Қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау
Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелерін басқару
GRI 3-3, 2-25, 403-1, 403-3, 403-8, GRI 12: Coal Sector: 12.14.1, 12.14.2, 12.14.3, 12.14.4, 12.14.9
«Самұрық-Энерго» АҚ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қатаң сақтай отырып және ISO 45001 халықаралық стандартының ұсынымдарын басшылыққа ала отырып, қызметкерлер мен мердігерлер үшін тиісті әрі қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді. Аталған тәсілдерге сәйкестік жүйелі аудиттік тексерулер барысында расталады.
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның ЕҚ және ӨҚ саласындағы басымдықтары
- корпоративтік басқару жүйесін тұрақты жетілдіру арқылы бизнес-процестердің тиімділігін арттыру
- заңнамада және халықаралық стандарттарда белгіленген денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігі саласындағы барлық қолданылатын нормалар мен талаптарды орындау
- қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, сондай-ақ ықтимал қауіптердің алдын алу және оларды жою есебінен қызметкерлер мен барлық мүдделі тараптардың денсаулығы үшін тәуекелдерді төмендету
- жұмыс орындарындағы қауіпсіздікті қолдау мақсатында заманауи жабдықты, инновациялық шешімдер мен қорғаныс құралдарын пайдалану
- қызметкерлермен консультациялар өткізу және олардың денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған процестерге тарту.
ЕҚжӨҚ басқару құрылымы
Компанияда еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызмет барлық басқару деңгейлерінде ұйымдастырылған.
Өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталық аппарат тарапынан да, еншілес ұйымдар (ЕТҰ) тарапынан да жүзеге асырылады. Орталық аппаратта қызмет 8 маманнан тұрады, олардың ішінде 4 маман еңбекті қорғау бағытына, 1 маман өнеркәсіптік қауіпсіздікке, 1 маман өрт қауіпсіздігіне, 1 маман көлік қауіпсіздігіне жауап береді және 1 маман денсаулықты қорғау мәселелеріне жауапты.
ЕТҰ-да бұл функцияларды 90 маман орындайды, оның ішінде 50– еңбекті қорғау, 28 – өнеркәсіптік қауіпсіздік және 12 – өрт қауіпсіздігі бойынша. Қолданыстағы еңбекті қорғау жүйесі ішкі аудиттен өткен 18 358 қызметкерді қамтиды. Бұл ретте қауіпсіздік жөніндегі мамандармен қамтамасыз етілу деңгейі персоналдың жалпы санына қатысты 1:200 құрайды.
Қауіпсіздік мәселелері бойынша үйлестіруші рөл HSE жөніндегі директорға бекітілген, ол Басқарма төрағасына тікелей есеп береді және Компания мен ЕТҰ-дағы еңбекті қорғау жүйесін дамытуға бағытталған іс-шаралардың орындалуын қадағалайды. HSE бөлімшесінің басшысы бұзушылықтардың алдын алуға, инциденттер бойынша шаралар қабылдауға, сондай-ақ тәуекелдерді мониторингтеу мен бағалауға жауап береді. Еншілес ұйымдарда өндірістік қауіпсіздік қызметтері бірінші басшыларға тікелей бағынады, бұл ретте олардың біліктілік құрамы нәтижелілікті арттыру мақсатында жүйелі түрде қайта қаралады.
Қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және жарақаттану деңгейін төмендету мақсатында ай сайын Басқарма төрағасының, бейінді бағыттар басшыларының және еншілес компаниялардың қатысуымен кеңестер ұйымдастырылады. Аталған жұмыс өндірістік қауіпсіздік мәселелеріне басқарушылық назарды арттыруға, атқарушылық тәртіпті қамтамасыз етуге және қабылданған шешімдердің іске асырылуын бақылауға бағытталған.
Есепті кезеңде Басқарма мүшелерінің қатысуымен өндірістік қауіпсіздік бойынша 10 корпоративтік кеңес өткізілді, олардың қорытындысы бойынша 78 хаттамалық тапсырма берілді. Бұдан басқа, жұмыс беруші өкілдері мен еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың қатысуымен 5 комитет отырысы және 52 өндірістік кеңес отырысы өтті. Қор және портфелдік компаниялар деңгейінде HSE комитетінің 3 отырысы, өндірістік қауіпсіздік бойынша 6 форум, «Қауіпсіз өндіріс» өндірістік қауіпсіздік қызметтері басшылары клубының 4 отырысы, сондай-ақ еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі 1 Қазақстандық халықаралық конференция мен көрме өткізілді.
Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеттері қауіпсіздіктің ағымдағы жай-күйін жүйелі түрде қарайды, қабылданған шаралардың тиімділігін бағалайды және көзделген іс-шаралардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Аталған шараларды іске асыру компанияға бақылаудың жоғары деңгейін сақтауға, сондай-ақ еңбекті қорғауды басқару жүйесін одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.
«Самұрық-Энерго» АҚ еңбекті қорғауды, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесі
Еңбекті қорғау саласындағы тәуекелдерді бағалау және қызметтің тиімділігі
Еңбекті қорғауды басқару жүйесі мен тәуекелдерді корпоративтік басқару жүйесінің негізгі қағидаттарының бірі «Тәуекелдерді бағалау» стандартының қолданылуы және Тәуекелдердің шоғырландырылған тізілімін енгізу болып табылады. Стандарт қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына әсер ететін тәуекелдерді айқындау және бағалау тәртібін регламенттейді.
Тәуекелдерді бағалау алгоритмі
- Қауіп көздерін анықтау
- Тәуекелдерді сәйкестендіру және бағалау жөніндегі комиссияның құрамына сарапшыларды іріктеу
- Қауіптілік көздерін және комиссия құрамын бекіту
- Тәуекелдерді сәйкестендіру және бағалау жүргізу
- Жүргізілген тәуекелдерді бағалауды келісу
- Қолайсыз тәуекелдердің рұқсат етілген деңгейлерін төмендету және бақылау жөніндегі шараларды әзірлеу
- Әзірленген шараларды келісу
- Тәуекел паспортын бекіту.
Оқиғалар туралы хабарлау қызметкерлер тарапынан ресми арналар арқылы немесе басшы арқылы жүзеге асырылады. Әрбір оқиға бойынша тергеп-тексеру жүргізіледі, оның қорытындысы бойынша қажетті шаралар қабылданады.
