Негізгі мазмұнға өту
Samruk Energy
KZ

2025 жылғы негізгі бастамалар

2025 жылы «Самұрық Энерго» АҚ тұрақты даму саласында корпоративтік және климаттық басқару жүйесін дамытуға, ақпаратты ашудың ашықтығын арттыруға, мүдделі тараптармен өзара іс-қимылды күшейтуге және Компанияда ESG тәжірибелерін ауқымдауға бағытталған негізгі іс-шаралар кешенін іске асырды. Есепті кезеңнің негізгі оқиғалары ESG тәсілдерін стратегияға, басқарушылық процестерге және еншілес ұйымдардың қызметіне дәйекті түрде интеграциялауды көрсетеді. Тұрақты дамудың негізгі бағыттары бөлінісінде іске асырылған бастамалар мен қол жеткізілген нәтижелер төмендегі кестеде көрсетілген.

Аталған бағыттарды дамыту шеңберінде 2025 жылғы маңызды бастамалардың бірі климаттық тәуекелдерді басқарудың және ақпаратты ашудың озық халықаралық тәжірибелерін TCFD ұсынымдары мен IFRS S2 талаптарына сәйкес енгізу жобасы болды. Жоба климаттық күн тәртібін корпоративтік басқаруға, стратегиялық жоспарлауға және Компанияның есептілігіне жүйелі түрде интеграциялау үшін әдіснамалық негіз қалыптастыруға бағытталды.

Жоба аясында «Самұрық Энерго» АҚ-ның стратегиясы мен қаржылық көрсеткіштеріне өтпелі және физикалық климаттық тәуекелдердің әсеріне сандық бағалау жүргізілді, климаттық мақсаттарға қол жеткізу бойынша сценарийлік алғышарттар мен траекториялар нақтыланды, сондай-ақ басқарушылық және есептілік процестерінде климаттық тәуекелдер мен мүмкіндіктерді есепке алудың қолданбалы тәсілдері әзірленді. Жоба нәтижелері есепті кезеңде климат және тұрақты даму саласындағы негізгі басқарушылық шешімдер мен бастамаларды қабылдауға негіз болды.

2025 жылғы тұрақты даму саласындағы негізгі оқиғалар

Негізгі бағыт

Іске асырылған іс-шаралар және нәтижелер

ESG рейтингі

Sustainable Fitch Компанияға ESG рейтингін «3» деңгейінде, жиынтық 57 балл (+5 балл) көрсеткішімен берді.

Климат және стратегиялық басқару

2025 жылы «Самұрық Энерго» АҚ климат және тұрақты даму саласында келесі негізгі басқарушылық құжаттарды бекітті

  • 2025–2026 жылдарға арналған климаттық корпоративтік басқару жоспары TCFD ұсынымдарына сәйкестікті бағалау нәтижелері негізінде әзірленіп, 18 іс-шараны қамтиды. Жоспарды іске асыру климаттық күн тәртібін жүйелі түрде интеграциялауға және ақпаратты ашудың айқындығын арттыруға бағытталған.
  • «Самұрық-Энерго» АҚ-ның климаттық корпоративтік басқару саясаты.
  • «Самұрық-Энерго» АҚ-ның климат саласындағы процестерді басқару регламенті.
  • «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша Scope 3 санатындағы парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі.
  • 2025–2026 жылдарға арналған тұрақты дамуды басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі Жол картасы.

2025 жылдың қорытындылары бойынша 103 іс-шараның 102-сі орындалды (99%). Жаңарту барысында Жол картасына TCFD тәсілдерін енгізу және климаттық ақпаратты ашуға дайындықты қамтамасыз етуге байланысты қосымша 17 жаңа іс-шара енгізілді.

«Самұрық-Энерго» АҚ RAEX рейтингтік агенттігінің зерттеуі бойынша өнеркәсіптік компаниялар арасында климаттық тәуекелдерді басқару тұрғысынан көшбасшылар қатарына енді. Компания Ресей, Қазақстан, Өзбекстан және Моңғолияның 145 ірі компаниясы арасында 8-орынды иеленді.

ESG бастамаларын және Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру

Компания 2022–2026 жылдарға арналған тұрақты даму бастамалары жоспарын іске асыруды жалғастырды, бұл жоспар ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізуге және БҰҰ-ның 17 Тұрақты даму мақсатына үлес қосуға бағытталған.

  • 2025 жылғы 22 мамырда Директорлар кеңесі 2024 жылға арналған Жоспардың орындалуы туралы есепті бекітті
  • 40 іс-шараның 30-ы іске асырылды (орындалу деңгейі — 75%).
  • Бастамалар экологиялық жауапкершілік, әлеуметтік қорғалу, еңбекті қорғау, сондай-ақ корпоративтік басқару мен ESG тәжірибелерін дамыту бағыттарын қамтиды.

Компания RAEX ESG-рэнкингінде «Басқару» бағыты бойынша ТОП-10 құрамына еніп, 5-орынға ие болды.

Халықаралық есептілік және ашықтық

Халықаралық стандарттарға бейілділік шеңберінде Компания негізгі қаржылық емес ақпараттың ашықтығын қамтамасыз етті

  • 2025 жылғы 3 маусымда БҰҰ Жаһандық шарты платформасында 2024 жылға арналған Ілгерілеу туралы есеп (Communication on Progress) жарияланды, онда БҰҰ Жаһандық шартының 10 қағидатын іске асыру барысы көрсетілген.
  • 2026 жылғы 8 қаңтарда 2024 жылға арналған CDP сауалнамасының нәтижелері жарияланды. Сауалнама климат, су ресурстары, биоәртүрлілік, тәуекелдер және стратегия мәселелерін қамтыды. CDP халықаралық агенттігінің парниктік газдар шығарындылары мен су ресурстарын басқару жөніндегі ақпаратты ашу бағалауы нәтижесінде Компанияға «D» деңгейі берілді.

PWC Kazakhstan ESG-ақпаратты ашу рейтингі нәтижелері бойынша Компанияға ең жоғары A+ рейтингі берілді.

Компания келесі номинациялар бойынша көшбасшы ретінде танылды

  1. Энергетика секторында ESG-ақпаратты ашудың үздік деңгейі — қаржылық емес есептілікке кешенді тәсілді көрсетеді.
  2. Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін ашудың үздік деңгейі — экологиялық аспектілерге және табиғи ортаға әсерді азайту тәжірибелеріне басымдық береді.
  3. Тұрақты даму стратегиясын ашудың үздік деңгейі — ұзақ мерзімді мақсаттарды, басқару процестерін және ESG басымдықтарының корпоративтік стратегияға интеграциясын айқын ұсынады.
  4. Әлеуметтік мәселелерді ашудың үздік деңгейі — әлеуметтік жауапкершілік, персоналмен, қауымдастықтармен және өзге де мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл туралы ақпаратты жүйелі түрде жариялау.

Қазақстан қор биржасы 2023 жыл қорытындылары бойынша жылдық есептер конкурсында Компанияға «Қаржылық емес сектордағы үздік жылдық есеп» номинациясы бойынша 1-орын берді.

RAEX рейтинг агенттігінің жылдық есептер рейтингісінде Компанияға 5 жұлдыз және «Жылдық есептің ең жоғары сапасы» мәртебесі берілді.

Компания MarCom Awards 2025 халықаралық жылдық есептер конкурсында Publications | Annual Report | Government санатында алтын мүсіншеге ие болды.

