Негізгі мазмұнға өту
Samruk Energy
KZ

Адам капиталына 
инвестициялар

Адам капиталын басқару тәсілі

GRI 3 3, GRI 12: Coal Sector: 12.15.1, 12.19.1

2025 жылы «Самұрық Энерго» АҚ қызметкерлер алдындағы міндеттемелерін дәйекті түрде орындап, адам капиталын жауапты басқару практикасын дамытуды жалғастырды. Компанияның тәсілі қауіпсіз және жайлы еңбек жағдайларын жасауға, қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге, кәсіби даму үшін тең мүмкіндіктер ұсынуға және қолайлы жұмыс ортасын қалыптастыруға бағытталған.

Адам капиталын басқару тәжірибелері БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес келеді, оның ішінде өмір сапасы мен әл-ауқатты арттыру, өмір бойы инклюзивті және сапалы білім беруді қамтамасыз ету, гендерлік теңдікті ілгерілету және лайықты еңбек жағдайларын қалыптастыру.

Есепті жылы персоналды проактивті жоспарлауға, қызметкерлерді оқыту мен дамытуға, мұрагерлік жүйесін және таланттарды басқаруды дамытуға, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге, корпоративтік мәдениетті дамытуға, еңбекақы төлеудің әділ жүйесін қалыптастыруға және еңбек қатынастарын дамытуға бағытталған кешенді кадрлық саясат іске асырылды.

2025 жылы Қордың әлеуметтік саясат жөніндегі корпоративтік стандарты бекітіліп, оны енгізу нәтижелері бойынша fit gap талдауы жүргізілді және бейінді бөлімшелердің лауазымдық нұсқаулықтарына өзгерістер енгізілді.

Кадрлық саясаттар мен регламенттердің өзектілігі тұрақты негізде қамтамасыз етіледі. 2023 жылы бекітілген кадрлық саясат қызметкерлердің құзыреттерін дамытуға және стратегиялық бастамаларды іске асыруға бағдарланған. Оны іске асыру тиімділігі халықаралық компаниялардың бенчмарктері ескеріле отырып, негізгі көрсеткіштер негізінде бағаланады.

Персоналды басқару мәселелері бойынша жауапкершілік Компанияның әртүрлі басқару органдары арасында олардың құзыреттеріне сәйкес бөлінген.

Персоналды басқару мәселелері бойынша жауапкершілікті бөлу

Басқару органы/ құрылымдық бөлімше

Жауапкершілік аймағы

Жалғыз акционер

Компания Басқармасының Төрағасын тағайындау және мерзімінен бұрын тоқтату.

Директорлар кеңесі

  • Компанияның ұйымдық құрылымын, штат санын және HR-саясатын бекіту.
  • Басқарманың (Төрағадан басқа) құрамын, өкілеттік мерзімін, еңбекақы төлеу және сыйлықақы беру шарттарын айқындау, сондай-ақ оның қызметін бағалау.
  • Кеңеске есеп беретін қызметкерлерді (ішкі аудит, комплаенс, корпоративтік хатшы, омбудсмен) тағайындау және олардың өкілеттіктерін тоқтату, оларға еңбекақы төлеу шарттарын айқындау.
  • Атқарушы органның немесе оның жекелеген мүшелерінің өкілеттіктерін қалыптасты ру және тоқтату.
  • Атқарушы орган басшылығының еңбегіне ақы төлеу және сыйлықақы беру шартта рын белгілеу, олардың тиімділігін бағалау.

Директорлар кеңесінің Тағайындау және сыйақы комитеті

  • Директорлар кеңесіне Компанияның ішкі құжаттарына сәйкес тәуелсіз директорлар ды, Директорлар кеңесінің, Басқарма мүшелерін, Корпоративтік хатшыны, сондай-ақ өзге де қызметкерлерді тағайындау және сыйақы беру мәселелері бойынша ұсы нымдар дайындау.
  • Компанияның Таланттар пулымен кездесулер өткізу.
  • Персоналды басқару саласындағы басымдықтар мен негізгі құжаттарды алдын ала қарау.
  • Адами капиталды дамытуға байланысты мәселелерді алдын ала қарау.

Директорлар кеңесінің Аудит комитеті

  • Ішкі аудит қызметі мен «Комплаенс» қызметінің басшысы мен қызметкерлеріне сый ақы саясаты мен құрылымы бойынша ұсынымдар беру.
  • Ішкі аудит қы зметінің және «Комплаенс» қызметінің басшысы және/немесе қызметкерлері лауа зымдарына кандидаттар үшін біліктілік талаптарын қарау және әзірлеу.
  • Ішкі аудит қызметі мен «Комплаенс» қызметінің басшысы мен қызметкерлері лауа зымдарына кандидаттар бойынша ұсынымдар беру.

Басқарма

  • Компанияның штат кестесiн бекiту (Директорлар кеңесi жасайтын жағдайлардан басқа).
  • Қызметкерлерге (Басқарма, ІАҚ, Комплаенс-қызмет және Корпоративтік хатшы мү шелерін қоспағанда) еңбекақы төлеу қағидаларын, лауазымдық жалақылар мен сый лықақы беру схемасын бекіту.
  • Компанияға акциялардың ≥10% -ы тиесілі аффилиирленген АҚ атқарушы органда рының құрамын, өкілеттік мерзімін, тағайындауын және басшылығының мерзімінен бұрын тоқтатылуын айқындау.
  • Мұндай басшыларға еңбекақы төлеу, сыйлықақы беру шарттарын белгілеу және олар дың тиімділігін бағалау.
  • Компания қызметін реттейтін ішкі құжаттарды бекіту (Жалғыз акционер немесе Дирек торлар кеңесі бекітетіндерді қоспағанда).

Омбудсмен

  • Компания қызметкерлерінің құқықтарына байланысты шағымдар мен өтініштерді қа былдау.
  • Еңбек дауларын, жанжалдарды, әлеуметтік-еңбек сипатындағы проблемалық мәсе лелерді шешуге, сондай-ақ Компания қызметкерлерінің іскерлік этика қағидаттарын сақтауына жәрдемдесу.
  • Дағдарыстық жағдайларды уақтылы анықтау және бағалау.
  • Қызметкерлер мен жұмыс беруші арасындағы тартылу деңгейі мен сенім деңгейін арттыру.

«Адам Ресурстарын Басқару» департаменті

  • Кадр саясатын әзірлеу және іске асыру.
  • Әлеуметтік саясатты әзірлеу және іске асыру.

Тұрақты даму жүйесі аясында әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға, БҰҰ-ның Жаһандық шарты қағидаттарын сақтауға, адам капиталына инвестиция жасауға және қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған Бастамалар жоспары көрсеткіштерінің мониторингі жүзеге асырылады. Кемсітушілікті болдырмауға, адам құқықтарын қорғауға, тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге және гендерлік теңдік қағидаттарын ілгерілетуге, оның ішінде кадрлық резервте және басшылық лауазымдардағы әйелдердің үлесін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді.

Адам құқықтарын сақтау

GRI 2 24, 3 3, 408 1, 409 1, GRI 12: Coal Sector

«Самұрық Энерго» АҚ халықаралық деңгейде мойындалған адам құқықтарын мойындайды және құрметтейді, сондай-ақ тиісті қағидаттарды адам капиталын басқарудың барлық процестеріне енгізеді. Компанияның тәсілі Қазақстан Республикасының заңнамасына, БҰҰ-ның бизнес және адам құқықтары жөніндегі басшылық қағидаттарына және ішкі корпоративтік саясаттарға негізделген.

Адам құқықтары саласындағы рөлдер мен жауапкершіліктерді бөлу корпоративтік басқару жүйесінде бекітілген. Директорлар кеңесі және оның комитеттері стратегиялық қадағалауды жүзеге асырады, Басқарма қағидаттарды бизнес-процестерге енгізуді қамтамасыз етеді, бейінді бөлімшелер (HR, сатып алу, комплаенс, еңбекті қорғау) тиісті шараларды іске асырады және бақылайды. Омбудсмен институты қызметкерлердің өтініштерін қарауды және еңбек дауларын шешуге жәрдемдесуді қамтамасыз етеді.

Адам құқықтарын басқарудың басым аспектілері балалар және мәжбүрлі еңбектің жол бермеу, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау, әділ еңбекақы төлеу мен жұмыс уақыты нормаларын қамтамасыз ету, бірлестіктер бостандығын құрметтеу және кемсітушілікті болдырмау болып табылады.

2025 жылы адам құқықтарының бұзылуының расталған жағдайлары тіркелген жоқ.

Бұзушылықтар туралы хабарлау үшін «жедел желі» және басқа да кері байланыс арналары жұмыс істейді. Барлық өтініштер белгіленген тәртіппен талданады, ал ақпарат басқару органдарына жеткізіледі.