«Самұрық-Энерго» АҚ қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде дамытып, қызметкерлердің тәуекелдерді басқару мәселелері бойынша құзыреттілігін арттыруда. Еңбекті қорғау талаптары мен жұмыс қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы анықталған жағдайда, қызметкерлер жұмысты тоқтатуға құқылы. Сонымен қатар арнайы әзірленген уәждеу бағдарламалары шеңберінде қауіпсіздікті арттыруға бағытталған қызметкерлердің жеке бастамалары қолдау табады. Есепті кезеңде бағдарламаға белсенді қатысқаны үшін 896 қызметкер көтермеленді.
Өндірістік қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау және бұзушылықтарды уақтылы анықтау өндірістік объектілерде жүйелі бақылау-профилактикалық жұмысты жүргізу есебінен қамтамасыз етіледі. Есепті кезеңде еншілес және тәуелді ұйымдарда 16 тексеру, Қор тарапынан 2 тексеру және техникалық инспекторлармен 1800 тексеру жүргізілді. Қосымша ретінде ЕТҰ еңбек қауіпсіздігі қызметтерімен шамамен 50 мың жұмыс орнына шолу жасалып, олардың барысында бұзушылықтар анықталды. Анықталған бұзушылықтардың 90%-дан астамы жойылды, қалғандары бойынша іс-шаралар белгіленген мерзімдерде іске асырылуда. Мемлекеттік органдар тарапынан жүргізілген 36 тексерудің қорытындылары бойынша шамамен 1 мың бұзушылық анықталып, олар бойынша түзету іс-шаралары әзірленді.
Қауіптілікті сәйкестендіру, тәуекелдерді бағалау және оқиғаларды тексеру жөніндегі іс-шаралардың тізбесі
| Көрсеткіш | 2022 | 2023 | 2024 | 2025 |
|---|---|---|---|---|
| Қауіпсіздікті сақтаусыз орындалған жұмыстарды тоқтату саны | 92 | 22 | 52 | 961 |
| Өрттердің алдын алу бойынша өткізілген оқу-жатттығулар саны | 650 | 485 | 512 | 548 |
| Мемлекеттік қызметтерді тарта отырып жүргізілген оқу-жатттығулар саны | 9 | 36 | 56 | 32 |
| Аварияны жою жоспары бойынша оқу дабылдарының саны | 30 | 36 | 64 | 68 |
| ПК басшылығы жүргізген МҚҚА/ҚМҚБ/МҚҚД саны | 3,911 | 2,983 | 2,765 | 3115 |
| Өндірістік қауіпсіздік бойынша жүргізілген ішкі аудиттердің саны | 1,338 | 21,326 | 29,333 | 36468 |
| Ішкі аудит кезінде анықталған сәйкессіздіктер саны | 6,031 | 52,392 | 51,348 | 52134 |
| Мемлекеттік органдардың тексерулер саны | 39 | 32 | 51 | 35 |
| Мемлекеттік органдардың жойылған сәйкессіздіктер саны | 387 | 452 | 247 | 367 |
| Мемлекеттік органдар төлеген айыппұлдар сомасы, млн теңге | 1,55 | 7,07 | 9,97 | 6.84 |
Оқиғаларды тергеу
Жұмыс орнындағы қауіпсіздікті арттыру мақсатында Компания белгіленген тәртіппен барлық оқиғаларды, жазатайым оқиғаларды мен аварияларды тексереді.
Еңбекке қабілеттіліктен айырылумен қатар жүретін жазатайым оқиғалар туындаған кезде мемлекеттік органдар жедел түрде хабарланады. Ауыр зардаптарға, оның ішінде өлім жағдайларына әкеп соққан елеулі инциденттер болған жағдайда еңбек жөніндегі мемлекеттік инспектордың қатысуымен арнайы тергеп-тексеру ұйымдастырылады.
Оқиғалардың себептерін егжей-тегжейлі талдау үшін «Себептер ағашы» және «5 неге» әдістері қолданылады, бұл түпкі себептерді айқындауға және оларды жоюдың неғұрлым тиімді тәсілдерін әзірлеуге мүмкіндік береді. Тергеп-тексеру нәтижелері басшылармен өткізілетін тоқсан сайынғы кеңестерде қаралады, содан кейін ақпараттық есептер нысанында барлық ЕТҰ-ға жеткізіледі.
Компанияда тәуекелдерді бағалауды, қауіптіліктерді анықтауды және түзету шараларын әзірлеуді көздейтін инциденттерді тергеп-тексерудің қатаң стандарттары мен рәсімдері қолданылады. Бұдан басқа, Тәуекелдердің шоғырландырылған тізілімі шеңберінде елеулі салдарға әкелу әлеуеті жоғары төтенше жағдайлар мен авариялар ескеріледі. Көрсетілген шаралардың жиынтығы қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға, қауіптіліктерді жоюға және ықтимал оқиғалардың алдын алу бойынша белсенді жұмыс жүргізуге бағытталған.
Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы негізгі іс-шаралар
- Зиянды әсер ету жағдайында персоналдың жұмыспен қамтылуын мониторингілеу (жұмыс орындарын аттестаттауды және өндірістік бақылауды қоса алғанда)
- Жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етуді бақылау
- Еншілес және тәуелді қоғамдарға (ЕТҰ) әдістемелік және ақпараттық қолдау көрсету
- Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тіркеудің ашық жүйесінің мониторингі
- Қызметкерлердің жеке жауапкершілік жүйесін бақылау (мысалы, қауіпсіздік талондары)
- Қауіпсіздіктің көшбасшылық мінез-құлық аудиттерін жүргізу
- Қауіптілікті сәйкестендіру және тәуекелдердің маңыздылығын бағалау
- Әлеуетті қауіпті оқиғалар туралы хабарламалар үшін қызметкерлерді көтермелеу тетіктерін әзірлеу
- Байырғы (жүйелі) себептерді анықтау үшін жазатайым оқиғаларға ішкі тергеу жүргізу
- Техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар жағдайында симуляциялық жабдықты қолдана отырып, алғашқы көмек көрсету бойынша жыл сайынғы практикалық сабақтарды өткізу
- Жазатайым оқиғаларға әкеп соқпаған ықтимал қауіпті оқиғаларды есепке алу және тексеру
- Компанияның ЕТҰ-да еңбекті қорғау мәселелеріне жетекшілік ететін мамандардың қатысуымен өндірістік объектілерде семинарлар мен кеңестер өткізу
- Еңбекті қорғаудың бірінші басшылары мен мамандарының IOSH, NEBOSH курстарында оқытылуын бақылау
- Компанияның барлық ЕТҰ арасында еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында конкурстар өткізу.