Мүдделі тараптармен және қауымдастықтармен өзара іс-қимыл

2025 жылы Компания мүдделі тараптармен және жергілікті қауымдастықтармен өзара іс-қимылды жүйелі түрде күшейтті

  • 2025 жылғы 24 ақпанда Директорлар кеңесі 2024 жылға арналған мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл туралы есепті бекітті.
  • 2025 жылғы мамырда «Samruk Kazyna Trust» КҚ қолдауымен ҮЕҰ үшін оқыту вебинары өткізілді.
  • 2025 жылғы қыркүйекте қатысу өңірлеріндегі ҮЕҰ арасында басым әлеуметтік мәселелерді айқындау мақсатында сауалнама жүргізілді (4 облыстан 23 ұйым).
  • 9 еншілес және тәуелді ұйым бойынша жергілікті қауымдастықтармен өзара іс-қимыл бағдарламасының іске асырылуына мониторинг жүргізілді.

Еншілес компанияларды және ESG тәжірибелерін дамыту

2025 жылғы қазанда «Samruk Green Energy» ЖШС-де корпоративтік басқару және тұрақты даму процестеріне көшпелі кешенді талдау жүргізілді.

Талдау мынадай бағыттарды қамтыды

  • ESG процестерінің жетілу деңгейін бағалау
  • күшті тұстар мен даму аймақтарын айқындау
  • практикалық ұсынымдар қалыптастыру.

Қалыптастырылған ұсынымдар 2026 жылға арналған Жол картасын әзірлеу барысында ескерілетін болады.

Тұрақты даму мәселелері бойынша арнайы сессия

2025 жылғы 12 желтоқсанда корпоративтік басқару және ESG мәселелеріне арналған стратегиялық сессия өтті, оған Корпоративтік орталықтың және Топтың еншілес ұйымдарының 40-тан астам бейінді маманы қатысты.

Іс-шара 2025 жылдың қорытындыларын шығаруға, 2026 жылға арналған басымдықтарды талқылауға және ішкі сараптамалық өзара іс-қимылды дамытуға арналды

Ашық пікірталас барысында тұрақты дамудың негізгі бағыттары қарастырылды, оның ішінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік, адами капиталды дамыту, экологиялық жауапкершілік және корпоративтік процестерді жетілдіру. Еншілес ұйымдар өз жетістіктері мен іске асырылған бастамаларын ұсынды, бұл Топтың ілгерілеуі туралы кешенді түсінік қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Сессия қорытындысы бойынша ESG тәжірибелерін дамытуға, корпоративті деңгейлер арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуге және Компания қызметінің тиімділігі мен о тұрақтылығын арттыруға бағытталған 2026 жылға арналған бірлескен бастамалар айқындалды.

«Самұрық Энерго» АҚ тұрақты даму қағидаттарын өз қызметіне интеграциялады және БҰҰ-ның 17 Тұрақты даму мақсатына бейілділігін растайды. Компания өз қызметі шеңберінде басым ТДМ-ға қол жеткізуге үлес қосады, бұл іске асырылып жатқан жобаларда, тиімділік көрсеткіштерінде және есепті кезең нәтижелерінде көрініс тапқан.

2025 жылы «Самұрық Энерго» АҚ қызметкерлердің хабардарлығын арттыруға, басқарушылық құзыреттерді дамытуға және іскерлік әдеп пен комплаенс мәдениетін нығайтуға бағытталған ESG және корпоративтік құндылықтар саласындағы оқыту бастамаларын іске асырды. Есепті кезеңдегі негізгі оқыту іс-шаралары төмендегі кестеде ұсынылған.

Есепті кезеңнің негізгі оқыту іс-шаралары

Күні

Мақсатты аудитория

Формат

Оқұ тақырыбы/мазмұны

Мақсаты және негізгі нәтиже

25.11.2025

Директорлар кеңесі, топ-менеджмент, бөлімшелер басшылары

Офлайн сессия

«McKinsey & Company» компаниясымен бірлесіп «Ағымдағы энергетикалық жүйеге шолу және энергетиканың даму болжамы (Global Energy Perspective 2025)»

Басшылықтың құзыреттерін энергетиканың жаһандық трансформациясы және ESG күн тәртібі жағдайында арттыру

30.06.2025

Барлық жұмыскерлер

Онлайн‑оқыту

«Самұрық Энерго» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік корпоративтік мәдениетін күшейту

Компаниялар тобының жұмыскерлері

Оқыту курсы

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша Scope 3 санатындағы парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі

Scope 3 санатындағы парниктік газдар шығарындыларын есептеу бойынша практикалық-бағдарланған оқыту

23.09.2025

Таланттар пулының қатысушылары

Офлайн‑тренинг

«Ағымдағы ағын жағдайындағы көшбасшылық мотивация, ықпал және энергия»

Көшбасшылық құзыреттерді және команданы басқару дағдыларын дамыту

25.09.2025

Барлық жұмыскерлер

Онлайн‑оқыту

Негізгі халықаралық ұйымдар және олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс саласындағы халықаралық талаптар мен тәжірибелер бойынша жұмыскерлердің білім деңгейін арттыру

17.11.2025

Барлық жұмыскерлер

Оқыту материалдары

Комплаенс, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету

28.11.2025

Барлық жұмыскерлер

Вебинар

«Гендерлік теңдік»

Кадр саясатын іске асыру және тең мүмкіндіктер қағидаттарын ілгерілету

27–28.11.2025

Компания жұмыскерлері

Оқыту курсы

«Инвестициялық жобаларды іске асыру кезіндегі тәуекелдер»

Инвестициялық және жобалық тәуекелдерді басқару саласындағы құзыреттерді арттыру

04.12.2025

Таланттар пулының қатысушылары

Кездесу, тренинг

Директорлар кеңесінің Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитетінің қатысуымен «Стратегиялық ойлау»

Стратегиялық ойлауды және басқарушылық әлеуетті дамыту

19.12.2025

Барлық жұмыскерлер

Онлайн‑оқыту

«Самұрық Энерго» АҚ-ның Мінез-құлық кодексі қолдану ерекшеліктері

Іскерлік әдеп және корпоративтік құндылықтар мәселелері бойынша саналы көзқарасты арттыру

Компанияның басым Тұрақты даму мақсаттарына қосқан үлесі

Кедейшілікті оның барлық нысандарында жаппай жою

БҰҰ ТДМ міндеттері

  • 2030 жылға қарай қазіргі уақытта күніне 2,15 АҚШ долларынан кем тұратын адамдардың санымен өлшенетін бүкіл әлемдегі барлық адамдар үшін ең соңғы кедейшілікті жою.
  • 2030 жылға қарай ұлттық анықтамаларға сәйкес кедейшілікте өмір сүретін барлық жастағы ерлер, әйелдер мен балалардың кемінде екі есе азайту.
  • 2030 жылға қарай барлық ерлер мен әйелдердің, әсіресе кедей және осал әйелдердің экономикалық ресурстарға тең құқықтарына, сондай-ақ жаңа технологияларға сәйкес келетін негізгі қызметтерге, жерді және меншіктің басқа да нысандарын, мұраны, табиғи ресурстарды иеленуге және бақылауға қол жеткізуін қамтамасыз ету.
  • «Кадрлардың тұрақтамауы» ПӘК белгілеген бақылау арқылы жұмыс орындарын сақтау, 14% -дан аспайды.
  • Бәсекеге қабілетті жалақыны қамтамасыз ету, жалақыны индекстеу. 
  • «Самұрық-Энерго» АҚ әлеуметтік тұрақтылығын арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.
  • «Жергілікті халық өкілдері қатарынан жалданған жоғары дәрежелі басшылар үлесінің сәйкестігін қамтамасыз ету» ТТК мониторингі.
  • Кемінде 65% деңгейінде «Персоналдың әл-ауқат дәрежесі» ПӘК мониторингі. 
  • Компания жергілікті халықтың шаруашылықтарын тұрақты жүргізу мүмкіндігі үшін өзінің барлық өңірлерінде, оның ішінде шалғай аудандар мен елді мекендерде үздіксіз энергиямен жабдықтауды қамтамасыз етеді.
  • Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар. Көмір электр станцияларында көміртекті ұстау және сақтау технологияларын қолдану мүмкіндігін зерделеу. Қазандық агрегаттарын азықсыз жағу жүйесінің технологиясын енгізу (плазмалық-отын жүйесі)