Тартымды еңбек жағдайларын жасау

GRI 2-7, 2-8, 405-1, GRI 12: Coal Sector: 12.15.2, 12.19.6

2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қызметкерлердің тізімдік саны

19 301

адамды құрады

Орташа еңбек өтілі

17

жыл

Қызметкерлердің орташа жасы

41

жыл

Персонал санының динамикасы, адам

Көрсеткіш

2023

2024

2025

Персоналдың тізімдік саны

17 892

18 907

19 301 A

Қызметкерлердің орташа тізімдік саны

17 639

18 731

19 090

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның, оның ішінде бірлескен және тәуелді ұйымдарды қоса алғанда, 2025 жылдың соңындағы қызметкерлердің тізімдік саны, азаматтық-құқықтық шарттар бойынша қызметкерлерді қоспағанда, 19 301 адамды құрады. 2024 жылмен салыстырғанда қызметкерлердің тізімдік санының өсуі Жылдық есептің периметріне жаңадан құрылған «Семей Энерго» ЖШС және «Өскемен Энерго» ЖШС-нің енгізілуімен, сондай-ақ өндірістік қызмет көлемдерінің өзгеруіне және тарифтік сметаның қайта қаралуына байланысты «Екібастұз МАЭС-1» АҚ басшылығын қоса алғанда, жекелеген еншілес және тәуелді ұйымдардағы штат санының ұлғаюымен байланысты.

Жасанды интеллектіні қоса алғанда, заманауи цифрлық шешімдерді табысты енгізу, Компанияның ІТ-жобаларын іске асыруды тиісінше басқару мен бақылауды қамтамасыз ету, сондай-ақ активтерді басқару құрылымын оңтайландыру мақсатында «Самұрық-Энерго» АҚ Корпоративтік орталығының штат саны 3 бірлікке ұлғайтылды. 2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Корпоративтік орталық қызметкерлерінің бекітілген штат саны 177 бірлікті құрады. 2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Компанияның штаттан тыс қызметкерлерінің саны туралы ақпарат 2023–2025 жылдарға арналған Негізгі көрсеткіштерде ұсынылған.

Персоналды іріктеу және кадрлардың тұрақсыздығы

GRI 401-1, GRI 12: Coal Sector: 12.15.2

Кадрларды іріктеу практикасы Компанияның қажеттіліктері мен стратегиялық мақсаттарын талдау негізінде жүзеге асырылады. Кандидаттарды іріктеудегі негізгі критерийлер олардың кәсіби құзыреттілігі, жұмыс тиімділігі, мотивациясы және Компанияның корпоративтік құндылықтарына сәйкестігі болып табылады. Бос жұмыс орындары «Samruk Qyzmet» бірыңғай онлайн-рекрутинг платформасында (QSamruk.kz), сондай-ақ «Samruk Qyzmet» бірыңғай онлайн платформасымен интеграцияланған ішкі корпоративтік порталда орыс және қазақ тілдерінде жарияланады. Байқау қорытындысы бойынша әрбір кандидатқа кері байланыс беріледі, ал нәтижелер «Samruk Qyzmet» платформасында жарияланады. Байқау рәсімдерін өткізу кезінде ішкі кандидаттарға, оның ішінде Компанияның таланттар пулындағы кандидаттарға басым құқық беріледі.

2025 жылы рекрутинг процесіне өзгерістер енгізілген жоқ. Жаңартулар 2026 жылға жоспарланған «SBA» ЖМ-мен бірлесіп Qsamruk платформасында жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып рекрутингтің моделі әзірленуде.

2022–2025 жылдары Компаниядағы бос жұмыс орындарының 48%-ы ішкі кандидаттар есебінен жабылды.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында бос лауазымдарға кандидаттарды іздеу лауазымдардың ерекшелігін ескере отырып SamrukQyzmet, enbek, HH және басқа да өңірдегі ең тиімді рекрутингтік ресурстар арқылы, соның ішінде газеттер, жергілікті теледидар және онлайн-платформалар арқылы жүзеге асырылады.

2025 жылы Компанияның компаниялар тобына 3 373 адам қабылданды, оның ішінде 1 270 адам SamrukQyzmet рекрутингтік порталы арқылы (314 әйел және 956 ер адам), ал 2 103 адам enbek, HH, жұмыспен қамту орталықтары, әлеуметтік желілер және басқа да арналар арқылы қабылданды.

Еншілес және тәуелді ұйымдардың бірінші басшылары лауазымдарына кандидаттарды тиімді іріктеуді қамтамасыз ету, олардың біліктілік пен жеке қасиеттерге қойылатын талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында Компания «Самұрық-Энерго» АҚ еншілес ұйымдарының атқарушы органдары басшыларын тағайындауды келісу және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын басшылыққа алады. Бұл қағидалар Қоғамға тиесілі акциялардың 50%-дан астамы бар компанияларда басшылық лауазымдарға кандидаттарды іздеу және іріктеу тәртібін, сондай-ақ тағайындауды келісу және өкілеттіктерді мерзімінен бұрын тоқтату тәртібін реттейді.

Сонымен қатар есепті кезеңде әкімшілік-басқарушылық персоналды іздеу және іріктеу қағидалары «Самұрық-Қазына» АҚ тобының адам ресурстарын басқару жөніндегі корпоративтік стандартындағы өзгерістерге 15сәйкестендірілді.

ЕТҰ-ның CEO және CEO-1 деңгейіндегі лауазымдарға кандидаттардың құзыреттерін бағалау үшін «Samruk-Business Academy» ЖМ-мен құрылымдалған тереңдетілген сұхбат жүргізу туралы шарт жасалды. Есепті кезеңде белгіленген конкурстық рәсімдер аясында «Балқаш ЖЭС» АҚ, «Ereymentau Wind Power» ЖШС бірінші басшылары лауазымдарына және Компанияның Өндіріс жөніндегі басқарушы директоры лауазымына кандидаттар тәуелсіз сарапшының құрылымдалған тереңдетілген сұхбатынан өту арқылы бағалаудан өтті.

Есепті кезеңде еншілес және тәуелді ұйымдардың атқарушы органдары басшыларын тағайындау және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату мәселелері бойынша материалдар дайындалды. «Самұрық-Қазына» АҚ-ға ПМКР резервіндегі тұлғаларды жұмысқа орналастыру, бос жұмыс орындары және CEO және CEO-1 деңгейіндегі лауазымдарға тағайындаулар туралы ақпарат тұрақты түрде ұсынылады.

Жаңа қызметкерлерді бейімдеу бағдарламасы

«Самұрық-Энерго» АҚ Топтың кадрлық әлеуетін дамыту мақсатында жаңа қызметкерлерді бейімдеу тетіктерін белсенді түрде жетілдіруде. Компанияда бейімдеу бағдарламасы жұмыс істейді, оның аясында жаңа қызметкерлер арнайы цифрлық платформа арқылы электрондық бейімдеу курсынан өтеді. Курс үш айға созылады және теориялық әрі практикалық бөліктерді қамтиды, бұл қызметкерлердің жұмысқа тезірек бейімделуіне ықпал етіп, олардың кәсіби өсуіне негіз қалайды.

Жұмыс тәжірибесі жоқ жас мамандар үшін қажеттілік туындаған жағдайда құрылымдық бөлімшенің қызметкерлері қатарынан тәлімгер тағайындалады. Тәлімгер тікелей басшы да, жетекшілік ететін басшы да болуы мүмкін, әрі ол бір мезгілде екіден артық жаңа қызметкерді оқыта алмайды. Тәлімгердің негізгі міндеттеріне қиындықтарды еңсеруге көмек көрсету, жиі кездесетін қателіктер туралы хабардар ету, басқа бөлімшелермен және сыртқы ұйымдармен өзара іс-қимыл тәртібімен таныстыру, корпоративтік әдеп нормалары мен мінез-құлық қағидаларын түсіндіру, сондай-ақ жұмыста практикалық көмек көрсету жатады.

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасының 2025 жылғы 22 сәуірдегі №12 хаттамасы.

Менторлық бағдарламасы

2025 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ «HR School» жобасын дамыту бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ тапсырмасы аясында енгізілген Менторлық бағдарламасын іске асыруды жалғастырды. Директорлар кеңесіне есеп беретін басшылар мен қызметкерлерге арналған менторлық бағдарламасы да өз қызметін жалғастырды.

Есепті жылы Бағдарлама компаниядағы менторлық мәдениетті одан әрі нығайтуға, көшбасшылық құзыреттер мен басқарушылық әлеуетті дамытуға, қызметкерлердің тартылуын арттыруға, сондай-ақ бейімделу және кәсіби өсу процестерін қолдауға бағытталды.