Есепті кезеңде Компания еңбек қауіпсіздігін арттыруға және жаңа жағдайларды ескере отырып, стратегияны жаңаруға бағытталған қызметін жалғастырды.
«Самұрық-Энерго» АҚ-да 2025 жылы - Қауіпсіздік және еңбекті қорғау жылы деп жариялануына байланысты, бұл бағыт Компания деңгейіндегі басым бағыттардың бірі ретінде айқындалды. Белгілінген міндеттерді жүйелі іске асыру үшін келесі бастамаларды көздейтін Нөлдік жарақаттануға қол жеткізу жоспары әзірленді
- Қауіпсіздік мәдениетін дамыту және персоналдың кәсіби құзыреттерін арттыру Компания өндірістік қауіпсіздік мәдениетін нығайту бойынша жүйелі жұмысты жалғастырды, оның ішінде жетекшілер мен қызметкерлерді халықаралық тәжірибеге негізделген оқыту және біліктілігін арттыру, нұсқаулықтарды презентациялық материалдар мен бейнеконтентті қолдану арқылы визуализациялау, сондай-ақ қызметкерлердің білімін жүйелі түрде тексеру. Арнайы назар VR/AR технологияларын енгізуге және жетекші құрамның еңбекті қорғау мәселелеріне жеке қатысуын күшейтуге аударылды. NEBOSH/IOSH бойынша оқыту бағдарламалары жүзеге асырылды және ERG ұйымдарымен үздік тәжірибелермен алмасу ұйымдастырылды.
- Тәуекелдерді басқаруды жетілдіру және оқиғалардың алдын алу Бастамалар аясында мінез-құлық аудитін, қауіпті жағдайларды тіркеу және тергеу (Near Miss), қауіп анықталған жағдайда жұмысты тоқтата алу құқығын қалыптастыру, сондай-ақ Еңбекті қорғау талаптарын орындамау үшін ұжымдық жауапкершілік тетіктерін енгізуді қамтитын проактивті алдын алу жүйесін дамыту қамтамасыз етілді.
- Жабдықтар мен инфрақұрылымды пайдалану қауіпсіздігін арттыру Компания тозған жабдықтарды техникалық қайта жарақтандыру, нарядтық рұқсат беру жүйесін жаңарту, ҚжЕҚ-ты тұрақты тексеру, сондай-ақ мердігер ұйымдар мен көлік қауіпсіздігін бақылауды күшейту бойынша жұмыстарын жалғастырды.
- Апаттарға және төтенше жағдайларға дайындықты нығайту Ұдайы апатқа қарсы және өртке қарсы жаттығулар өткізілді, мердігер ұйымдардың дайындықты бағалау рәсімдері енгізілді, сондай-ақ апаттық-құтқару қызметтерінің тиімділігі жүйелі тексерулер және басшылық персонал тарапынан бақылау арқылы арттырылды.
- ӨҚ саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмысы мен коммуникацияларды дамыту Қызметкерлердің хабардарлығы мен қатысуын арттыруға бағытталған іс-шаралар іске асырылды ӨҚ бойынша корпоративтік науқандар, қызметкерлерді апат оқиғаларының мән-жайымен таныстыру, басшылықтың үндеулерін шығару.
Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша ЕТҰ бөлінісінде нөлдік жету іс-шараларын орындау жоспары жоғары қатысу деңгейі мен жоспарланған шаралардың жүйелі жүзеге асырылуымен сипатталады. Кейбір ұйымдар жоспарын толық орындауды қамтамасыз етті, оның ішінде БЖЭС, МСЭС, SGE, ӨСЭС және Шүлбі СЭС, бұл қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғау мәселелерінің маңызды екенін, алдын алу бойынша жүйелі тәсілді және қауіпсіз жұмыс орнын қалыптастыруға жауапкершілікпен қарауды білдіреді. Жоғары көрсеткіштер АЖК, МАЭС2 және ШСЭС (98%), ЕЖЭО (95%), АлЭС (93%) және МАЭС1 (85%) үшін де қол жеткізілді. Қол жеткізілген көрсеткіштер Топ компанияларының тәуекелдерді төмендету, қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға және нөлдік жарақаттануға қол жеткізуге бағытталған жүйелі жұмысты жүргізіп жатқанын көрсетеді
Жеке жетістік ретінде «Самұрық-Энерго» АҚ-ның еншілес және тәуелді ұйымдарының қызметкерлері арасында өндірістік қауіпсіздік саласындағы конкурстардың өткізілуі болды. Қатысушылардың бағалау ЕҚжӨҚ саласындағы негізгі көрсеткіштер бойынша жүргізілді, соның ішінде еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, мердігерлік ұйымдармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік, қызметкерлердің денсаулығын сақтауды алдын алу және қауіпсіздік мәдениеті. Конкурстарға 8 ЕТҰ мен 25 үміткер қатысты.
Конкурстардың қорытындылары ЕТҰ қызметкерлері арасында жүлделі орындарды Мартыненко Д.Ю. («СЭМАЭС-2» АҚ), Узаков Е.У. («АлЭС» АҚ) және Шестаков В.В. («Шүлбі СЭС» АҚ) иеленді жұмысшы кәсіптері арасында — Абрахманов Н.К. («Екібастұз МАЭС-1» АҚ), Абдикаримов А.К. («АлЭС» АҚ) және Сабденов Г.Ш. («Шардара СЭС» АҚ).
«Самұрық-Энерго» АҚ өндірістік нысандардағы қауіпсіздік деңгейін қолдау және одан әрі арттыру мақсатында ЕҚжӨҚ саласындағы іс-шараларды жүзеге асыруға тұрақты түрде елеулі ресурстар инвестициялайды. 2025 жылы профильді мамандардың еңбек ақысын төлеу шарттары өзектілендірілді, сондай-ақ еңбекті қорғау іс-шараларын қаржыландыру екі есе арттырылды.