СЭ-нің даму стратегиясы еңбек жағдайларын үздіксіз жетілдіруге, қауіпсіздік деңгейін арттыруға және қызметкерлердің әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бастамаларды дамытуға бағдарланған. Қатысу өңірлеріндегі негізгі міндеттердің бірі өндірістік тәсілдер мен әлеуметтік басымдықтар арасындағы теңгерімді сақтау болып табылады. Төмен көміртекті дамуға көшу аясында әлеуметтік аспектілерді ескеретін кешенді тәсілді қолдану қажет. Бұл еңбек ұжымын жаңа жағдайларға дайындауды, оның ішінде релокация бағдарламаларын және қажет болған жағдайда кадрларды уақтылы қайта даярлауды талап етеді.

  • 2025 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында, оның ішінде бірлескен және тәуелді ұйымдарды қоса алғанда, кадрлар айналымының жалпы коэффициенті 13%-ды құрады. Бұл ретте кадрлар тұрақтамауының көрсеткіші 10,3%-ды құрады.
  • 2025 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы қызметкерлерінің, оның ішінде бірлескен және тәуелді ұйымдарды қоса алғанда, орташа айлық жалақысы 692 741 теңгені құрады.
  • 2025 жылғы қаңтардан бастап компаниялар тобының барлық еншілес және тәуелді ұйымдарында жалақы орта есеппен 8%-ға индекстелді.
  • 2025 жылы «Әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникация орталығы» ЧУ «Самұрық-Энерго» АҚ қызметкерлерінің әл-ауқатын төрт негізгі бағыт бойынша бағалау үшін қызметкерлердің тартылуын анықтауға сауалнама жүргізді денсаулық, тартылу деңгейі, әлеуметтік, физикалық және менталдық жай-күй, сондай-ақ қаржылық тұрақтылық. 2025 жылға арналған әкімшілік-басқарушылық персонал бойынша зерттеу қорытындысы негізінде «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша индекс 59%-ды құрады. Бұл өткен жылдың көрсеткішінен (46%) 13 т.п.-ке жоғары.
  • 2025 жылы әлеуметтік тұрақтылықты талдау үшін Samruk Research Services әдістемесін пайдалана отырып, өндірістік персонал арасында социологиялық зерттеу жүргізілді. Сауалнама нәтижелері бойынша SRS интегралдық көрсеткіші 77%-ды құрады.
  • Ұйым қызметін жүзеге асырудың елеулі өңірлеріндегі жоғары деңгейдегі басшылардың жергілікті халық өкілдерінің қатарынан жұмысқа қабылданған үлесі 100%.
  • Компаниялар тобының Қазақстанның электр энергиясы нарығындағы үлесі 32,8%-ды құрады.
  • Қазақстанның электр энергиясы нарығындағы ЖЭК электр энергиясын өндіру үлесі 6,4%.
  • Компанияның көмір өндірудегі үлесі ҚР жалпы көмір өндіру көлемінің 39%-ын құрады.

Барлық қамтылған және әділ сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлық адамдар үшін өмір бойы оқыту мүмкіндігін көтермелеу

БҰҰ ТДМ міндеттері

  • 4.4. 2030 жылға қарай жұмысқа орналасу, лайықты жұмыс пен кәсіпкерлік үшін техникалық және кәсіптік дағдыларды қоса алғанда, қажетті дағдылары бар жастар мен ересектердің санын айтарлықтай ұлғайту.
  • Жастар ісі жөніндегі «Jas Energy» кеңесі жұмыс істейді.
  • «Самұрық-Энерго» АҚ-да тәжірибе мен тағылымдаманы ұйымдастыру және өткізу ережесі бекітілді.
  • «Самұрық-Энерго» АҚ жастар саясатын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әрекет етеді

Даму стратегиясы персоналды Компанияның негізгі стратегиялық ресурсы және маңызды бәсекелестік артықшылығы ретінде айқындайды. Генерация көлемінің күтілетін өсуі және ЖЭК-тің белсенді дамуы жағдайында саланың кадрлық әлеуетін арттыру үшін жағдай жасау жөніндегі жұмыс жалғасуда. Компания өзінің қатысу өңірлеріндегі ең беделді жұмыс берушілердің біріне айналуға ұмтылады.

  • Компанияда 800 студент оқу-өндірістік практикадан өтті, 70-тен астам студент дуальды оқудан өтті.
  • Компания тұрақты негізде жұмыс істейтін оқу орындарын есепке алмағанда, оқу орындарымен ынтымақтастық туралы шамамен 30 жаңа келісім мен меморандум жасалды.
  • «Самұрық-Энерго» АҚ жетекші қазақстандық жоғары оқу орындары және колледждермен стратегиялық серіктестікті жүйелі түрде кеңейтіп келеді. Олардың қатарында «Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ КеАҚ, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, «Торайғыров университеті» КеАҚ, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті КеАҚ, Мұхамеджан Тынышбаев атындағы ALT университеті, «Электротехникалық колледж» КМҚК, «Екібастұз политехникалық колледжі» ШЖҚ КМК және өзге де білім беру ұйымдары бар.
  • 2025 жылы Компания «Алматы электр станциялары» АҚ және «АЭжБУ» КеАҚ арасындағы келісім аясында (30.09.2024 жылғы) «АЭжБУ» КеАҚ студенттері үшін Генуя университетінде (Италия) халықаралық тағылымдаманы ұйымдастырды. Бағдарлама шеңберінде 4 студент бір семестр (120 күн) бойы тағылымдамадан өтті. Тағылымдама 2025 жылғы желтоқсанда сәтті аяқталып, қатысушыларға халықаралық тәжірибе алуға және заманауи бу-газ қондырғылары мен жылу энергетикасы саласында тереңдетілген білім алуға бірегей мүмкіндік берді.
  • Конкурс ұйымдастырылып, оның қорытындысы бойынша жоғары оқу орындарының студенттеріне 16 білім беру гранты бөлінді.
  • Ой-пікірлермен және тәжірибемен алмасу арқылы тұлғаның әлеуметтік және кәсіби дамуы мақсатында «Жұмысшы кәсіптері болашақ энергиясы» атты инфо-сессия форматындағы «IV Жұмысшы кәсіптері жастарының форумы» өткізілді. Іс-шараға «Самұрық-Энерго» тобының барлық еншілес және тәуелді ұйымдарынан жұмысшы мамандықтарындағы 100 жас қызметкер қатысты.
  • АО «Самұрық-Қазына» компаниялар тобындағы жастар саясатын дамыту бағдарламасы шеңберінде «7 Qadam PRO» бағдарламасына қатысу үшін «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алатау Жарық Компаниясы» және «Шүлбі СЭС» ЖШС»-тен жас мамандар іріктелді. «7 Qadam master» бағдарламасына еңбек қауіпсіздігі, зертханалық және химиялық талдау, сондай-ақ электрмонтаж мамандықтары бойынша 3 қызметкер мен 3 тәлімгер қатысты.