2025 жылы «Ментор–Менти» 11 тандемдік жұбы құрылды. Жыл бойы қатысушылар тұрақты кездесулер өткізіп, кәсіби тәжірибелерімен алмасып, жеке даму мақсаттарына қол жеткізу үшін бірлесіп жұмыс істеді. Тиімді коммуникация дағдыларын дамытуға, басқарушылық шешімдер қабылдауға және қызмет нәтижелері үшін жеке жауапкершілікті арттыруға ерекше көңіл бөлінді.

Менторлық бағдарламасы кадрлық резервті қалыптастыруға, сабақтастықты нығайтуға және персонал жұмысының жалпы тиімділігін арттыруға ықпал етуді жалғастыруда.

Кадрлардың тұрақтамауы

2025 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында, оның ішінде бірлескен және тәуелді ұйымдарды қоса алғанда, кадрлар айналымының жалпы коэффициенті 13%-ды құрады. Бұл ретте кадрлардың тұрақтамау көрсеткіші 10,3% деңгейінде қалыптасты, бұл салалық нормаларға сәйкес келеді (мақсатты көрсеткіш – 14%-дан аспау).

Кадрлардың тұрақтамау динамикасы, %

Көрсеткіш

2023

2024

2025

Кету бойынша кадрлардың жалпы айналымының коэффициенті

14%

15%

13%

Кадрлардың тұрақтамауы16

9%

10,9%

10,3%

«Самұрық-Энерго» АҚ персоналдың тұрақтамауын төмендетуге және кадр құрамының тұрақтылығын арттыруға бағытталған шараларды дәйекті түрде іске асырады. Еңбекақының бәсекеге қабілетті деңгейі, жалақыны тұрақты индекстеу, дамыған мотивация жүйесі және әлеуметтік кепілдіктер тұрақты жұмыс ортасын қалыптастыруға және қызметкерлердің ұзақ мерзімді жұмыспен қамтылуына ықпал етеді. Нәтижесінде Компаниядағы кадрлардың тұрақтамау деңгейі тұрақты деңгейде сақталып, салалық көрсеткіштерге сәйкес келеді. «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында қызметкерлерді босату бағдарламасы жұмыс істейді, ол қайта құрылымдау, штат санын оңтайландыру немесе бизнес-процестерді трансформациялау сияқты ұйымдастырушылық өзгерістер жағдайында қызметкерлерді қолдауға бағытталған. Бағдарлама қызметкерлерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесетін кешенді шараларды көздейді, оның ішінде топтың басқа ұйымдарындағы ұқсас лауазымдарға ауыстыру, қатысу өңірлерінде баламалы жұмыс орындарын іздеу және қажет болған жағдайда басқа өңірлерде жұмысқа орналастыру мүмкіндігі қарастырылған. Есепті 2025 жылы аталған Бағдарлама аясында қызметкерлерді босату жүзеге асырылған жоқ.

Кадрлардың тұрақсыздық көрсеткіші HR есептілігі үшін «Самұрық-Қазына» АҚ әдістемесіне сәйкес есептелді, оған сәйкес есепке еңбек қатынастары тұрақсыздық себептері бойынша тоқтатылған қызметкерлер саны алынады (өз еркімен, тараптардың келісімімен және қызметкердің кінәсі бойынша).

Еңбекақы төлеу

GRI 202-1, 405-2, GRI 12: Coal Sector: 12.19.2, 12.19.7

Компания жалақыны тұрақты түрде индекстейді, сондай-ақ сыйақы беру жүйелерін енгізеді

2025 жылғы қаңтардан бастап жүргізілген индексация нәтижесінде компаниялар тобы бойынша жалақының орташа өсімі

8%

Компаниядағы орташа жалақының елдегі деңгейге арақатынасы, теңге

Көрсеткіш

2023

2024

2025

Елдегі ең төменгі жалақы

70 000

85 000

85 000

Өндірістік қызметкерлердің орташа айлық жалақысы

467 325

536 542

664 538

Әйелдер мен ерлердің бастапқы деңгейіндегі стандартты жалақының елдегі деңгейге арақатынасы, теңге

Көрсеткіш

2023

2024

2025

Еркектер

Еркектер

Еркектер

Әйелдер

Еркектер

Әйелдер

Компанияның бастапқы деңгейдегі жұмыскерінің жалақысы

266 336

250 506

320 239

300 528

427 854 А

361 445 А

Елдегі орта айлық жалақы

70 000

70 000

85 000

85 000

85 000 А

85 000 А

Арақатынасы, %

380

358

377

354

503 А

425 А

Негізгі жалақыдан бөлек, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Компанияның Ұжымдық шартына сәйкес қызметкерлер үшін қосымша төлемдер мен әлеуметтік кепілдіктер көзделген, оның ішінде

  • үстеме жұмысқа, сондай-ақ мереке және демалыс күндеріндегі және түнгі уақыттағы жұмысқа ақы төлеу
  • түрлі үстемеақылар мен қосымша төлемдер
  • ауыр жұмыстарда, зиянды (аса зиянды) және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбегіне жоғары мөлшерде ақы төлеу
  • жыл сайынғы қосымша ақылы еңбек демалысын беру
  • зейнеткерлікке шығуға байланысты еңбек шартын бұзу кезінде қызметкерлерге үш орташа айлық жалақы мөлшерінде біржолғы өтемақы төлеу.

Әйелдер мен ерлердің ең төменгі жалақысының арақатынасы

100%

Қызметкерлердің жалақысы еңбек жағдайларына және Компанияда белгіленген еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес айқындалады. Қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес түрлі үстемеақылар мен қосымша төлемдер, соның ішінде зиянды және қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыс үшін төлемдер, кәсіби шеберлік үшін және өзге де ынталандырушы төлемдер көзделген

Әйелдердің жалақысы мен сыйақысының еркектерге арақатынасы, %

Көрсеткіш

Басқарушы лаузымдар

Мамандар

Жалақы қатынасы

100

100

Сыйақы қатынасы

100

100

Еңбекақыдағы гендерлік алшақтық

Орташа жалақы

2023

2024

2025

Әкімшілік-басқарушылық персонал

Еркектер

831 132

1 082 378

1 316 099

Әйелдер

644 618

846 882

979 113

Өндірістік персонал

Еркектер

487 448

601 238

724 661

Әйелдер

398 719

522 807

627 986

Еңбекақыдағы гендерлік алшақтық

ӘБП

22,44

21,76

25,60

ӨП

18,20

13,05

13,34

Қазақстан Республикасындағы еңбекақыдағы гендерлік алшақтық

25,70%

26,50%

-

Персоналдың гендерлік құрылымында дәстүрлі түрде ерлер басым, бұл энергетика саласының ерекшелігімен байланысты, мұнда жұмыс орындарының едәуір бөлігі техникалық және өндірістік бағыттарға жатады. Әйелдер мен ерлер арасындағы орташа еңбекақы деңгейіндегі айырмашылықтар, ең алдымен, жұмыспен қамтудың салалық құрылымымен және ерлердің өндірістік және техникалық лауазымдардағы, сондай-ақ жекелеген басқарушылық рөлдердегі үлесінің жоғары болуымен шартталған.

Сонымен қатар Компания тең мүмкіндіктер қағидаттарын ұстанады және бірдей құндылықтағы жұмыс атқаратын әрі салыстырмалы лауазымдарды иеленетін әйелдер мен ерлерге тең еңбекақы төлеуді қамтамасыз етеді.

Персоналды ынталандыру және тарту

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның мотивация жүйесі қызметкерлердің тартылуын арттыруға, олардың кәсіби әлеуетін ашуға және әрбір қызметкердің Компанияның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге қосқан үлесін мойындауға бағытталған. Материалдық және материалдық емес ынталандыру тетіктері еңбек нәтижелерінің жеке көрсеткіштерін ескеруге мүмкіндік береді және тұрақты корпоративтік мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.

Компанияда қызметкерлерді ынталандыру және мойындау үшін келесі құралдар қолданылады
мемлекеттік және ұлттық мерекелерге біржолғы сыйақылар (Энергетик күні, Тәуелсіздік күні, Шахтер күні және т.б.)

  • материалдық емес көтермелеу түрлері, оның ішінде марапаттар, алғыс хаттар және құрмет грамоталары
  • өндірістік қызметкерлерге жазатайым оқиғалар болмаған жағдайда тоқсан қорытындысы бойынша қосымша сыйақы төленеді
  • еңбек қызметін оқумен және біліктілікті арттырумен ұштастыратын қызметкерлерге қосымша демалыстар беру

2025 жылы 700-ден астам қызметкер түрлі марапаттарға ие болды.