2025 жылы денсаулықты қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі іс-шараларға инвестициялар көлемі
| 2022 | 2023 | 2024 | 2025 |
|---|---|---|---|
| 3,789 | 2,995 | 4,648 | 7,393 |
Шығындар құрылымында зертханалық зерттеулер жүргізуге, арнайы киіммен және жеке әрі ұжымдық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуге, сүтпен және өзге де тамақ өнімдерімен жабдықтауға, медициналық тексерулер жүргізуге, сондай-ақ техникалық құрылғыларды енгізу мен жаңғыртуды қоса алғанда, өндірістік жарақаттану тәуекелдерін төмендету жөніндегі іс-шараларды іске асыруға арналған шығыстар елеулі үлесті алады. Есепті кезеңде Компания өндірістік тәуекелдерді төмендетуге, персоналдың қорғалу деңгейін арттыруға және еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында заманауи технологиялық шешімдерді енгізуге бағытталған жобаларды дәйекті түрде іске асырды.
| Жие қолданылатын бейнеаналитика | іске қосу-жөндеу жұмыстары шеңберінде АлЭС-те 1,7 мың камера, УКСЭС-те 320 камера және МАЭС-1-де 260 камера енгізілді |
| Экшн-камералар және бейнежетондар | қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылауды күшейту үшін 1018 бейнетіркеу құрылғысы сатып алынды |
| Электртехникалық персоналға арналған арамидті матадан жасалған костюмдер | 249 жиынтық сатып алынды |
| Медициналық тексерулердің электрондық жүйесі | 71 аппарат орнатылды |
| LOTO қорғаныштық бұғаттау жүйесі | 3965 бұғаттау құралы мен құлып енгізілді |
| Карьерлік автосамосвалдағы «Антисон» жобасы | 86 техника бірлігі қамтылды |
| Персоналды оқытуға арналған VR-көзілдіріктер | 3 жиынтық сатып алынды |
| Жүргізушілердің мінез-құлқын бақылау жүйесі | 32 көлік құралына енгізілді |
| Дулығаға орнатылатын кернеу сигнализаторлары | 409 бірлік сатып алынды |
| Бес нүктелі сақтандыру белдіктері | 1360 бірлік сатып алынды |
Аталған іс-шараларды іске асыру қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға, өндірістік тәртіпті арттыруға, қызмекткерлердің белсенділігін көбейтуге және жарақат алу қауіпін жүйелі түрде төмендетуге ықпал етті.
Өндірістік жарақаттану
GRI 403-2, 403-9, GRI 12: Coal Sector: 12.14.3, 12.14.10
Біз қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өндірістік жарақаттануды барынша азайту үшін барлық қажетті шараларды қабылдаймыз. Мобильді қосымшалар немесе ДК арқылы қолжетімді «Қауіпсіз өндіріс» жүйесінің арқасында қызметкерлер ықтимал қауіптер мен оқиғалар туралы уақтылы хабардар етіледі. 2025 жылы біз жұмыс орындарындағы қауіпсіздікті арттыруда бірқатар маңызды нәтижелерге қол жеткізіп, қызметкерлер үшін еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі белсенді жұмысты жалғастырдық.
Өкінішке қарай, қабылданған шараларға қарамастан, есепті кезеңде Компания объектілерінде қайғылы оқиғалар орын алып, соның салдарынан 3 штаттық қызметкер қаза тапты. Тергеп-тексеру қорытындылары бойынша негізгі себептер ретінде зардап шегушінің жеке және өрескел абайсыздығы, жұмыстарды жүргізуді ұйымдастырудың қанағаттанарлықсыз деңгейі, биіктікте жұмыс істеу және электр қондырғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасының бұзылуы айқындалды.
20.07.2025 ж. «АЖК» АҚ-ның №16И қосалқы станциясында жұмыстарды жүргізу барысында электр жөндеуші Е.Е. Кенжеканов кернеудің әсеріне ұшырап, алған жарақаттарының салдарынан кейіннен қайтыс болды. Зардап шеккенге көмек көрсету кезінде электр жөндеуші Н.Қ. Табылды жарақат алып, медициналық бақылаудан өткеннен кейін еңбекке жарамсыздық парағын рәсімдеместен жұмысын жалғастырды.
Жазатайым оқиғаларды сыныптау Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 186-бабына сәйкес жүзеге асырылады. Оқиға жұмыс уақыты ішінде, еңбек міндеттерін орындау барысында, қызметтік іссапарда, жұмыс орнына немесе жұмыс орнынан жұмыс берушінің көлігімен қатынау кезінде, сондай-ақ жұмыс берушінің мүддесі үшін әрекеттер жасау барысында орын алған жағдайда өндірістік қызметпен байланысты деп танылады. Өндірістік қызметпен байланысы жоқ оқиғаларға қызметкердің қызметтік міндеттерінен тыс жеке әрекеттерімен, алкогольдік немесе өзге де масаң күйімен, қасақана зиян келтіруімен, қылмыстық құқық бұзушылықтарымен немесе өндірістік факторларға қатысы жоқ денсаулықтың кенеттен нашарлауымен байланысты жағдайлар жатады түпкілікті сыныптау комиссиялық тәртіппен қабылданып, белгіленген тәртіпте ресімделеді.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, жүргізілген тергеу нәтижелері бойынша бұл оқиға еңбек қызметімен байланысты емес деп танылды.
Аталған барлық жағдайлар бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді, оның ішінде негізгі қабылданған шаралар ретінде кәсіпорынның барлық персоналын жазатайым оқиғаның себептері мен мән-жайларымен таныстыру, сондай-ақ қауіпсіздік техникасын сақтау бойынша жоспардан тыс нұсқамалар өткізу қарастырылды. Бұл оқиғалар түпкі себептерді анықтауға бағытталған терең талдау жүргізуге және нақты басқарушылық шешімдер қабылдауға негіз болды. Оқиғаға жауап ретінде еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы басқару рәсімдері жетілдіріліп, қауіпсіздік мәдениетін жүйелі дамытуға бағытталған шаралар енгізілді. Қабылданған өзгерістер алдағы кезеңде ұқсас инциденттердің алдын алуға және өндірістік процестердің қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыруға ықпал етеді деп күтілуде.