Барлық әйелдер мен қыздардың гендерлік теңдігін қамтамасыз ету және құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту

БҰҰ ТДМ міндеттері

  • 5.1 Бүкіл әлемдегі барлық әйелдер мен қыздарға қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарына шек қою.
  • 5.2 Адам саудасын, сондай-ақ жыныстық және пайдаланудың басқа да түрлерiн қоса алғанда, мемлекеттiк және жеке салалардағы барлық әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық зомбылықтың барлық нысандарын жою.
  • 5.5. Әйелдердің толық және тиімді қатысуын және саяси, экономикалық және қоғамдық өмірде шешімдер қабылдаудың барлық деңгейлерінде көшбасшылық үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету. 
  • 5.C Барлық деңгейдегі барлық әйелдер мен қыздардың гендерлік теңдігі мен құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге жәрдемдесу үшін орынды саясат пен жүзеге асырылып жатқан заңнаманы қабылдау және нығайту қажет.
  • «БҰҰ-әйелдер» серіктестігі және БҰҰ Жаһандық шарты шеңберінде әзірленген Әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту қағидаттарын қолдау туралы мәлімдемеге қол қойылды.
  • «Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасындағы және «Самұрық-Энерго» АҚ еншілес және тәуелді ұйымдарының Байқау кеңестеріндегі/Директорлар кеңестеріндегі әйелдердің үлесін 2030 жылға қарай 30% -ға дейін арттыру жөніндегі іс шаралар жоспары бекітілді.
  • ПӘК орнатылды Жұмыс күшінің құрамындағы әйелдер санын ұлғайту.
  • ПӘК орнатылды Кадр резерві құрамындағы әйелдер санын ұлғайту.
  • Кемсітушілік, қысым көрсету және қудалау бойынша расталған жағдайлар тіркелген жоқ.
  • Компаниялар тобындағы әйелдердің үлесі – 26%.
  • «Самұрық-Энерго» Директорлар кеңесіндегі әйелдердің үлесі – 14%.
  • Компаниялар тобының ДК/ҚК құрамындағы әйелдердің үлесі – 28% (87 мүше, оның ішінде 24 әйел).
  • 2024 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ-да әйелдерді қолдау және дамыту мақсатында біріккен Әйелдер клубы құрылды.
  • 2025 жылғы 24 қазанда «Самұрық-Энерго» АҚ әйелдеріне арналған «Көшбасшылық шабыт, саналылық және тиімділік» атты форум-тренинг өткізілді, ол көшбасшылық құзыреттерді, саналылықты және жеке тиімділікті дамытуға бағытталды, әйел-көшбасшылардың қатысуымен және қарқынды оқыту сессияларымен өтті, сондай-ақ Компанияның корпоративтік орталығы мен еншілес ұйымдарының 80 өкілін қамтыды.
  • 2025 жылғы 30–31 қазанда Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Алматы қаласында КИМЭП базасында «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының жұмысшы мамандықтарындағы әйелдеріне арналған «Шабыт жолы энергетика саласындағы әйелдер» атты екі күндік даму бағдарламасы іске асырылды, ол олардың өндірістік саладағы рөлін нығайтуға, кәсіби құзыреттерін дамытуға және тұлғалық әлеуетін ашуға бағытталды.

Барлығы үшін су ресурстары мен санитарияның болуын және ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету

БҰҰ ТДМ міндеттері

  • 6.3 2030 жылға қарай ластануды азайту, қалдықтардың төгілуін жою және қауіпті химиялық заттар мен материалдардың шығарындыларын барынша азайту, тазартылмаған сарқынды сулардың үлесін екі есеге қысқарту және рециркуляция ауқымын едәуір ұлғайту арқылы судың сапасын арттыру және бүкіл әлемде сарқынды суларды қауіпсіз қайта пайдалану. 
  • 6.4 2030 жылға қарай барлық секторларда су пайдаланудың тиімділігін айтарлықтай арттыру және судың жетіспеушілігі проблемасын шешу және судың жетіспеушілігінен зардап шегетін адамдар санының айтарлықтай қысқаруы үшін тұщы судың тұрақты алынуын және берілуін қамтамасыз ету
  • «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобындағы еңбекті және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін басқару жөніндегі іс-шаралар жоспары.
  • Су ресурстарын ұтымды пайдалану жоспарлары

Міндеттер:

  • бірнеше рет және қайталап пайдаланылатын судың үлесін ұлғайту;
  • су пайдалану саласындағы тәуекелдерді барынша азайту;
  • ағызылатын сарқынды сулардың сапасын жақсарту.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Экологиялық қауіпсіздік бағдарламасына су ресурстарын тиімді басқару жөніндегі мынадай іс-шаралар енгізілген:

  • өнім бірлігіне шаққандағы су алу көлемін төмендету;
  • су ресурстарының, оның ішінде сарқынды сулардың сапасына қойылатын талаптарды сақтау;
  • гидрокүл шығару жүйелерін, құбыржолдарды және тазарту құрылыстарындағы сорғы жабдықтарын жөндеу.
  • Су ресурстарын сақтау стратегиясы аясында біз сумен жабдықтаудың жабық жүйелерін, оның ішінде Екібастұз ЖЭС-теріндегі су жинақтаушы салқындатқыш су қоймаларын және күлді тікелей ағынды жүйемен шығару жүйелерін белсенді қолдандық. Алматы ЖЭО-ларында градирнялары бар айналымды салқындату жүйелері қолданылды, сондай-ақ күл үйінділерінен алынатын су пайдаланылды, бұл су пайдаланудың тиімділігін арттыруға және қоршаған ортаны қорғауға ықпал етті.
  • 2025 жылы аккредиттелген мамандандырылған зертханалар Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасына сәйкес су объектілерінің жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізді, оның ішінде жерүсті, жерасты және сарқынды сулардың химиялық құрамы мен сапасын айқындау жүзеге асырылды.
  • Есепті кезеңде ЕТҰ-ларда сарқынды сулар төгінділеріндегі ластаушы заттардың шекті жол берілетін концентрацияларының артуының бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ.
  • Барлық өндірістік кәсіпорындарда тұщы суды пайдалануды, нормативтік тұрғыдан тазартылған суды ағызуды, суды тасымалдау кезіндегі шығындарды қысқарту және сарқынды суларды қайта пайдалану жүйелерін енгізу жөніндегі іс-шараларды қамтитын су ресурстарын ұтымды пайдалану жоспарлары орындалды.

Қолжетімді, сенімді, тұрақты және қазіргі заманғы энергияға қол жеткізу

БҰҰ ТДМ міндеттері

  • 7.1 2030 жылға қарай арзан, сенімді және қазіргі заманғы энергетикалық қызметтерге жалпыға бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету
  • 7.2 2030 жылға қарай әлемдік энергетикалық теңгерімдегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесін айтарлықтай ұлғайту.
  • 7.3 2030 жылға қарай энергия тиімділігін арттырудың жаһандық қарқынын екі есеге ұлғайту.
  • 7.A 2030 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерін, энергия тиімділігін және қазбалы отынды пайдаланудың озық және неғұрлым таза технологияларын қоса алғанда, таза энергетика саласындағы зерттеулер мен технологияларға қол жеткізуді жеңілдету үшін халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ инфрақұрылым таза мен энергетикалық энергетикалық экологиялық технологияларға инвестицияларды көтермелеу.