2025 жылы Энергетик күніне орай Компанияның бастамасымен сала дамуына қосқан үлесі және жоғары өндірістік жетістіктері үшін компаниялар тобының 250-ден астам қызметкері марапатталды. Марапатталғандардың шамамен 50-і энергетика саласына 30–40 жылдан астам еңбек арнаған қызметкерлер болып табылады, олардың көпжылдық кәсіби тәжірибесі Компанияның тарихы мен тұрақты дамуының маңызды бөлігі болып саналады. Салтанатты марапаттау рәсімі Астана қаласында өтті, оған Компанияның компаниялар тобынан шамамен 60 қызметкер шақырылды.

Сонымен қатар бірқатар қызметкерлер Қазақстан Республикасының Президенті мен Премьер-Министрі жеке өздері табыстаған мемлекеттік наградалармен марапатталды. Бұл олардың кәсіби үлесіне, көпжылдық адал еңбегіне және сала мен ел алдындағы еңбегіне жоғары баға болды.

Персоналды ынталандыру және кәсіби деңгейін арттыру мақсатында ЕТҰ-ларда жыл сайын компаниялардың үздік қызметкерлерін айқындайтын конкурстар өткізіледі. 2025 жылы келесі конкурстар өткізілді

  • «Samruk-Green Energy» ЖШС — «Үздік инженер»
  • «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ — «Үздік қызметкер»
  • «Екібастұз МАЭС-2» АҚ — «Үздік тәлімгер»
  • «Булат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» ЖШС — «2025 жылдың үздік маманы»
  • «АлЭС» АҚ — «Үздік газкесуші» және «Үздік электрдәнекерлеуші»
  • У.Д. Қантаев атындағы «Мойнақ СЭС» АҚ — «Өндірістік қауіпсіздік бойынша үздік қызметкер»
  • «АЭС Өскемен СЭС» ЖШС — «Үздік жас қызметкер»
  • «Шардара СЭС» АҚ — I–III тоқсандарда «Үздік энергетик», «Үздік дәнекерлеуші», «Жас үздік маман», «Мамандығы бойынша үздік жас қызметкер», «Үздік өндіріс маманы» және «Өндірістік қауіпсіздіктің үздік қызметкері» номинациялары бойынша конкурстар өткізілді IV тоқсанда «Жыл қызметкері» номинациясы бойынша конкурс өтті
  • «Шүлбі СЭС» ЖШС — «Үздік жас қызметкер»
  • «Energy Solutions Center» ЖШС — «Қолмен доғалық дәнекерлеу бойынша үздік электрдәнекерлеуші маман».

Сонымен қатар «Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ қызметкері «Самұрық-Қазына» АҚ ұйымдастырған «Үздік инновациялық компания – 2025» конкурсында «Үздік инноватор – 2025» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

«Үздік инноватор» номинациясында «Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ электр цехының зертхана бастығы Дмитрий Мартыненко жеңіске жетті. 2023–2025 жылдары оның бастамасымен жабдықтардың сенімділігін арттыруға және өндірістік процестерді оңтайландыруға бағытталған 18 рационализаторлық ұсыныс енгізілді. Дмитрий Мартыненконың рационализаторлық ұсыныстары станцияның өндірістік процестерінің тиімділігін арттыруға және компаниялар тобында инновациялық мәдениетті дамытуға елеулі үлес қосты.

Осындай конкурстарды өткізу қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыруға, кадрлық әлеуетті дамытуға және өндірістік қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға ықпал етеді.

2025 жылы «Әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникация орталығы» ЧУ «Самұрық-Энерго» АҚ қызметкерлерінің әл-ауқатын төрт негізгі бағыт бойынша бағалау үшін қызметкерлердің тартылуын анықтауға сауалнама жүргізді денсаулық, тартылу деңгейі, әлеуметтік, физикалық және менталдық жай-күй, сондай-ақ қаржылық тұрақтылық. 2025 жылға арналған әкімшілік-басқарушылық персонал бойынша зерттеу қорытындысы негізінде «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша индекс 59%-ды құрады. Бұл өткен жылдың көрсеткішінен (46%) 13 т.п.-ке жоғары.

Қосымша түрде 2025 жылы Samruk Research Services әдістемесін пайдалана отырып өндірістік персонал арасында әлеуметтік тұрақтылықты талдау мақсатында социологиялық зерттеу жүргізілді. Сауалнама нәтижелері бойынша SRS интегралдық көрсеткіші 77%-ды құрады.

Көрсеткіш, %

2023

2024

2025

Δ (2024 қарай айырма)

SRS индексі

59

69

77

8

Әлеуметтік әл-ауқат индексі

43

46

59

13

«Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестиваліне қатысу

Ақпан айында «Самұрық-Энерго» «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестиваліне қатысып, электр станциясының динамикалық макетін – Екібастұз МАЭС-1 макетін, заманауи жеке қорғаныс құралдарын және энергетиктердің құралдарын ұсынды. Фестиваль аясында гидроэнергетиканың дамуы, перспективалы жобалар және гидроэлектр станцияларындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат ұсынылды.

Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XXI форумы көрмесіне қатысу

Қараша айында «Самұрық-Энерго» Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XXI форумы көрмесіне қатысты. Компания стендінде МАЭС-2 және жел генераторының макеттері, сондай-ақ электр станцияларында қолданылатын заманауи жабдықтар мен жеке қорғаныс құралдары таныстырылды. Экспозиция технологиялық процестер мен саланың негізгі жұмысшы мамандықтарын көрсетуге бағытталды.

Жұмысшы мамандықтар жылының қорытындысына арналған салтанатты іс-шараға қатысу

24 желтоқсанда Астана қаласында «Самұрық-Энерго» Жұмысшы мамандықтар жылының қорытындысын шығаруға арналған салтанатты іс-шараға қатысты. Іс-шара аясында өндірістік мамандықтағы қызметкерлердің жетістіктері атап өтіліп, саланы дамытудағы жұмысшы мамандықтардың рөлі көрсетілді.

Осы іс-шараларға қатысу жұмысшы мамандықтардың танымалдылығын арттыруға, болашақ кадрларды тарту бойынша жұмысты күшейтуге және жастардың энергетика саласындағы жұмысшы мамандықтарға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік берді.

Жастар саясаты

«Самұрық-Энерго» АҚ жастар әлеуетін дамытуды бизнестің тұрақты дамуының маңызды факторы ретінде қарастырады және жас мамандарды оқыту мен тартуға инвестициялауды жалғастырады. Осы мақсатта Компанияда жастардың әлеуметтік және операциялық бастамаларды іске асыруға қатысуын қамтамасыз ететін және корпоративтік мәдениетті дамытатын «Jas Energy» жастар істері жөніндегі кеңесі жұмыс істейді.

Жастар саясатын іске асыру аясында іс-шаралар жоспары бекітіліп, «Витамин күні» және «Шын жүректен» сияқты еріктілер акциялары өткізілді. 2025 жылдың негізгі оқиғасы «Жұмысшы мамандықтар болашақ энергиясы» атты IV Жастар форумы болды, оған Топтың барлық ЕТҰ-ларынан 100 жас қызметкер қатысты. Форум жұмысшы мамандықтардың беделін арттыруға, кәсіби мотивацияны дамытуға және тәжірибе алмасуға бағытталды.

Топтың жас мамандары «Самұрық-Қазына» АҚ бағдарламаларына да қатысты «7 Qadam PRO» бағдарламасына «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ және «Шүлбі СЭС» ЖШС қызметкерлері іріктелді, ал «7 Qadam master» бағдарламасына бейінді техникалық бағыттар бойынша 3 қызметкер мен 3 тәлімгер қатысты.

Компаниялар тобында әлеуметтік, мәдени және кәсіби бағыттар бойынша жастар әлеуетін дамытуды қамтамасыз ететін Жастар кеңестері жұмыс істейді, оның ішінде «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «СЭМАЭС‑2» АҚ және «Алматы электр станциялары» АҚ жанындағы жастар ұйымдары бар.

2025 жылы Жастар кеңесінің негізгі іс-шаралары

Экологиялық бастамалар

«Таза Қазақстан» акциясына қатысу макулатура, батареялар жинау, сенбіліктер өткізу, ағаш отырғызу.

Қайырымдылық және еріктілік

«Дәруменді күн» және «Шын жүректен» акцияларын өткізу.

Астана қаласының баспаналарында кейіннен мал азығына айырбастау арқылы макулатура жинауға қатысу.

Ардагерлерге материалдық көмек көрсету және азық-түлік жиынтықтарын тапсыру.