Сонымен қатар, қауіпсіздік стандарттарын үздіксіз жақсарту бағыты аясында әрбір оқиға бойынша терең тексерулер жүргізілді. Оқиғалардың жағдайларын зерделеу бізге болашақта осындай жағдайлардың алдын алу бағдарланған нақты қорытындылар мен ұсыныстар қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Тергеу барысында ұқсас оқиғалардың қайталануын болдырмауға бағытталған 35 түзету шарасы әзірленді. Бұл шаралар жабдықтың сенімділігін арттыруды, персоналдың біліктілігін жетілдіруді және еңбек процесін ұйымдастыруды оңтайландыруды қамтиды.
Қолданылатын тәсіл бізге оқиғаларға жедел ден қоюға, түзету іс-шараларын енгізуге және тергеп-тексеру нәтижелері негізінде стратегиялық жақсартулар әзірлеуге мүмкіндік береді. Тәуекелдер мен қауіпсіздікті басқаруға осындай кешенді көзқарас Компанияның ұйымның барлық деңгейлерінде жоғары қорғаныс деңгейін сақтау қабілетін күшейтеді.
«Самұрық-Энерго» АҚ персоналы арасындағы өндірістік жарақаттану жиілігі
| Көрсеткіш | 2022 | 2023 | 2024 | 2025 |
|---|---|---|---|---|
| Өлім-жітімге әкелген жазатайым оқиғалардың жалпы саны | 4 | 2 | 3 | 3 А |
| Өлім-жітімге әкелген жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициенті | 0,13 | 0,07 | 0,09 | 0,1 А |
| Зардаптары ауыр дәрежедегі өндірістік жарақаттанудың жалпы саны (өлім-жітім жағдайларын қоспағанда) | 4 | 5 | 10 | 3 А |
| Зардаптары жоғары дәрежедегі өндірістік жарақаттану жиілігінің коэффициенті (өлім жағдайларын қоспағанда) | 0,13 | 0,16 | 0,31 | 0,10 А |
| Тіркелген өндірістік жарақаттардың жалпы саны | 10 | 10 | 32 | 7 А |
| Өндірістік жарақаттану жиілігінің коэффициенті (1 млн жұмыс істеген сағат) | 0,36 | 0,33 | 0,99 | 0,23 А |
Мердігерлік ұйымдар арасындағы өндірістік жарақаттану жиілігі
| Көрсеткіш | 2022 | 2023 | 2024 | 2025 |
|---|---|---|---|---|
| Өлім-жітімге әкелген жазатайым оқиғалардың жалпы саны | 1 | 1 | 1 | 0 А |
| Зардаптары жоғары дәрежедегі өндірістік жарақаттанудың жалпы саны (өлім-жітім жағдайларын қоспағанда) | 2 | 1 | 1 | 2 А |
| Тіркелген өндірістік жарақаттардың жалпы саны | 3 | 2 | 3 | 2 А |
| Жарақат атауы | 2022 | 2023 | 2024 | 2025 |
|---|---|---|---|---|
| Химиялық күйік, термиялық күйік | 1 | 2 | 2 | 1 |
| Соғылу | 2 | 0 | 20 | |
| Травматикалық ампутация | 0 | 0 | 2 | 1 |
| Электр жарақаттары (термиялық күйіктер) | 1 | 1 | 2 | |
| Сынықтар | 1 | 2 | ||
| Кешенді жарақат (сыну, соғылу, ішкі органдардың үзілуі) | 3 | 5 | 3 | 2 |
| Көз жарақаты | 1 | 1 | - | |
| Бас-ми жарақаты, бас миының шайқалуы | 1 | 1 | 3 | 1 |
| Жиыны | 10 | 10 | 32 | 7 |
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары
- Хабардарлықты арттыру және қайталануды болдырмау үшін жазатайым оқиғалардың мән-жайлары мен себептері туралы барлық қызметкерлерді хабардар ету
- Қауіпсіздік туралы білімді өзектендіру мақсатында барлық өндірістік персонал үшін жоспардан тыс нұсқаулықтар жүргізу
- Қызметкерлердің ТПЕ, ҚТЕ, сондай-ақ еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтар бойынша, әсіресе жазатайым оқиға болған бөлімшелерде білімдерін кезектен тыс тұрақты тексеру
- Анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шараларды әзірлей отырып, кәсіпорындардың бірінші басшыларының қатысуымен ұйымдастырылатын ай сайынғы «Қауіпсіздік күндері»
- Нақты іс-қимыл жоспарларын, орындау мерзімдерін әзірлей отырып және жауапты адамдарды тағайындай отырып, қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметтерінің жабдықтарды, ғимараттарды, құрылыстар мен жұмыс орындарын кешенді тексеруі
- Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша нұсқаулықтар мен білімдерді тексеруді қоса алғанда, барлық өндірістік персоналды белгіленген стандарттарға сәйкес оқыту
- Жөндеу науқандары басталар алдында инженерлік-техникалық персоналмен семинарлар мен кеңестер өткізу, бригадаларды жұмыстарды орындауға және қажетті нарядтарды ресімдеуге дұрыс жіберуді практикалық оқытуды қоса алғанда
- Жұмыс процестері мен шарттарын міндетті түрде түзете отырып, бес жылда кемінде бір рет еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын аттестаттаудан өткізу
- Жұмысшылар үшін қауіп төндіретін, өзінің ресурсын тауысқан ескірген жабдықты ауыстыру
- Барлық деңгейлерде қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру үшін қауіпсіздіктің көшбасшылық мінез-құлық аудиттерін жүргізу арқылы жоғары басшылықты белсенді тарту
- Қосымша тренингтерді және қауіптерді сәйкестендіру және тәуекелдерді бағалау мәселелері бойынша оқытуды ескере отырып, жұмыс орындарындағы тәуекелдер картасын/тізілімін тұрақты өзектендіру.
Денсаулық сақтау
GRI 403-6, 403-10, GRI 12: Coal Sector: 12.14.7, 12.14.11
«Самұқ-Энерго» АҚ кәсіпорындарында кәсіптік аурулардың дамуына ықпал етуі мүмкін негізгі факторлар ретінде шаң, шу және діріл әсерлері қарастырылады. Бұл факторлардың параметрлері жұмыс орындарында тұрақты өлшеуге және жүйелі бақылауға жатады.
2025 жылы Компанияда өндірістік қызметпен байланысты ауру жағдайлары тіркелмеген.