Электр энергиясына өсіп келе жатқан қажеттілікті жабу стратегиясы аясында жаңа қуаттарды, ең алдымен, ЖЭК объектілері мен базалық қажеттілікті жабуға арналған көмір генерациясы есебінен іске қосу көзделеді. Сондай-ақ, сұраныстың тәуліктік ауытқуларын және ЖЭК объектілерінің электр энергиясын біркелкі өндірмеуін өтеу үшін маневрлік газ станцияларын, маневрлік жұмыс режимдері бар гидрогенерациялаушы объектілерді және энергия жинақтау жүйелерін іске қосу жоспарланған.

  • 2025 жыл бойы негізгі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жөніндегі жұмыстар жалғастырылды, бұл СЭ-нің белгіленген қуатын 2024 жылғы 8,0 ГВт-тан 2033 жылға қарай 23,5 ГВт-қа дейін ұлғайтады (2024–2033 жылдарға арналған Даму стратегиясының деректері бойынша).
  • 2025 жылдың қорытындысы бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ электр энергиясын өндіру көлемі 40 436 млн кВт*сағ -қа жетіп, 2024 жылғы көрсеткіштен 1,7%-ға асты.
  • «Самұрық-Энерго» АҚ-ның ЖЭК объектілерінде 2024 жылы электр энергиясын өндіру көлемі 553 млн кВт*сағ -ты құрады, бұл ҚР-дағы ЖЭК өндіретін электр энергиясының жалпы үлесінің 6,4%-ына сәйкес келеді.
  • Сенімділіктің негізгі индикаторы технологиялық бұзушылықтар санының азаюы болып табылады. Жоспарланған іс-шараларды орындау, энергетиктердің жүйелі күнделікті жұмысы және қаражатты дәйекті инвестициялау нәтижесінде олардың санын 2024 жылмен салыстырғанда 7%-ға төмендетуге қол жеткізілді.
  • 2025 жылдың қорытындысы бойынша 67 түрлі іс-шара орындалды (жоспар бойынша – 65), «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында энергия тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды іске асыру 2,7 млрд теңге сомасына (жоспар бойынша – 1,5 млрд теңге) 247 мың астам үнемдеуге мүмкіндік берді.
  • «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында энергия тиімділігін арттыру жөнінде жүргізілген іс-шаралар энергия тұтынуды 9 616 мың ГДж-ға дейін қысқартуды қамтамасыз етті.
  • 2025 жылы Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бағдарламасы өзектендірілді. Бағдарламаны әзірлеу кезінде Компанияның 12 өндірістік еншілес ұйымына (ЕҰ) тексеру жүргізіліп, энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру жөніндегі ұйымдастырушылық, техникалық, нормативтік, кадрлық және басқа да іс-шаралар қалыптастырылды.
  • 2025 жылғы 11 қарашада «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі үздік рационализаторлық ұсыныс» жыл сайынғы конкурсы өтті. Іс-шара еншілес ұйымдардың белсенді қызметкерлерін көтермелеуге, тұрақты инновациялық ортаны қалыптастыруға және практикаға бағдарланған технологиялық шешімдерді өндірістік қызметке енгізуге бағытталған.
  • 2025 жылғы 11 желтоқсанда «Самұрық-Қазына» АҚ алғаш рет технологиялық дамуды қолдауға және портфельдік компаниялардағы инновациялық белсенділікті көтермелеуге бағытталған «Үздік инновациялық компания» конкурсын өткізді. «Үздік инноватор» номинациясында Екібастұз МАЭС-2 қызметкері Дмитрий Мартыненко жеңімпаз атанды.

Cтратегиялық есеп Өнімділік көрсеткіштері Инклюзивті және тұрақты экономикалық өсуге, жұмыспен қамтуға және барлығына лайықты жұмысқа жәрдемдесу

БҰҰ ТДМ міндеттері

  • 8.5. 2030 жылға қарай барлық әйелдер мен ерлер үшін, оның ішінде жастар мен мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін толық және өнімді жұмыспен және лайықты жұмысқа, сондай-ақ тең құндылықтағы еңбек үшін тең ақы төлеуге қол жеткізу.
  • 8.7. Мәжбүрлеу еңбегін жою жөнінде дереу және тиімді шаралар қабылдау, қазіргі заманғы құлдық пен адам саудасына шек қою, сондай ақ бала еңбегінің ең нашар нысандарына тыйым салу мен жоюды, соның ішінде сарбаз балаларды тарту мен пайдалануды қамтамасыз ету және 2025 жылға қарай оның барлық нысандарындағы балалар еңбегіне шек қою.
  • 8.8. Еңбекші-мигранттарды, атап айтқанда көшіп қонушы әйелдерді және тұрақсыз жұмыспен қамтылған адамдарды қоса алғанда, барлық қызметкерлер үшін еңбек құқықтарын қорғауға және қауіпсіз және сенімді еңбек жағдайларын жасауға ықпал ету.
  • Бекітілген «Самұрық-Энерго» АҚ кадрлық саясаты.
  • Кемсітушілікке жол бермеу жөніндегі саясат әрекет етеді
  • Компанияның адам құқықтары саласындағы саясаты жұмыс істейді.
  • Компания қызметкерлерді инклюзивтілік және теңдік мәселелері бойынша оқытады. 2024 жылғы қарашада HR мамандары жұмыс орнында тең мүмкіндіктердің маңыздылығы туралы хабардарлық пен түсінікті арттыру мақсатында «Әртүрлілік, теңдік және инклюзивтілік (DEI)» тақырыбы бойынша оқытудан өтті.
  • «Тәлімгер» жобасы. «Тәлімгер» жобасын іске асыру және «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында Жұмысшы мамандықтар жылын өткізу аясында Қор 5 жетім баланы жұмысқа орналастыруға квота бөлді. Компаниялар тобы белгіленген квотаны сәтті түрде арттырып орындады — 2025 жылы 8 жетім бала жұмысқа орналастырылды.
  • Тұрақты дамуды басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі Жол картасын іске асыру аясында «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді және инклюзивті орта құру бағдарламасын іске асыру жалғастырылды. Бағдарламаның негізгі мақсаттары мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру, жұмыс орындарындағы физикалық және техникалық кедергілерді жою, сондай-ақ әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктерді қамтамасыз ету болып табылады.
  • Еншілес және тәуелді ұйымдарда мүгедектігі бар қызметкерлердің жайлы жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар жасалған автотұрақ орындары жабдықталған, шақыру түймелері бар пандустар, тактильді тақталар орнатылған, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар бейімделген. Мүгедектігі бар азаматтарға басым тәртіппен қызмет көрсету қамтамасыз етіледі, оның ішінде өтініштер мен өтінімдерді онлайн форматта беру мүмкіндігі көзделген.
  • Есепті жылдың қорытындысы бойынша Компания мүгедектігі бар қызметкерлердің тізімдік санын сақтап қалды. Жыл соңында Компанияның компаниялар тобында 213 мүгедектігі бар адам еңбек етеді.
  • Әйелдер мен ерлердің ең төменгі жалақысының арақатынасы 100%-ды құрайды.

