Негізгі мазмұнға өту
Samruk Energy
KZ

өндірістік кәсіпорындары

Компаниялар тобының көмір өндіруші кәсіпорындары

«Богатырь Көмір» ЖШС

«Богатырь» кенішіндегі көмір өндіру техникасы
Бас директор
Мастернак Е.В.
Мекенжайы
Қазақстан Республикасы, Павлодар обл., Екібастұз қ., Бауыржан Момышұлы көш., 23
Қызметкерлер
6 558 адам
Иелену үлесі
Forum Muider B.V. иелену үлесі
2025 жылғы қыркүйекте Primet LLC (Катар) инвесторының пайдасына Forum Muider Limited компаниясының 7 779 акциясының қосымша эмиссиясы жүзеге асырылды, соның нәтижесінде «Самұрық-Энерго» АҚ-ның акционерлік капиталдағы үлесі 50%-дан 35%-ға дейін төмендеді.
Компанияның ресми сайты
www.bogatyr.kz

Жобалық қуаты жылына 50 млн тонна көмірді құрайтын «Богатырь» разрезі 1965–1979 жылдары салынды. «Богатырь Көмір» ЖШС разрездерінің жиынтық жобалық қуаты жылына 42 млн тонна көмірді құрайды. Компания «Самұрық-Энерго» АҚ тобының электр станцияларына және Қазақстан мен Ресейдегі бөгде тұтынушыларға көмір жеткізеді көмірдің негізгі маркасы — КСН-300.

2025 жылы Forum Muider Limited компаниясы АХҚО юрисдикциясына қайта тіркеліп, жекешелендіру шеңберінде оның акцияларының 35%-ы сатылды.

Кәсіпорын жеткізу тізбегі

«Богатырь Көмір» ЖШС КСН маркалы көмір өндіреді және энергетикалық әрі коммуналдық-тұрмыстық көмірді Қазақстан Республикасының ішкі нарығына жеткізуді, сондай-ақ Ресей Федерациясына экспорттауды жүзеге асырады. ҚР ЖЭС-тері үшін көмір тікелей шарттар бойынша, РФ ЖЭС-тері үшін — трейдер арқылы, ал коммуналдық-тұрмыстық көмір — тауар биржалары арқылы өткізіледі.

Компания жер қойнауын пайдалану келісімшарты негізінде «Богатырь» және «Северный» разрездері шегіндегі Екібастұз таскөмір кен орнында өндіру жұмыстарын жүзеге асырады. 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша көмірдің баланстық қорлары шамамен 2,45 млрд тоннаға бағаланады.

Игерілетін кен орнының қоры мен географиясы

2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «Богатырь Көмір» ЖШС көмірінің баланстық қорлары шамамен 2,75–3,0 млрд тоннаны құрайды. Бұл қорлар Екібастұз көмір бассейніндегі екі разрезде — «Богатырь» және «Северный» разрездерінде шоғырланған.

Көмір разрезіндегі қызметкерлер
Екібастұз тас көмір бассейнінің ахуалдық схемасы
Екібастұз тас көмір бассейнінің ахуалдық схемасы

Қаржылық көрсеткіштер

Көрсеткіш 2023 2024 2025
Таза кіріс/шығын, млн теңге26 24967729 111
EBITDA, млн теңге32 91120 93555 739
EBITDA Margin, %251529
Игерілген инвестициялар сомасы (50%), мың теңге12 368 5889 377 7019 013 582

Өндірістік көрсеткіштер

Көрсеткіш 2023 2024 2025
Көмір өндіру көлемі, млн тонна42,942,745,3
ҚР-да көмір өткізу көлемі, млн тонна32,733,734,4
меншікті ЭЖ-ге19,420,221,8
бөгде ЭЖ13,313,512,5
Көмір экспортының көлемі, млн тонна9,89,39,9

ESG көрсеткіштері

Көрсеткіш 2023 2024 2025
Ластаушы заттардың шығарындылары, мың тонна3,63,53,6
Орташа жалақы, теңге505 800551 146656 513