Есепті кезеңде әлеуетті зиянды және қауіпті еңбек жағдайларын анықтау үшін зертханалық зерттеулер мен жұмыс орындарының аттестаттау жүргізілді. Қосымша ретінде, жұмыс орындарында тұрақты өндірістік бақылау жүзеге асырылды.
Компанияның ЕТҰ-да штаттық медициналық персоналдың саны 48 адамды құрайды. Бұдан басқа, медициналық қызметкерлер келісімшарт негізде де тартылады. Жыл сайын ЕТҰ мен Корпоративтік орталық тендерлік рәсімдердің қорытындылары бойынша жұмысшыларды еңбек қызметі барысында туындаған жазатайым оқиғалардан сақтандыруға шарттар жасайды.
Персоналдың денсаулығын қорғау және аурулардың профилактикасы жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға арналған шығыстар заңнама талаптарына сәйкес жыл сайын Компанияның даму жоспарында бекітіледі.
| Көрсеткіш | 2022 | 2023 | 2024 | 2025 |
|---|---|---|---|---|
| Еңбек қызметімен байланысты емес және өлімге әкеп соқпаған жұмыс орнындағы денсаулықтың нашарлауы жағдайларының саны | 18 | 10 | 4 | 4 |
| Денсаулықтың нашарлауы себебінен еңбек қызметіне байланысты емес өлім-жітім оқиғаларының саны | 1 | 7 | 3 | 3 |
| «Д» есепте тұрған қызметкерлердің саны | 2 060 | 858 | 738 | 1248 |
| Тіркелген кәсіптік аурулардың саны | 0 | 0 | 0 | 0 |
| Міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарауға жататын қызметкерлердің саны | 14 679 | 15 077 | 16 556 | 17291 |
| ҚР заңнамасына сәйкес мерзімдік медициналық тексеруден өткен қызметкерлердің саны | 13 877 | 14 878 | 15 228 | 16239 |
Қызметкерлердің денсаулық жағдайын бақылаудың негізгі элементі тұрақты медициналық тексерулер болып табылады.
2025 жылы 16 239 қызметкер міндетті мерзімдік медициналық тексеруден өтті. Осы тексерулердің нәтижелері бойынша созылмалы аурулары бар қызметкерлерге уақтылы емдеу және оңалту қамтамасыз етіледі. Еңбек жағдайлары бойынша шектеулері бар қызметкерлер үшін тиісті ұсынымдар көзделеді және қажетті шектеулер белгіленеді.
Зиянды еңбек жағдайларындағы жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін сүт немесе оның баламалары түріндегі күшейтілген тамақтану, сондай-ақ корпоративтік сауықтыру бағдарламасы шеңберінде санаторийлік-курорттық емдеу көзделген. Медициналық тексерулердің қорытындылары бойынша сауықтыру іс-шараларының жеке жоспары қалыптастырылады
- созылмалы аурулары бар қызметкерлерді уақтылы емдеу және оңалту үшін диспансерлік бақылау
- дәрігерлік комиссияның ұсынымы бойынша созылмалы аурулары бар қызметкерлерді санаторийлік-курорттық емдеу
- кәсіби жарамдылығы жоқ қызметкерлерді қайта тексеру, содан кейін еңбек жағдайларына шектеулер енгізу.
Бұдан басқа, қауіптілігі жоғары жұмыстарда істейтін барлық қызметкерлер ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі медициналық тексерулерден өтеді. Қызметкерлердің денсаулығын сақтауға және өндірістік қызметтің олардың денсаулығына теріс әсерінің алдын алуға бағытталған шаралар тұрақты негізде іске асырылады.
Денсаулықты қорғау стандарттарын одан әрі арттыру мақсатында 2026 жылы денсаулықтың кенеттен нашарлауы салдарынан болған және еңбек қызметімен байланысты емес өлім жағдайларының санын азайтуға бағытталған бастамалар кешені жоспарланған
- денсаулықты қорғау және еңбек гигиенасы жөніндегі мамандар үшін ПК арасында үздік тәжірибелермен алмасуды көздейтін мастер-класс өткізу
- барлық деңгейдегі қызметкерлердің мерзімдік медициналық тексерулерден 100% өтуін қамтамасыз ету
- стресс-менеджмент, тамақтану, менталдық және физикалық денсаулық мәселелері жөніндегі іс-шараларды қамтитын жыл сайынғы «Әл-ауқат апталығын» ұйымдастыру
- жүрек-қан тамырлары аурулары тәуекелінің факторларын ерте диагностикалау мақсатында медициналық скринингке бақылауды күшейту
- микрожарақаттарды есепке алу және тергеп-тексеру алгоритмін енгізу, сондай-ақ аталған жағдайларды тіркеу және тергеп-тексеру арқылы медициналық қобдишалар ішіндегілерді пайдалану фактілерін тіркеу.
Өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету
«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобына кіретін барлық кәсіпорындар негізгі өрт сөндіру құралдарымен, оның ішінде тасымалды және жылжымалы өрт сөндіргіштермен, сондай-ақ өртке қарсы сумен жабдықтауға арналған жабдықпен, соның ішінде өрт крандарымен жабдықталған. Бұдан басқа, кәсіпорындарда ұнтақ құрамымен (кұммен) толтырылған жәшіктер және кошма, киіз және басқа да отқа төзімді материалдар бар.
2025 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ кәсіпорындарында айтарлықтай өртену жағдайлары тіркелген жоқ.
Өрт сөндіру құралдарының барлық кәсіпорындарда болуы және жарамды күйде сақталуы «Самұрық-Энерго» АҚ өкілдері, мемлекеттік бақылау органдары және еңбекті қорғау жөніндегі мамандар жүргізетін жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер шеңберінде бақыланады.
Біз өз қызметкерлерімізді даярлауға белсенді түрде инвестиция салып, өрттер мен тұтанулардың алдын алу бойынша тренингтер мен оқу-жаттығулар ұйымдастырамыз. 2025 жылы осы бағытта ішкі құрылымдар 274 оқу-жаттығу өткізді. Бұдан басқа, мемлекеттік өртке қарсы қызметтермен бірлесіп 8 оқу-жаттығу ұйымдастырылды.