Kорпоративтік басқару Қосымшалар Тұрақты инфрақұрылым құру, тұрақты индустрияландыруға және инновацияларды ынталандыруға жәрдемдесу

БҰҰ ТДМ міндеттері

  • 9.1. Экономикалық даму мен адамның әл-ауқатын қолдау үшін өңірлік және трансшекаралық инфрақұрылымды қоса алғанда, сапалы, сенімді, тұрақты және тұрақты инфрақұрылымды дамыту, барлығына қолжетімді және әділ қолжетімділікке ерекше назар аудару.
  • 9.4. 2030 жылға қарай инфрақұрылымды жаңғырту және ету, салаларды тұрақты ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру және таза және экологиялық қауіпсіз технологиялар мен өнеркәсіптік процестерді неғұрлым кеңінен енгізу үшін салаларды жаңғырту, бұл ретте барлық елдер өз мүмкіндіктеріне сәйкес шаралар қабылдайтын болады.
  • 9.5. Ғылыми зерттеулерді жандандыру, өнеркәсіп секторларының технологиялық әлеуетін барлық елдерде, әсіресе дамушы елдерде, оның ішінде 2030 жылға қарай инновациялық қызметті ынталандыру және ҒЗТКЖ саласындағы қызметкерлер санын 1 млн адамға, сондай-ақ ҒЗТКЖ-ға арналған мемлекеттік және жеке шығыстарға есептегенде едәуір ұлғайту жолымен арттыру

Тиімділік жөніндегі стратегиялық мақсатты іске асыру аясында энергия тиімділігін арттыру, энергия үнемдейтін технологиялар мен процестерді енгізу, операциялық тиімділікті жақсарту, сондай-ақ жасанды интеллектіні қоса алғанда, заманауи цифрлық шешімдер мен технологияларды енгізу бойынша жұмыстар жалғасуда.

  • Қатысу өңірлеріндегі әлеуметтік қолдауға арналған шығыстар – 10 млн теңге.
  • Өндірістік активтерді қолдауға жұмсалған шығындар 89 млн теңгені құрады.
  • Инвестициялық жобаларды, оның ішінде ЖЭК объектілерін іске асыруға 449 млн теңге бағытталды.
  • Күрделі салымдар, оның ішінде ЖЭК-ке салынған инвестициялар 229 млн теңгені құрады.
  • «Samruk Úmiti» жобасын іске асыру «Самұрық-Энерго» АҚ қолдауымен Өскемен СЭС-і базасында кәсіптік бағдар беру іс-шарасы өткізілді және Риддер қаласындағы балалар үйінің 4 тәрбиеленушісіне қамқорлық бастамасы көтерілді.
  • «Көміртекті ұстап қалу және сақтау технологиялары (CCS), көмір химиясы өнімдерін алу» жобасы бойынша ҒЗТКЖ іске асырылуда.

Тұтыну мен өндірістің тұрақты модельдерін қамтамасыз ету

БҰҰ ТДМ міндеттері

12.2 2030 жылға қарай табиғи ресурстарды тұрақты басқаруға және тиiмдi пайдалануға қол жеткiзу.

12.5. 2030 жылға қарай қалдықтардың пайда болуын болдырмау, қысқарту, қайта өңдеу және қайта пайдалану есебінен едәуір қысқарту.

12.6. Компанияларға, әсіресе ірі және трансұлттық компанияларға тұрақты практикаларды енгізуді және тұрақты даму туралы ақпаратты өз есептілік цикліне енгізуді ұсыну.

Компанияның жобалары/міндеттері/ПӘК

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобындағы қоршаған ортаны қорғауды басқару жөніндегі корпоративтік стандарт

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының экологиялық қауіпсіздік бағдарламасы

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының экологиялық қауіпсіздік бағдарламасы

2025 жылдың нәтижелері

  • Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін басқару Компанияның барлық деңгейінде корпоративтік басқаруға және қаржылық емес тәуекелдерді басқаруға интеграцияланған экологиялық менеджмент жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Экологиялық төтенше жағдайларға ден қою жөніндегі нұсқаулық бекітілді. Жүйе халықаралық сарапшылардың қатысуымен тұрақты түрде бағаланып, жетілдіріліп отырады.
  • ЕТҰ-дағы қалдықтардың барлық түрлері түгендеу негізінде сәйкестендірілген.
  • «Богатырь-Көмір» ЖШС ішкі үйінділерді пайдалану және өздігінен жанудың алдын алу үшін оқшаулау жүргізу арқылы аршынды жыныстарды көму көлемін қысқартуда.
  • Күл-қож қалдықтары шаң басуды төмендету және рекультивациялау шараларын қолдана отырып көміледі, олардың бір бөлігі құрылыс үшін қайта өңделеді.
  • Радиоактивті қалдықтар түзілмейді. Кәсіпорындарда және санитариялық-қорғау аймақтарында тоқсан сайын радиациялық мониторинг жүргізіледі, рұқсат етілген деңгейден асып кету жағдайлары тіркелген жоқ.
  • Компания жыл сайын Интеграцияланған есептерді дайындайды, онда «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобындағы ресурстарды тұтыну мен өз әсерін 3 жылдық динамикада ашады.
  • Тұрақты даму бойынша есептілікке қойылатын халықаралық талаптарға (GRI) сәйкес қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі ақпаратты жинауға арналған бейімделген нысандар қабылданды.
  • ЕТҰ қауіпті өндірістік қалдықтарды олармен қауіпсіз жұмыс істеу, кәдеге жарату және/немесе залалсыздандыру мақсатында мамандандырылған ұйымдарға береді.

Климаттың өзгеруіне және оның салдарына қарсы күрес жөнінде шұғыл шаралар

БҰҰ ТДМ міндеттері

13.1 Барлық елдерде қауіпті климаттық құбылыстар мен дүлей апаттарға бейімделу қабілеті мен қарсылығын арттыру.

13.3 Климаттың өзгеруі салдарын жұмсарту, бейімдеу, әсерді азайту және ерте алдын алу саласындағы білімді жақсарту, хабардарлықты арттыру, сондай-ақ адами және институционалдық әлеуетті арттыру

Компанияның жобалары/міндеттері/ПӘК

2022–2060 жылдарға арналған энергетикалық көшу бағдарламасы

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның климаттық корпоративтік басқару саясаты

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның климат саласындағы процестерді басқару регламенті

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның климат саласындағы процестерді басқару регламенті

2025 жылдың нәтижелері

СЭ-нің 2024–2033 жылдарға арналған Даму стратегиясында негізгі мақсаттардың бірі ретінде энергетикалық көшу айқындалған. Осы мақсат аясында негізгі әрі ең ауқымды міндет жаңа ЖЭК және СЭС объектілерін салу болып табылады. Генерация түрлері бойынша көлемдерді ұлғайту тұрғысынан белгіленген қуаттың 6,2 ГВт өсімі (40%) тиесілі ЖЭК жобалары ең үлкен үлес қосады. СЭ-де энергетикалық көшу мақсатына қол жеткізу үшін декарбонизациялау және көміртегі ізін азайту жөніндегі жұмыстар жалғасуда.

