асырылады, Компания арнайы киімге, жеке қорғаныс құралдарына және арнайы аяқ киімге қойылатын бірыңғай техникалық талаптар стандартын (бұдан әрі – Стандарт) жаңа редакцияда өзектендіріп, бекітті.

Стандарттың жаңа редакциясы талаптарды жүйелеу мен біріздендіруді көздейді, оның ішінде алғаш рет арнайы аяқ киімге қойылатын талаптарды енгізу, жеке қорғаныс құралдарына қойылатын талаптарды жаңарту, сондай-ақ арнайы киім маталары мен фурнитурасына қойылатын талаптарды нақтылау және техникалық талаптарды екіұшты түсіндіруді болдырмайтын иллюстрациялық материалдарды қосу қарастырылған.

Белгіленген талаптардың қолданылуын растау мақсатында «Самұрық-Энерго» АҚ 7 отандық тауар өндірушінің қатысуымен арнайы киім үлгілеріне тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар өткізді.

Сондай-ақ Стратегия алдын ала біліктілік іріктеуден өткен отандық тауар өндірушілер арасында ашық тендер тәсілі арқылы сатып алулар жүргізу арқылы тапсырыс берушілерді сапалы арнайы киіммен қамтамасыз етуді көздейді.

Стратегияның бастамаларының бірі – жергілікті өндірушілерді қолдау және ел ішіндегі құндылық үлесін арттыру, оның ішінде шикізат (маталар) өндірушілерді қолдау бойынша пилоттық жобаны іске асыру19 арқылы жүзеге асырылады. Осы бастама шеңберінде шарт талаптарында жеткізушілердің отандық өндірістегі шикізатты, соның ішінде маталарды, фурнитураны және жылытқыштарды міндетті түрде пайдалану талаптары көзделген, бұл жергілікті өндірісті дамытуға және өнімнің локализация деңгейін арттыруға ықпал етеді.

Стратегияны іске асыру нәтижелері бойынша отандық өндірушілер үлесінің және жергілікті қамту деңгейінің өсуінің оң динамикасы байқалады.

Сатып алу санаттары бойынша стратегияларды енгізу кезеңінде 371 млн теңге мөлшерінде нақты экономикалық тиімділікке қол жеткізілді.

А «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша жеткізушілердің үлесі
КөрсеткішБарлығыЖергілікті жеткізушілер
Жеткізушілер саны, дана2 983 2 941
Сатып алу сомасы, млрд теңге373 371
өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша12 29112 071
Компаниялар тобы бойынша өнім берушілермен жасалған шарттардың сомасы, млрд теңге
КөрсеткішСомаЖергілікті өнім 
берушілердің үлесі, %
Бір көзден алу тәсілімен жүргізілген сатып алулар22998
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен өткізілген сатып алулар11100
Ашық тендер тәсілімен өткізілген сатып алулар110100
Жеткізілген ТЖҚ-дағы ел ішіндегі құндылық үлесі 20(ЕҚҮ), млрд теңге
Көрсеткіш 2023 2024 2025
Жеткізудің жалпы сомасы % ЕҚҮ Жеткізудің жалпы сомасы % ЕҰҮ Жеткізудің жалпы сомасы % ЕҚҮ
Тауарлар 145,78 66 140,73 73 170,07 82
Жұмыстар мен қызметтер 207,57 92 313,25 90 290,06 92
Барлығы 353,35 81 453,98 84,8 460,13 88