«Баланы мектепке жинаймыз» науқанын ұйымдастыру

Білім беру және әлеуметтік бастамалар

Білім беру және жастар бағыты аясында елеулі жұмыс жүргізілді 583-тен астам студент өндірістік немесе диплом алдындағы практикадан өтті дуальды оқытудың географиясы кеңейтілді жас мамандарға арналған модульдік бағдарламалар іске асырылды. Кәсіби бағдар беру іс-шараларымен (барлығы 99 іс-шара өткізілді) мектеп оқушылары мен студенттердің кең аудиториясы қамтылды, компанияның барлық қатысу өңірлерінде ондаған дәрістер, экскурсиялар және ашық есік күндері өткізілді.

Әртүрлілік және инклюзивтілік

GRI 2-7, 3-3, 405-1, 406-1, GRI 12: Coal Sector: 12.19.6, 12.19.8

«Самұрық-Энерго» АҚ қызметкерлері жасына, ұлтына, жынысына, нәсіліне немесе дініне қарамастан кәсіби құзыреттері мен жұмыс нәтижелеріне негізделген оқыту және кәсіби даму бағдарламаларына тең қол жеткізуге, сондай-ақ мансаптық өсудің тең мүмкіндіктеріне ие.

Компанияның ішкі нормативтік құжаттары кемсітушілікке жол бермеу және бірдей құндылықтағы жұмыс үшін тең еңбекақы қағидаттарын бекітеді. Бұл тәсіл әділ еңбекақы төлеу жағдайларын қамтамасыз етеді және жалақының, көтермелеудің, жеңілдіктердің және басқа да өтемақы түрлерінің — ақшалай да, ақшалай емес те — кемсітусіз және бірыңғай корпоративтік қағидаттар негізінде ұсынылуына кепілдік береді.

«Тәлімгер» жобасы

«Тәлімгер» жобасын іске асыру және «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында Жұмысшы мамандықтар жылын өткізу аясында Қор тарапынан 5 жетім баланы жұмысқа орналастыруға квота берілді. Компаниялар тобы белгіленген квотаны табысты түрде арттырып орындады — 2025 жылы 8 жетім бала жұмысқа орналастырылды. Студенттер «Самұрық-Энерго» АҚ-ның келесі еншілес және тәуелді ұйымдарына жұмысқа орналастырылды

  1. «Шардара СЭС» АҚ (Түркістан облысы, Шардара ауданы)
  2. «АЭС Өскемен СЭС» ЖШС (Шығыс Қазақстан облысы)
  3. «Шүлбі СЭС» ЖШС (Абай облысы)
  4. «АЖК» АҚ филиалы — «Энергосбыт» (Алматы қаласы)
  5. «Богатырь Көмір» ЖШС (Павлодар облысы)
  6. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ (Алматы қаласы және Алматы облысы)
  7. «Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ (Павлодар облысы)
  8. «АлЭС» АҚ (Алматы облысы)

Гендерлік теңдік

Компания персоналының құрылымында ерлер басым, бұл энергетика саласының ерекшелігімен байланысты, мұнда жұмыс орындарының едәуір бөлігі техникалық және өндірістік мамандықтарға тиесілі. Сонымен қатар «Самұрық-Энерго» АҚ гендерлік теңдік және барлық қызметкерлер үшін тең мүмкіндіктер қағидаттарын дәйекті түрде ұстанады.

Компанияның кадрлық саясаты «БҰҰ-әйелдер» және БҰҰ-ның Жаһандық келісімі серіктестігі аясында әзірленген әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту қағидаттарына негізделген және гендерлік теңдікті тұрақты дамудың маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырады. Компания келесі қағидаттарды ұстанады

  • гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларды қолдау
  • әйелдер мен ерлерге әділ қатынас, гендерлік белгі бойынша кемсітушілікке жол бермеу, оқытуға, кәсіби дамуға, мансаптық өсуге және жұмысқа орналасуға тең қол жеткізуді қамтамасыз ету
  • адам құқықтарын құрметтеу және кемсітпеу қағидаттарын сақтау
  • барлық қызметкерлердің денсаулығын, қауіпсіздігін және әл-ауқатын қамтамасыз ету
  • әйелдердің білім алуына, біліктілігін арттыруына және кәсіби дамуына жәрдемдесу, сондай-ақ олардың мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал ететін тәжірибелерді қолдану
  • жергілікті қауымдастықтар деңгейінде тең құқықтылық және гендерлік теңгерім қағидаттарын қолдау
  • қол жеткізілген нәтижелерді мониторингтеу және гендерлік теңдік саласындағы ілгерілеу туралы мүдделі тараптарды хабардар ету.

Гендерлік теңдікті іске асыру аясында 2025 жылы бірқатар маңызды іс-шаралар өткізілді

  • 24 қазанда «Көшбасшылық шабыт, саналылық және тиімділік» атты әйелдерге арналған форум-тренинг өткізілді. «Самұрық-Энерго» АҚ-да Әйелдер клубының ұйымдастыруымен корпоративтік орталық пен еншілес компаниялардың әйелдері үшін форум-тренинг өтті
  • 30–31 қазанда Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Алматы қаласында КИМЭП базасында «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының жұмысшы мамандықтарындағы әйелдеріне арналған «Шабыт жолы энергетика саласындағы әйелдер» атты екі күндік даму бағдарламасы іске асырылды
  • 28 қарашада Компания қызметкерлері «Гендерлік теңдік» тақырыбы бойынша оқытудан өтті
  • Қараша айында «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының қызметкер әйелдері «Энергетикадағы әйелдер энергияны ілгерілету. Прогресті қалыптастыру» ұранымен өткен KAZENERGY Әйелдер энергетикалық клубының VII форумына қатысып, тәжірибе алмасу, мотивация алу және мансаптық өсу стратегияларын талқылау үшін тиімді алаңға айналды
  • 2025 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ тапсырмасы бойынша «Әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникациялар орталығы» ЖМ-мен бірлесіп адам құқықтары және гендерлік теңдік саласында ұйымдық диагностика жүргізілді
  • Диагностиканың бірінші кезеңінің қорытындылары бойынша жүйелі алшақтықтар мен жақсарту аймақтары айқындалып, негізгі тұжырымдар, ұсынымдар және іс-қимыл жоспары қалыптастырылды, оларды іске асыру 2026 жылға екінші кезең аясында жоспарланған.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша атқарушы органдар мен Директорлар кеңестері/Бақылау кеңестері құрамындағы әйелдердің үлесін арттыруға ұмтылады. 2025 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының атқарушы органдары мен ДК/БК құрамындағы әйелдердің үлесі 28%-ды құрады.

Қызметкерлерді жынысы бойынша бөлу, адам

Еркектер14 325
Әйелдер4 976

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының Әйелдер клубы

2024 жылдан бастап «Самұрық-Энерго» АҚ-да әйел қызметкерлердің кәсіби дамуын қолдау мақсатында құрылған біріккен Әйелдер клубы жұмыс істейді. Клуб тәжірибе алмасу, оқыту бағдарламаларына қатысу және еңбек жағдайларын жақсартуға, мансаптық өсу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған бастамаларды дамыту үшін алаң болып табылады. Оның қызметіне көшбасшылық, жұмыс пен жеке өмір арасындағы теңгерім мәселелері және декреттік демалыстан кейін бейімделу бойынша іс-шаралар да кіреді.

2025 жылғы 24 қазанда «Самұрық-Энерго» АҚ әйелдерге арналған «Көшбасшылық шабыт, саналылық және тиімділік» атты форум-тренинг өткізді, ол көшбасшылық құзыреттерді, саналылықты және жеке тиімділікті дамытуға бағытталды. Іс-шара Компанияның корпоративтік орталығы мен еншілес ұйымдарының 80 өкілін біріктіріп, әйел көшбасшылардың қатысуымен қарқынды оқыту және мотивациялық сессияларды қамтыды.

Форумның арнайы қонақтары ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кеңесшісі, Түркі мемлекеттері ұйымы жанындағы Түркі елдерінің кәсіпкер әйелдер кеңесінің төрайымы Ләззат Рамазанова, «KAZENERGY» қауымдастығының атқарушы директоры Ләззат Ахмурзина, сондай-ақ журналист, тележүргізуші және медиаменеджер Майя Бекбаева қатысты. Спикерлер өз сөздерінде кәсіби қалыптасу жолындағы жеке тәжірибелерімен бөлісіп, көшбасшылыққа жету барысында кездесетін негізгі сын-қатерлер туралы айтып, қатысушыларды одан әрі дамуға және жаңа мақсаттарға жетуге шабыттандырды.

Бағдарламаның негізгі бөлігін қазақстандық белгілі психолог әрі бизнес-коуч Вахтанг Джапаридзе жүргізген қарқынды оқыту сессиялары құрады. Форум тек білім беру ғана емес, сонымен қатар өзін-өзі дамытуға, кәсіби өсуге және корпоративтік әрі әлеуметтік ортада оң өзгерістерге ұмтылатын Компания әйелдерін біріктірген шабыттандыру алаңы болды.