  • 2060 жылға дейінгі «Самұрық-Энерго» энергетикалық көшу бағдарламасына сәйкес Компания энергия тиімділігін арттыру, төмен көміртекті технологияларды (нарықта қолжетімді) пайдалану, ЖЭК-ті дамыту және офсеттік тетіктерді қолдану арқылы төмен көміртекті даму бойынша мақсаттар қойып, ұзақ мерзімді көзқарасты қалыптастырады. Климаттың өзгеруін шектеу жөніндегі жаһандық трендтердің маңыздылығына және дәстүрлі генерацияға негізделген қызметпен байланысты тәуекелдерге байланысты «Самұрық-Энерго» АҚ 2060 жылға дейінгі кезеңде қоршаған ортаға теріс әсерін барынша азайтуға ұмтылады.
  • 2025 жылғы 28 наурызда «Самұрық-Энерго» АҚ-ның климаттық корпоративтік басқару жөніндегі саясаты бекітілді (Компания Басқармасының № 9 хаттамасы). Аталған құжат климаттық мақсаттарға қол жеткізу үшін басшылықтың жауапкершілігін бекітеді және компанияны басқаруды TCFD ұсынымдарына сәйкестендіреді
  • 2025 жылғы 3 сәуірде «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2060 жылға дейінгі энергетикалық көшу бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» бекітілді (Компания Басқармасының № 10 хаттамасы), онда көміртегі бейтараптығына қол жеткізу үшін энергетикалық көшу бағдарламасында сипатталған бағыттар бойынша қажетті шараларды орындаудың нақты мерзімдері мен жауапкершілігі айқындалған

2025 жылғы 13 қарашада «Самұрық-Энерго» АҚ-ның климат саласындағы процестерді басқару жөніндегі регламенті бекітілді (Компания Басқармасының № 34 хаттамасы), онда климат жөніндегі ортақ мақсаттарды шешу үшін құрылымдық бөлімшелердің өзара іс-қимыл тетігі нақты белгіленген

  • Негізгі өндірістік объектілерде климаттық тәуекелдерге бағалау жүргізілді. Бейімделу шаралары әзірленіп, енгізілді. Климаттық тәуекелдер мен өтпелі кезең тәуекелдерін егжей-тегжейлі айқындайтын және бөліп көрсететін шоғырландырылған тәуекелдер тізілімі әзірленді.
  • Компания Компания көміртегі ізін азайту және климаттың өзгеруіне бейімделу бойынша тәжірибе алмаса отырып, ұлттық және халықаралық климаттық форумдарға белсенді қатысады. «Power Central Asia + China» өңірлік энергетикалық форумында (2025 жылғы маусым) «Самұрық-Энерго» 2060 жылға дейінгі энергетикалық көшу бағдарламасын таныстырды. XVI KAZENERGY Еуразиялық форумы аясында (2025 жылғы қазан) «Самұрық-Энерго» АҚ энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен климаттық міндеттемелерді орындау арасындағы тепе-теңдікке назар аударды. Сондай-ақ декарбонизация құралдарының бірі ретінде ЖЭК-ті дамыту жөніндегі міндеттемелер халықаралық серіктестермен COP30-да (БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясы) талқыланды.

2025 жылғы 25 қарашада McKinsey & Company қатысуымен ESG саласында «Әлемдегі қазіргі энергетикалық жүйеге шолу және әртүрлі сценарийлердегі энергетиканың даму болжамы (Global Energy Perspective 2025)» тақырыбында «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі мен топ-менеджментіне арналған оқыту сессиясы өткізілді.

Генуя университетінің Құзыреттер орталығын құру

ЖЭО-2 мен ЖЭО-3-ті реконструкциялау жобасы, оның ішінде газға көшу және газтурбиналық қондырғылар салу, Қазақстанның энергетикалық инфрақұрылымын жаңғырту үшін стратегиялық маңызды болып табылады. Осы салада жоғары білікті кадрларды даярлау мақсатында АУЭС, «АлЭС» АҚ, ANSALDO және Генуя университеті өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізілді. Нәтижесінде студенттерді халықаралық тағылымдама шеңберінде оқытуға бағытталған бірнеше келісімге қол қойылды, сондай-ақ АУЭС-тегі «Жылу энергетикасы» кафедрасы базасында Генуя университетінің Құзыреттер орталығын құру міндеті қойылды. Бұл халықаралық ынтымақтастық жөніндегі ұзақ мерзімді стратегияның бір бөлігі болып табылады.

Жоба бу-газ қондырғылары бойынша мамандар даярлауға бағытталған, бұл Қазақстанның энергетика секторын дамыту үшін аса маңызды.

CO2-баламаға шаққандағы фторланған парниктік газдар шығарындыларының есебі жүргізілді (тонна)

Фторланған ПГ атауы 2025
Гидрофторкөміртектер (ГФК) 285,740
Перфторкөміртектер (ПФК) 0
Дифторхлорметан (CHClF2)  22,716
Күкірт гексафториді (SF6)  2,585
Азот трифториді (NF3)  0
Тетрафторметан (CF4)  2,168
«Самұрық-Энерго» АҚ бойынша барлығы313,209

Ормандарды тұрақты басқару, шөлейттенуге қарсы күрес, жердің тозуын тоқтату және айналымға түсіру, биологиялық әртүрлілікті жоғалтуды тоқтату

БҰҰ ТДМ міндеттері

15.1 2020 жылға қарай жерүсті және ішкі тұщы су экожүйелерін және олардың қызметтерін, оның ішінде ормандарды, сулы-батпақты алқаптарды, таулар мен құрғақ жерлерді халықаралық келісімдерден туындайтын міндеттемелерге сәйкес сақтауды, қалпына келтіруді және . ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету

15.5 Табиғи мекендеу ортасының тозуын тежеу жөніндегі елеулі шараларды дереу қабылдау, биологиялық әртүрлілікті жоғалтуды тоқтату және 2020 жылға қарай жойылу қаупі төнген түрлердің жойылып кетуін сақтауды және болдырмауды қамтамасыз ету

Компанияның жобалары/міндеттері/ПӘК

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобындағы Қоршаған ортаны қорғауды басқару жөніндегі корпоративтік стандарт

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының экологиялық қауіпсіздік бағдарламасы

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының экологиялық қауіпсіздік бағдарламасы

2025 жылдың нәтижелері

  • Су экожүйелерін қорғау мақсатында жекелеген СЭС-терде гидротурбиналар балық қорғайтын құрылғылармен жабдықталады, ал қараңғы уақытта балықты үркіту үшін су алу орындарын жарықтандыру қолданылады.
  • Құстарды қорғау үшін электр беру желілерін оқшауланған сымдарды орната отырып реконструкциялау жүргізіледі.
  • СЭС-тердің жұмыс режимдері экожүйелерге әсерді азайту мақсатында су шаруашылығы және табиғат қорғау органдарымен келісіледі.
  • Жел электр қондырғыларын жобалау кезінде қоршаған ортаға әсер ескеріледі жарықтық ластану барынша азайтылады, ал жарықтандыру габариттік шамдармен шектеледі.
  • ЕТҰ жыл сайын санитариялық-қорғау аймақтарын көгалдандыру жұмыстарын жүргізеді.
  • Мониторинг деректері бойынша 2025 жылы осал экожүйелерге елеулі әсер тіркелген жоқ.

Әділ, бейбіт және инклюзивті қоғамға жәрдемдесу

БҰҰ ТДМ міндеттері

16.5 Сыбайлас жемқорлық пен парақорлықты олардың барлық нысандарында айтарлықтай қысқарту

16.10. Ұлттық заңнамаға және халықаралық келісімдерге сәйкес жұртшылықтың ақпаратқа ол жеткiзуiн қамтамасыз ету және негiзгi еркiндiктердi қорғау.