Жеткізушілермен және мердігерлермен өзара әрекеттесу
GRI 403-8, GRI 12: Coal Sector: 12.14.9
Біз мердігер ұйымдарды еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік процестеріне тартуға, сондай-ақ оларды ЕҚжӨҚ басқару жүйесіне ықпалдастыруға ерекше мән береміз, бұл өндірістік қызметтің барлық кезеңдерінде қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін қажет.
Осы бағыттағы негізгі құжат «Кәсіпорын аумағында мердігер ұйымдардың жұмыстарын ұйымдастыру туралы ереже» болып табылады, онда еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқару жүйелері бөлігінде мердігер ұйымдарға қойылатын негізгі талаптар айқындалған.
Осы құжаттың ережелерін орындау мақсатында әлеуетті де, қолданыстағы мердігерлер үшін де қауіпсіздік және еңбекті қорғау аудиті жүргізіледі. Мұндай жұмыс оқиғалар мен жазатайым оқиғалардың себептерін анықтауға, сондай-ақ жұмыс орындарының ұйымдастырылуын бағалауға бағытталған.
Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқару жүйесі «Самұрық-Энерго» АҚ кәсіпорындарында жұмыс істейтін мердігер ұйымдар персоналының 100%-ына қолданылады. Жеткізушілер мен мердігерлерге қатысты Компания өнеркәсіптік қауіпсіздік стандарттарын сақтауды және қызметкерлердің құқықтарын құрметтеуді көздейтін нақты талаптар мен шарттарды белгілейді, бұл барлық объектілерде қауіпсіздіктің жоғары деңгейін сақтауға мүмкіндік береді.
Барлық мердігерлер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау қағидаларын бұзғаны үшін айыппұл санкциялары жүйесі қолданылады. Ынтымақтастықты тоқтатуды қоса алғанда, мұндай айыппұлдардың тізбесі мердігер ұйымдармен жасалған шарттарда егжей-тегжейлі бекітілген.
Есепті кезеңде мердігер ұйымдар қызметінің өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарына сәйкестігіне 1089 ішкі аудит жүргізілді. Аудиттердің қорытындысы бойынша 3015 бұзушылық анықталды, бұл жұмыстарды орындаудың барлық кезеңдерінде қауіпсіздіктің жоғары деңгейін сақтау үшін тұрақты бақылау мен аудиттің маңыздылығын растайды.
Персоналды оқыту және біліктілігін арттыру
GRI 403-4, 403-5, GRI 12: Coal Sector: 12.14.5, 12.14.6
Персоналдың еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік саласындағы құзыреттерін арттыру біздің жұмысымыздың басым бағыттарының бірі болып табылады. Еңбекті қорғау бойынша оқыту атқаратын лауазымына қарамастан барлық қызметкерлер үшін қолжетімді. Білім беру бағдарламалары заңнама талаптарын ескере отырып қалыптастырылады және нақты мамандықтарға бейімделеді, бұл ретте оқытудың топтық та, жеке де форматтары көзделеді.
Қызметтің барлық деңгейлерінде қауіпсіздіктің жоғары стандарттарын сақтаудың міндетті шарты барлық өндірістік персоналдың еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша оқытудан өтуі болып табылады.
Оқыту мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады
- Қауіпсіздіктің мінез-құлық аудиттері
- Еңбекті қорғау
- Өрт қауіпсіздігі
- Алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету
- Қауіпсіз жүргізу
- Биіктікте жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік негіздері
- Еңбек қауіпсіздігі мәдениеті
- Басқа да кәсіби бағдарламалар.
қызметкері еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік саласы бойынша оқытудан өтті.
Барлық қызметкерлер міндетті түрде өз кәсібі және сабақтас мамандықтары шеңберінде ҚжЕҚ (қауіпсіздік және еңбекті қорғау) бағдарламасы бойынша оқытудан өтеді. Оқыту аяқталғаннан кейін кәсіпорынның оқу орталықтары қызметкерлерге сертификаттар береді.
Персоналдың еңбекті қорғау және қауіпсіздік мәселелері бойынша хабардарлығын арттыруға ерекше назар аударылады. Бұл үшін мамандандырылған нұсқамалар, ақпараттық стендтер, өндірістік кеңестер, қауіпсіздік жадынамалары мен бұйрықтар пайдаланылады. Қауіпті факторлар мен ықтимал жағдайлар туралы мәліметтер «Қауіпсіз өндіріс» автоматтандырылған жүйесі арқылы жеткізіледі, бұл қызметкерлерді жедел хабардар етуге және жұмыс орындарында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
| Оқыту | 2022 | 2023 | 2024 | 2025 |
|---|---|---|---|---|
| ҚР заңнамасының талаптары шеңберінде өндірістік қауіпсіздік саласында оқытылған қызметкерлердің саны | 22 344 | 12 449 | 23874 | 33763 |
|
7 523 | 1 825 | 4058 | 5835 |
|
12 291 | 5 459 | 5232 | 12071 |
|
4 535 | 3 458 | 9 664 | 5932 |
|
4 237 | 1 904 | 4920 | 9925 |
| ҚР заңнамасының талаптарынан тыс өндірістік қауіпсіздік саласында оқытылған қызметкерлердің саны | 236 | 1 444 | 12350 | 10 516 |
|
82 | 102 | 12350 | 12071 |
|
0 | 0 | 0 | 0 |
|
0 | 0 | 0 | 0 |
|
294 | 316 | 0 | 0 |
| Жұмыс орнында зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету бойынша оқытылған қызметкерлердің (парамедик) саны | 73 | 213 | 410 | 1522 |
| NEBOSH бағдарламасы бойынша оқытылған қызметкерлердің саны | 7 | 13 | 15 | 12 |
| IOSH бағдарламасы бойынша оқытылған қызметкерлердің саны | 4 | 102 | 55 | 47 |
| «Қорғайтын жүргізу» курсы бойынша оқытылған қызметкерлердің саны | 25 | 11 | 117 | 48 |
| Курс атауы | АЖК | АЛЭС | МАЭС-1 | МАЭС-2 | МСЭС | ШСЭС | БЖЭС | БК | SGE | ЭЖЭО | Өскемен СЭС | ШүлбіСЭС | |