2025 жылғы 30–31 қазанда Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Алматы қаласында КИМЭП университеті базасында «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының жұмысшы мамандықтарындағы әйелдеріне арналған «Шабыт жолы энергетика саласындағы әйелдер» атты екі күндік даму бағдарламасы іске асырылды. Бағдарлама әйелдердің өндірістік саладағы рөлін нығайтуға, кәсіби құзыреттерін дамытуға, сондай-ақ олардың тұлғалық және көшбасшылық әлеуетін ашуға бағытталды.

Бірінші күні қатысушылар психология, көшбасшылық және өзін-өзі таныстыру дағдылары бойынша практикаға бағытталған тренингтерге қатысты. Екінші күн этноауылдағы мәдени-танымдық бағдарламаға арналды, оған командалық өзара іс-қимылды дамытуға және корпоративтік бірегейлікті нығайтуға ықпал ететін шеберлік сабақтары мен интерактивті іс-шаралар кірді.

Бағдарламаны іске асыру жұмысшы мамандықтарындағы әйелдерді қолдау мен дамытуға маңызды үлес болып, олардың өндірістік қызметтегі белсенді әрі маңызды рөлін және кәсіби өсу мен өзін-өзі іске асыруға ұмтылысын айқындады.

Есепті кезеңде Компаниялар тобында гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және еншілес және тәуелді ұйымдардың басқару органдарында әйелдердің қатысуын кеңейту бойынша жүйелі жұмыс жалғастырылды.

2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ЕТҰ басқару органдарындағы әйелдердің үлесі 28%-ды құрады, бұл белгіленген 25% мақсатты көрсеткіштен жоғары. Мақсатты деңгейдің орындалуы және асыра орындалуы Компанияның инклюзивті корпоративтік басқару және тең мүмкіндіктер қағидаттарына бейілділігін растайды.

2024–2025 жылдары ЕТҰ басқару органдарындағы әйелдердің үлесі келесі тағайындаулар есебінен ұлғайтылды

  • «Energy Solutions Center» ЖШС — «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен (19.06.2025 ж. №09/25 хаттама) Бақылау кеңесінің құрамына Амирова Л.К. сайланды
  • «Семей Энерго» ЖШС — қатысушылардың кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен (29.08.2025 ж. №6 хаттама) Бақылау кеңесінің құрамына Мунтинова А. сайланды«Оскемен Энерго»
  • ЖШС — қатысушылардың кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен (29.08.2025 ж. №5 хаттама) Бақылау кеңесінің құрамына Мунтинова А. Сайланды
  • «Шардара СЭС» АҚ — «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен (24.10.2024 ж. №15/24 хаттама) Директорлар кеңесінің құрамына Маринина О.Ю. сайланды
  • «Samruk-Green Energy» ЖШС — ПК QGP Директорлар кеңесінің шешімімен (29.08.2025 ж. №17 хаттама) Бақылау кеңесінің құрамына Тасым М. Сайланды
  • «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС — QGP Директорлар кеңесінің шешімімен (20.07.2025 ж.) Бақылау кеңесінің құрамына Исалиева Гульжайнәт сайланды
  • «EWP» ЖШС — «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен (06.08.2025 ж. №13/25 хаттама) Бақылау кеңесінің құрамына Жақыпбаева М.М. сайланды.

Компания гендерлік теңгерімді одан әрі дамытуды тұрақты дамудың негізгі элементтерінің бірі ретінде қарастырады және басқару органдары мен басшылық лауазымдар деңгейінде әйелдердің ұсынылуын арттыруға бағытталған шараларды іске асыруды жалғастырады.

Инклюзивті орта құру

А, GRI 405-1, GRI 12 Coal Sector 12.19.6

«Самұрық-Энерго» АҚ тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөледі және мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтуды дәйекті түрде жүзеге асырады. Тұрақты дамуды басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі Жол картасын іске асыру аясында «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді және инклюзивті орта құру бағдарламасын іске асыру жалғастырылды. Бағдарламаның негізгі мақсаттары мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту, жұмыс орындарындағы физикалық және техникалық кедергілерді жою, сондай-ақ әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктерді қамтамасыз ету болып табылады.

Еншілес және тәуелді ұйымдарда мүгедектігі бар қызметкерлердің жайлы еңбек етуі үшін қажетті жағдайлар жасалған автотұрақ орындары жабдықталған, шақыру түймелері бар пандустар орнатылған, тактильді плиткалар төселген, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар бейімделген. Мүгедектігі бар азаматтарға басым қызмет көрсету қамтамасыз етіледі, оның ішінде өтініштер мен өтінімдерді онлайн форматта беру мүмкіндігі қарастырылған.

Есепті жылдың қорытындысы бойынша Компания мүгедектігі бар қызметкерлердің тізімдік санын сақтап қалды. Жыл соңында Компанияның компаниялар тобында 213 мүгедектігі бар адам еңбек етеді.

Әлеуметтік кепілдіктер мен тұрақтылықты қамтамасыз ету

GRI 401-2, GRI 403-6, GRI 12: Coal Sector: 12.15.3, 12.14.7

«Самұрық-Энерго» АҚ қолайлы еңбек ортасын қалыптастыруға және қызметкерлердің қажеттіліктеріне сәйкес әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етуге ұмтылады. Компания қызметкерлер мен олардың отбасыларының әл-ауқатын және әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруға бағытталған кең ауқымды әлеуметтік бағдарламаларды іске асырады.

Әлеуметтік саясат аясында қызметкерлерге келесі кепілдіктер мен жеңілдіктер ұсынылады

  • өмірді сақтандыру және ерікті медициналық сақтандыру
  • уақытша еңбекке жарамсыздық немесе мүгедектік жағдайында өтемақы төлемдері, сондай-ақ жүктілік және босану бойынша жәрдемақылар
  • жүктілік және босану бойынша демалыс, бала үш жасқа толғанға дейін бала күтімі демалысы
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақымен қамсыздандыру
  • бала тууына байланысты материалдық көмек, жақын туыстарды жерлеуге көмек, сондай-ақ асыраушысынан айырылған жағдайда қызметкерлердің отбасыларына қолдау көрсету

Қызметкерлерді әлеуметтік қолдау Компанияның кадрлық саясатының маңызды элементі болып табылады және әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға әрі қызметкерлердің әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді.

Ерікті медициналық сақтандыру бағдарламалары

Компанияда қызметкерлер үшін ерікті медициналық сақтандыру бағдарламалары қарастырылған, олар мыналарды қамтиды

  • тәулік бойы консультациялық-диспетчерлік қызмет көрсету
  • медициналық үйлестіруші
  • тәулік бойы жедел медициналық көмек қызметі
  • амбулаториялық-емханалық көмек
  • дәрігерді немесе орта медициналық қызметкерді үйге шақыру
  • стационарлық емдеу
  • жүктілік пен босану кезеңінде толық медициналық бақылау
  • стоматологиялық қызметтер мен дәрі-дәрмектер, емдік массаждар, шетелге шығатын азаматтарды сақтандыру, сондай-ақ отбасы мүшелерін тегін тіркеу сияқты қосымша қызметтер.

2025 жылдың соңына қарай «Самұрық-Энерго» АҚ Корпоративтік орталығында сақтандырылған тұлғалардың жалпы саны 165 адамды құрады.

2025 жылы сақтандырылған қызметкерлер шарт шеңберінде барлық қажетті медициналық көмекті алды.

Зейнеткерлер мен мүмкіндігі 
шектеулі адамдарды қолдау

«Самұрық-Энерго» АҚ зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі қызметкерлерге әлеуметтік қолдау көрсетіп, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге және өмір сапасын арттыруға бағытталған шараларды жүзеге асырады.

Компанияның әлеуметтік саясаты аясында келесі қолдау шаралары көзделген

  • зейнетке шығу кезінде қызметкерлерге біржолғы төлемдер
  • мемлекеттік және кәсіби мерекелерге, оның ішінде Энергетик күніне материалдық көмек
  • ұрпақтар сабақтастығын сақтау және моральдық қолдау көрсету мақсатында ардагерлер мен зейнеткерлерді корпоративтік іс-шараларға шақыру
  • емделуге, дәрілік заттарды сатып алуға немесе кәсіби қайта даярлауға мұқтаж мүгедектігі бар адамдарға материалдық көмек көрсету.

Еңбек шарты зейнет жасына жетуіне байланысты тоқтатылған кезде қызметкерге үш айлық жалақы мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.

Қызметкерлерді зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік зейнетақы жүйесі және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арқылы жүзеге асырылады. Жұмыс беруші қызметкердің ай сайынғы табысының 10%-ы мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналарын аударады.