16.B Кемсітпеушілік заңдар мен тұрақты даму саясатын ілгерілету және сақтауды қамтамасыз ету

Компанияның жобалары/міндеттері/ПӘК

«Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобында өкілеттіктер шеңберіне, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама және жұмыс мәселелері кіретін Комплаенс офицерлері тағайындалды.

Жыл сайын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізіледі. 

Комплаенс офицерлері контрагенттерді (due diligence), оның ішінде олардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға тартылуын комплаенс-тексеруді жүргізеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Жұмысқа орналасуда, мансаптық өсуде және еңбекақы төлеуде тең мүмкіндіктер бар.

Әдеп стандарттарының сақталуына және кемсітушілікке жол бермеуге үнемі бағалау жүргізіледі

2025 жылдың нәтижелері

Стратегиялық жоспарлау аясында корпоративтік басқаруды жетілдірудің негізгі басым бағыттары мыналар болып қала береді

  • Директорлар кеңесінің, атқарушы органның және олардың комитеттерінің тиімділігін арттыру
  • Компания органдары мен бөлімшелері арасындағы өкілеттіктерді нақты бөлу
  • Корпоративтік қақтығыстар мен мүдделер қақтығыстарын болдырмау
  • Басқарушылық есептілік жүйесін жетілдіру
  • Барлық мүдделі тараптар үшін ақпараттық ашықтық
  • Ішкі бақылау жүйесін жетілдіру
  • Тәуекелдерді басқару процестерін автоматтандыру.

Есепті кезеңде сыбайлас жемқорлық пен парақорлық бойынша расталған жағдайлар тіркелген жоқ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістерді, салықтық декларациялауды және «жедел желінің» жұмыс тәртібін түсіндіру бойынша 290-нан астам оқыту іс-шарасы өткізілді.

«Самұрық-Энерго» АҚ халықаралық стандарттарға сәйкестігін растады және ISO 37301 «Комплаенс-менеджмент жүйесі (Compliance Management System)» сертификатын алды. «Самұрық-Энерго» АҚ Қор компаниялары тобында осы халықаралық стандартқа сәйкес комплаенс-менеджмент жүйесін енгізіп, сертификаттаған алғашқы компаниялардың бірі болды.

Тұрақты даму мақсатында жаһандық серіктестікті нығайту

БҰҰ ТДМ міндеттері

17.16 Барлық елдерде, әсіресе дамушы елдерде тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуді қолдау үшін білімді, тәжірибені, технологияларды және қаржы ресурстарын жұмылдыратын және алмасатын көпжақты серіктестіктермен толықтырылатын тұрақты даму мақсатында жаһандық серіктестікті нығайту.

Компанияның жобалары/міндеттері/ПӘК

Компания мынадай ұлттық және халықаралық ұйымдарға мүше

  • ТМД Электр энергетикалық кеңесі Қазақстан Электр Энергетикалық Қауымдастығы
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
  • «KAZENERGY» қауымдастығына мүшелік
  • «Қазақстанның машина жасаушылар одағы» ЗТБ ECOJER қауымдастығы
  • Дүниежүзілік Энергетикалық Кеңес
  • БҰҰ-ның жаһандық шарты.
  • Қазақстан Республикасы жұмыс берушілерінің «Paryz» ұлттық конфедерациясы

2025 жылдың нәтижелері

  • 2025 жылғы 24 қаңтардан желтоқсанға дейін Компания Басқарма Төрағасы «Қазақстандық электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ директорлар кеңесінің күндізгі отырысына қатысты.
  • 2025 жылғы 6 ақпанда Компания Басқарма Төрағасы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Скляр Р.В. төрағалығымен өткен энергетика және атом саласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңеске қатысты.
  • 2025 жылғы 18 ақпанда Компания Басқарма Төрағасы цифрлық активтерді нормативтік реттеуді жетілдіру жөніндегі жұмыс тобына қатысты.
  • 2025 жылғы 26 ақпанда Компания Басқарма Төрағасы ҚР Энергетика министрлігінің 2024 жылғы қорытындыларды және 2025 жылға арналған міндеттерді талқылауға арналған кеңейтілген алқа отырысына қатысты.
  • 2025 жылғы 9 шілдеде Компания Басқарма Төрағасының ТМД ЭЭС Атқарушы комитетінің төрағасымен жұмыс кездесуі өтті.
  • 2025 жылғы 2 қазанда Компания Басқарма Төрағасы Kazakhstan Energy Week 2025 / Kazenergy Еуразиялық форумы аясында «Орталық Азия энергетикалық инфрақұрылымына инвестициялар» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.
  • 2025 жылғы 5 желтоқсанда Компания Басқарма Төрағасы «Қазақстанның машина жасаушылар одағы» ЗТБ Үйлестіру кеңесінің отырысына қатысты.
  • 2025 жылғы 9 желтоқсанда Компания Басқарма Төрағасы «KAZENERGY» қауымдастығы кеңесінің отырысына қатысты.

Рейтингтердегі позициялар

«Самұрық Энерго» АҚ-ның ұлттық және халықаралық рейтингтердегі позициялары тұрақты даму жүйесінің даму деңгейін, корпоративтік басқару сапасын және қаржылық емес ақпаратты ашудың ашықтығын көрсетеді. Есепті кезеңнің қорытындылары бойынша Компанияның ESG рейтингтеріне, конкурстарға және сыртқы ұйымдардың бағалауларына қатысу нәтижелері төмендегі кестеде ұсынылған.

«Самұрық Энерго» АҚ-ның ұлттық және халықаралық рейтингтердегі позициялары
Рейтингтің атауыАғымдағы позиция 
Sustainable FitchESG рейтингі «3» деңгейінде, жиынтық 57 балл (+5 балл), бұл агенттік шкаласына сәйкес «орташа» деңгейге сәйкес келеді
PWC Kazakhstan компаниясының ESG-ақпаратты ашу рейтингі

A+

  1. Энергетика секторында ESG-ақпаратты ашудың үздік деңгейі — Компанияның саладағы қаржылық емес есептілікке кешенді көзқарасын көрсетеді.
  2. Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін ашудың үздік деңгейі — қызметтің экологиялық аспектілеріне және табиғатқа әсерді азайту тәжірибелеріне басымдық беріледі.
  3. Тұрақты даму стратегиясын ашудың үздік деңгейі — ұзақ мерзімді мақсаттарды, басқару процестерін және ESG басымдықтарының корпоративтік стратегияға интеграциясын ашық көрсету.
  4. Әлеуметтік мәселелерді ашудың үздік деңгейі — әлеуметтік жауапкершілік, персоналмен, қауымдастықтармен және өзге де мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл туралы ақпаратты жүйелі ұсыну.
Қазақстан қор биржасының (KASE) жылдық есептер конкурсы2023 жыл қорытындылары бойынша жылдық есептер конкурсында «Қаржылық емес сектордағы үздік жылдық есеп» номинациясы бойынша 1-орын.
RAEX рейтинг агенттігінің жылдық есептер рейтингі5 жұлдыз, «Жылдық есептің ең жоғары сапасы» мәртебесі.
MarCom Awards 2025Publications | Annual Report | Government санатында алтын мүсінше. 
RAEX ESG-рэнкингі2025 жылдың қорытындылары бойынша ТОП-15 ішінде 13-орын
RAEX ESG-рэнкингі БасқаруТОП-10 ішінде 5-орын RAEX ESG-рэнкингі: Климатқа әсерді басқару
RAEX ESG-рэнкингі: Климатқа әсерді басқару145 өнеркәсіптік компанияның ішінде 8-орын