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| «NEBOSH» курсы | 2 | 2 | 0 | 1 | 2 | 3 | 5 | 1 | 0 | 1 | 1 | ||
| «IOSH Managing Safely» курсы | 10 | 19 | 5 | 3 | 4 | 2 | 4 | 10 | 0 | 0 | 0 | - | |
| «Defensing Driving» (OPITO/ROSPA) курсы | - | 26 | 0 | 10 | - | 1 | 114 | 0 | 6 | 9 | - | ||
| «Қауіпсіздік бойынша мінез-құлық аудиттері» курсы | 58 | - | 15 | 0 | - | 11 | 250 | 9 | 15 | 7 | 1 | ||
| «Биіктікте жұмыс іздеу кезіндегі қауіпсіздік негіздері» курсы | 880 | 689 | 35 | 348 | - | 47 | 0 | 454 | 9 | 15 | 5 | 2 | |
| «Машиналармен және жабдықтармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік негіздері» курсы | 334 | 180 | 0 | - | - | 0 | 452 | 9 | 15 | 2 | 1 | ||
| «Энергия көздерін оқшаулау» курсы | - | - | 0 | - | - | 0 | 92 | 9 | 15 | 3 | 1 | ||
| «Стресті басқару және психоэмоциялық жағдайы жақсарту» курсы | 49 | - | 45 | - | - | 0 | 0 | 9 | 0 | 0 | 0 | ||
| «Кәсіби тәуекелдерді басқару» курсы | - | - | 15 | - | - | 27 | 366 | 9 | 15 | 3 | 1 | ||
| «Электр қауіпсіздігі негіздері курсы » | - | 55 | 0 | - | - | 0 | 455 | 9 | 15 | 0 | 0 | ||
| «Тұйық кеңістікте жұмыс істеу кезіндегі қаіупсіздік негіздері» курсы | - | - | 0 | - | - | 8 | 356 | 9 | 15 | 2 | 1 | ||
| «Отты жұмыстарды жүргізу кезіндегі қауіпсіздік негіздері» курсы | - | 69 | 0 | - | - | 0 | 477 | 9 | 15 | 2 | 1 | ||
| «Жер жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік негіздері» курсы | - | 111 | 0 | - | - | 8 | 498 | 9 | 15 | 3 | 1 | ||
| «Қол кауіпсіздігі» курсы | - | 180 | 0 | - | - | 0 | 107 | 9 | 15 | 2 | - | ||
| «Химиялық және басқа да қауіпті заттармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік негіздері» курсы | - | - | 0 | - | - | 0 | 355 | 9 | 15 | 2 | 1 | ||
| «Сатыларды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік негіздері» курсы | - | 180 | 0 | - | - | 0 | 351 | 9 | 15 | 2 | 1 | ||
| «Жұмыс орнын эргономика негіздері» курсы | - | - | 0 | - | - | 0 | 141 | 9 | 15 | 2 | 1 | ||
| «Жұмыс орнындағы гигиена және өндірістік санитария негіздері» курсы | - | 180 | 0 | - | - | 0 | 488 | 9 | 15 | 2 | 1 | ||
| «Алғашқы медициналық көмек. Дефибрилляторды пайдалану» курсы | 20 | 100 | 15 | - | - | 9 | 352 | 9 | 15 | 147 | 3 | ||
| «Оқиғаларды тергеп-тексеру» курсы | 10 | 180 | 0 | - | - | 0 | 477 | 9 | 15 | 3 | 1 | ||
| «Кеңсе қызметкерлері мен қызмет көрсетуші ұйымдар үшін жарақаттанудың алдын алу» курсы | - | - | 0 | - | - | 0 | 274 | 9 | 15 | 2 | 1 | ||
| «Технологиялық процестер қауіпсіздігін басқару» курсы (OSHA Occupational Safety and Health Administration халықаралық сертификатын алу құқығымен) | - | - | 0 | - | - | 0 | 0 | 0 | 0 | - | - | ||
| «Адам және ұйым қызметтінің аспектерлері» курсы (The Human and Organisational Performance (HOP) Fundamentals Course) | - | - | 0 | - | - | 0 | 0 | 0 | 0 | - | - |
2026 жылға және орта мерзімді перспективаға арналған жоспарлар
2026 жылы еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызмет тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды іске асыру жалғасады, бұл ретте корпоративтік менеджмент жүйесін және оның процестерін дәйекті жетілдіруге басымдық беріледі. Басым бағыттардың қатарына мыналар жатады
- Компаниялар тобы бойынша нөлдік жарақаттануға қол жеткізу жөніндегі Іс-шаралар жоспарын іске асыру
- Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне қолжетімділікті жеңілдету мақсатында өндірістік қауіпсіздік бойынша ЖИ ассистенті чат-ботын енгізу
- Әрбір жұмыскер үшін электрондық HSE паспорттарын енгізу және оларды кейіннен корпоративтік цифрлық жүйеге интеграциялау
- Қауіпті техникалық құрылғыларды цифрлық таңбалау жүйесін енгізу және жедел ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін QR-код тағайындау
- Өндірістік персоналды «Қауіпсіз еңбек мәдениеті» курсы және ҚжӨҚ саласындағы халықаралық стандарттар бойынша оқытуды жалғастыру
- Қауіпсіздік бойынша көшбасшылық мінез-құлық аудиттерін өткізу арқылы бірінші басшылардың ҚжӨҚ мәселелеріне тартылуын арттыру
- Қауіпсіздікті басқару процестеріне цифрлық шешімдерді дамыту және енгізу, оның ішінде HS процестерін цифрландыру
- Жұмыстарды орындаудың барлық кезеңінде үздіксіз бейнетүсірілім жүргізу, сондай-ақ бақылауды күшейту және тәуекелдердің алдын алу мақсатында «Бейнеаналитика» жасанды интеллект жобасын жалғастыру
- Тәуекелдер деңгейіне қарай өндірістік аумақтарды шартты аймақтарға бөлу жүйесін дамыту
- Дағдарыстық жағдайларға жедел ден қоюды қамтамасыз ету мақсатында «Crisis Management System» (Дағдарыстық жағдайларды басқару жүйесі) рәсімін енгізу
- Қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін камералармен жабдықталған каскалар мен бейнежетондардың және ЭСМО аппараттарының санын ұлғайту
- Білікті мамандарды тарта отырып, ЕТҰ жұмыскерлері үшін психологиялық тренингтер өткізу
- Қауіпсіздік және денсаулық мәселелерінің өзекті аспектілерін талқылау мақсатында құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен және мердігер ұйымдармен кездесулер/семинарлар/форумдар өткізу.