Бала күтіміне байланысты демалыс

GRI 401-3, GRI 12: Coal Sector: 12.15.4, 12.19.4

«Самұрық-Энерго» АҚ қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бала күтіміне байланысты демалыс алуға құқылы. Компания қызметкерлердің кәсіби және отбасылық өмірі арасындағы теңгерімді қолдайды және бала тууына байланысты әлеуметтік қолдау көрсетеді.

2025 жылы бала күтіміне байланысты демалысты 221 адам пайдаланды, оның ішінде 11 ер адам және 210 әйел.

Демалыс және сауықтыру бағдарламалары

GRI 403-6, GRI 12: Coal Sector: 12.14.7

Қызметкерлердің денсаулығын нығайту және салауатты өмір салтын қолдау мақсатында Компания еңбек өтілі үшін қосымша ақылы демалыс күндерін ұсынады. Сондай-ақ қызметкерлердің санаторий-курорттық емделу шығындарын ішінара өтеуді және қызметкерлердің балалары, оның ішінде мүгедектігі бар балалар мен жетім балалар үшін сауықтыру бағдарламаларын қамтитын әлеуметтік қолдау шаралары іске асырылады.

Қызметкерлердің денсаулығын нығайту және салауатты өмір салтын қолдау мақсатында Компанияда санаторий-курорттық емделу, қызметкерлер мен олардың отбасыларының демалысын ұйымдастыру, сондай-ақ қызметкерлердің балалары үшін сауықтыру бағдарламаларын қамтитын әлеуметтік қолдау шаралары жүзеге асырылады.

«Екібастұз МАЭС-2» АҚ қызметкерлері мен олардың балаларының демалысы мен сауықтыруын қамтамасыз етті 135 қызметкердің баласы балалар сауықтыру лагеріне барды, қызметкерлер санаторий-курорттық емделуден өтті, сондай-ақ Баянауыл курорттық аймағына демалыс күндері жолдамаларды пайдаланды.

«Алматинские электрические станции» АҚ қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің сауықтырылуын ұйымдастырып, қызметкерлердің балалары үшін 295 жолдама берді, сондай-ақ 2 873 қызметкерді қамтыған тегін ыстық тамақтандырудың пилоттық жобасын енгізді.

«Шардара СЭС» АҚ 124 қызметкер үшін санаторий-курорттық емдеуді қамтамасыз етті, сондай-ақ қызметкерлер мен олардың балаларының демалысын ұйымдастырып, 23 адамның «ABADAN» сауықтыру лагеріне шығуын қамтамасыз етті.

«Богатырь Көмір» ЖШС қызметкерлерді сауықтыру шараларын іске асырып, «Арман» санаторийіне 30 жолдама берді, сондай-ақ 331 қызметкерге санаторий-курорттық емделуге аванстық төлемдер жүргізді, бұл қызметкерлерге түрлі сауықтыру және санаторий мекемелерінде ем қабылдауға мүмкіндік берді.

«Energy Solutions Center» ЖШС қызметкерлер мен олардың отбасыларының демалысын ұйымдастырып, «Золотые пески» демалыс үйіне демалыс күндері 108 жолдама ұсынды, сондай-ақ 55 қызметкердің баласының «Карлыгаш» балалар сауықтыру лагерінде демалуын қамтамасыз етті.

Аталған шараларды іске асыру қызметкерлердің денсаулығын нығайтуға, олардың әл-ауқатын арттыруға және қызметкерлердің отбасыларын қолдауға ықпал етеді.

Еңбек жағдайларын жақсарту

«Самұрық-Энерго» АҚ қызметкерлер үшін жайлылықты, қорғанысты және қолайлы жұмыс ортасын қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жақсартуды жалғастыруда. Бұл бастамалар персоналды ынталандыруды арттыруға және тұрақты дамуға бағытталған Компанияның стратегиялық басымдығы болып табылады.

Шарттарды мониторингтеу мақсатында Компанияның 77 объектісінде өндірістік қатынастарды дамыту жөніндегі Бірыңғай оператор платформасы арқылы қашықтан мониторинг ұйымдастырылды.

2025 жылы жағдайларды жақсарту бойынша жоспарлар әзірленді, олар мынадай бағыттарды қамтиды

  • ішкі коммуникациялар мен кері байланысты дамыту
  • жұмыс орнындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу
  • мердігер ұйымдармен өзара іс-қимылды жақсарту
  • киім ілетін бөлмелер, санитариялық тораптар және душ бөлмелеріндегі жағдайларды жаңарту
  • тамақтану бөлмелерін жаңғырту

2025 жылға арналған «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша әлеуметтік тұрақтылық деңгейін арттыру және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жақсарту жөніндегі түзету шараларының кешенді жоспары 07.02.2025 ж. «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы аппаратының басшысымен бекітілді.

Өндірістік бөлімшелердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларына жүргізілген аудит/тексеру нәтижелері бойынша жұмыстар тізбесі қалыптастырылып, ол 2025–2026 жылдарға арналған ЕТҰ бюджетінде көзделген.

Сонымен қатар есепті кезеңде «Әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникациялар орталығы» ЖМ Екібастұз, Өскемен, Алматы, Шардара және Шүлбі кентіндегі ЕТҰ өндірістік объектілерінде IR-скринингтер жүргізді.

2025 жылғы 23 сәуірде өндірістік қызметкерлер үшін тегін ыстық тамақ «АлЭС»-те ұйымдастырылды. Жұмысшы мамандықтар жылы аясындағы әлеуметтік бағдарлама шеңберінде «АлЭС» кәсіпорындарында алғаш рет өндірістік цехтар қызметкерлерін тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету жобасы іске қосылды. А. Жақұтов атындағы ЖЭО-2-де 900-ден астам адам күн сайын сапалы, теңгерімді тамақ алады. Ауысымдық бригадалардың ыңғайлылығы үшін асхана тәулік бойы жұмыс істейді

ЕТҰ-ның әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

2025 жылғы жақсартулардың басым бағыттары

САНИТАРЛЫҚ инфрақұрылымды жаңғырту

  • 3 заманауи модульдік блок пен 12 жаңа санитариялық торап пайдалануға берілді
  • барлық санитариялық аймақтар ерлер мен әйелдерге арналған бөлек секциялармен жабдықталған.

Сумен жабдықтауды жетілдіру

  • қызметкерлерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 32 ауыз су фонтаны орнатылды
  • сумен жабдықтаудың жетілдірілген жүйесі енгізілді.

Қоғамдық тамақтану объектілерін қайта құру

  • асхана заманауи талаптарға сәйкес жаңғыртылды
  • қызметкерлер үшін арнайы дүкен ашылды.

Демалыс және спорт

Біз қызметкерлердің спорттық іс-шараларға қатысуын белсенді түрде қолдаймыз.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ «Серіктес» жергілікті кәсіподағы үстел теннисі, Counter Strike 2, әйелдер арасында командалық боулинг турнирі, сондай-ақ арқан тарту, армрестлинг, баскетбол, асық ату, шахмат, тоғызқұмалақ және жүзу бойынша жарыстар өткізді. Сонымен қатар шағын футболдан ірі турнир және жыл сайынғы волейбол турнирі ұйымдастырылды.

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС қызметкерлерінің «Жас Қуат» жергілікті кәсіподағының қатысуымен бильярд турнирі өтті, оған 16 қызметкер қатысты. Жарыстар жас пен жыныс бойынша шектеусіз «еркін пирамида» форматында өткізілді.

Бұл іс-шаралардың негізгі мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау, дене мәдениетін дамыту және қызметкерлер арасында корпоративтік рухты нығайту.

Ұжымдық шарт

GRI 2-30, 402-1, GRI 12: Coal Sector: 12.3.2, 12.15.5

«Самұрық-Энерго» АҚ және жергілікті кәсіподақ 2025–2027 жылдарға арналған жаңа ұжымдық шартқа қол қойды.

Негізгі өзгерістерге келіспеушіліктерді реттеу тетіктерін күшейту және әлеуметтік кепілдіктерді кеңейту, оның ішінде қосымша демалыстар, жалақыны индексациялау, еңбекті қорғау, қызметкерлердің демалыс және сауықтыру жағдайларын жақсарту кіреді.

Шартқа қол қою корпоративтік мәдениетті нығайтудың және еңбек ұжымымен сындарлы диалогты дамытудың маңызды қадамы болып табылады.

«Самұрық-Энерго» АҚ ұжымдық шарты әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеудің және қызметкерлердің еңбек, экономикалық және әлеуметтік құқықтарын қорғауды қамтамасыз етудің негізгі құралы болып табылады. Құжат Компания мен қызметкерлер арасындағы сындарлы әлеуметтік әріптестікті дамытуға ықпал етеді және тұрақты әрі қауіпсіз жұмыс ортасын қолдауға бағытталған.

Ұжымдық шарт талаптарына сәйкес қызметкерлерді операциялық өзгерістер туралы хабардар ету мерзімі ең кемінде он бес күнтізбелік күн бұрын белгіленген. А

Компания қызметкерлерінің 95%-ы ұжымдық шарттармен қамтылған.

Ұжымдық шарттар қызметкерлерге арналған әлеуметтік төлемдер мен жеңілдіктердің кең ауқымын қарастырады, оның ішінде

  • сауықтыруға, бала тууына, неке қиюға, қызметкердің немесе оның жақын туыстарының қайтыс болуына байланысты материалдық көмек, зейнеткерлерді емдеуге көмек, сондай-ақ төтенше жағдайларда қолдау
  • табысты уақытша жоғалтуға байланысты төлемдер, оның ішінде жүктілік және босану демалысы кезеңінде және бала асырап алған жағдайда
  • ерікті медициналық сақтандыру
  • қызеткерлер мен олардың балаларына санаторий-курорттық емделу
  • мерейтойлық даталарға (50, 60, 70 жас) біржолғы көтермелеу, сондай-ақ мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларды қаржыландыру және қызметкерлердің балаларына жаңа жылдық сыйлықтар беру
  • қызметкерлерге қарыздар (ссудалар) беру
  • жарақат алу немесе асыраушысынан айырылу жағдайында төлемдер.

Ұжымдық шарттармен қамтылмаған қызметкерлердің еңбек қатынастары (жекелеген еншілес және тәуелді ұйымдарда ұжымдық шарт болмаған жағдайда) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбекақы төлеу және әлеуметтік төлемдер ұсыну тәртібін белгілейтін ішкі нормативтік құжаттармен реттеледі.

GRI 2-30

Көрсеткіш 202320242025
Ұжымдық шарттармен қамтылған қызметкерлер17 41217 81418 243
Ұжымдық шарттармен қамтылған қызметкерлердің үлесі97%94%95% А

Кәсіподақ ұйымдары

«Самұрық-Энерго» АҚ қызметкерлердің бірігу бостандығына, оның ішінде кәсіподақтар мен өзге де қоғамдық бірлестіктерді құру және оларға кіру, ұжымдық келіссөздерге қатысу және өз мүдделерін теріс салдарларға ұшырамастан қорғау құқықтарын құрметтейді.

Қызметкерлердің кәсіби, экономикалық және әлеуметтік құқықтары қызметкерлер мен жұмыс берушінің уәкілетті өкілдерінің қатысуымен әлеуметтік әріптестік жүйесі аясында жүзеге асырылады. Компания Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерлердің өз өкілдерін таңдау құқығының сақталуын қамтамасыз етеді.

Компанияның 18 мыңнан астам қызметкері кәсіподақ мүшелері болып табылады.

2024 жылдан бастап «Самұрық-Энерго» әлеуметтік жауапкершілікті нығайту және еңбек қатынастарын дамыту құралы ретінде «PARYZ» Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясымен ынтымақтастық орнатты. Өзара іс-қимылдың басымдықтарына еңбек жағдайлары стандарттарын арттыру, жұмысшы мамандықтарды дамыту, әлеуметтік әріптестікті және еңбек қатынастары тетіктерін жетілдіру, қауіпсіздік мәдениетін ілгерілету, сондай-ақ оқыту бағдарламалары мен сараптамалық алаңдарға қатысу кіреді. Ынтымақтастық адам капиталын нығайтуға және Компанияның әлеуметтік саясатының тиімділігін арттыруға бағытталған.

2024 жылғы тамызда «Самұрық-Энерго» АҚ Қазақстан Республикасындағы жұмыс берушілердің тиімділігін, бәсекеге қабілеттілігін және мәртебесін арттыру үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыруға жәрдемдесу, сондай-ақ әлеуметтік диалог және әріптестік тетіктері арқылы олардың мүдделерін қорғау мақсатында «PARYZ» Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясына мүше болды.

2025 жылы Конфедерацияға «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 11 еншілес және тәуелді ұйымы қосылды.

2026 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ «PARYZ» Конфедерациясымен өзара іс-қимылды компаниялар тобында әлеуметтік жауапкершілікті дамыту және еңбек қатынастарын жетілдірудің маңызды құралы ретінде қарастырады.

Персоналды дамыту және оқыту

GRI 3-3, 404-1, GRI 12: Coal Sector: 12.15.6, 12.19.5

«Самұрық-Энерго» АҚ кадрлық әлеуетті үздіксіз дамытуға ұмтылады, қызметкерлерге заманауи білім беру бағдарламаларына және кәсіби өсу мүмкіндіктеріне қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Біз корпоративтік тренингтерді, біліктілікті арттыру бағдарламаларын, тәлімгерлікті, білім беру мекемелерімен ынтымақтастықты және онлайн-оқытуды ұсынамыз. Басқарушылық құзыреттерді дамытуға және цифрлық өзгерістерге бейімделуге ерекше назар аударылады. Оқытуға инвестиция салу арқылы біз корпоративтік мәдениетті нығайтып, бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттырамыз.

Компанияда «Самұрық-Энерго» АҚ қызметкерлерін кәсіби оқыту және бейімдеу қағидалары қолданылады, олар оқытудың мақсаттары мен міндеттерін, негізгі бағыттарын, сондай-ақ бөлімшелердің өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды және қызметкерлер мен басшылардың жауапкершілігі мен міндеттерін реттейді.

Біз «70-20-10» қағидатын ұстанамыз, оған сәйкес оқытудың 70%-ы жұмыс процесінде, 20%-ы тәлімгерлік пен ішкі бағдарламалар арқылы, ал 10%-ы сыртқы оқыту есебінен жүзеге асырылады. Мұндай тәсіл теория мен тәжірибе арасындағы теңгерімді қамтамасыз етіп, қызметкерлерге жаңа білімді тиімді қолдануға мүмкіндік береді.

Оқытудың негізгі бағыттарына энергетикалық жабдықтарды пайдалану, тәлімгерлік бағдарламалары, басқарушылық дағдыларды дамыту (МВА, EMBA), ағылшын тілін үйрену, тақырыптық семинарлар мен тренингтер, кадрлық резервті дамыту, сондай-ақ ESG бойынша корпоративтік бағдарламалар кіреді. Біз қызметкерлердің кәсіби өсуіне және жұмыс тиімділігін арттыруға ықпал ете отырып, персоналды жүйелі дамытуға ұмтыламыз.

Есепті кезеңде Компания мен оның ЕТҰ қызметкерлері үшін келесі негізгі бағыттар бойынша корпоративтік оқыту ұйымдастырылып, өткізілді нөлдік жарақаттанушылыққа қол жеткізу жоспарын іске асыру аясында еңбек қауіпсіздігі бойынша оқыту, «Жасанды интеллект негіздері практикалық қолдану» курсы, сондай-ақ гендерлік теңдік мәселелері бойынша оқыту. Топ-менеджмент үшін энергетика, мұнай-газ секторы, қаржы, логистика және тау-кен-металлургия кешенін қоса алғанда, негізгі салаларда жасанды интеллектіні енгізудің халықаралық тәжірибесі мен практикалық кейстерімен алмасуға бағытталған «AI Leaders» стратегиялық сессия бағдарламасы іске асырылды.

2025 жылы келесі тақырыптар бойынша тренингтер мен оқыту өткізілді ESG-дің үздік тәжірибелері, қазіргі энергетикалық жүйеге шолу және энергетиканың даму болжамы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, көшбасшылық және мотивация, комплаенс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, гендерлік теңдік, инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде туындайтын тәуекелдер, стратегиялық ойлау, сондай-ақ «Самұрық Энерго» АҚ Мінез-құлық кодексін қолдану.

Бағдарламаларды іске асыру өндірістен қол үзе отырып та, қол үзбей де жүзеге асырылады және сертификат немесе біліктілік куәлігін берумен сүйемелденеді.

A Бір қызметкерге жылына орташа оқыту сағат саны, сағат
ЖылСанатЕркектерӘйелдерБарлығы
2023ӘБП90,1056,0667,05
ӨП56,8050,2855,33
Барлығы57,8651,3956,19
2024ӘБП49,2150,5150,09
ӨП56,0545,8153,75
Барлығы55,8346,7453,48
2025ӘБП46,06 А52,86 А50,52 А
ӨП57,65 А50,22 А55,98 А
Барлығы57,23 А50,74 А55,56 А
Қызметкерлерді оқытуға арналған шығындар
Көрсеткіш202320242025
Қызметкерлерді оқытуға жұмсалатын шығындардың жалпы көлемі, мың теңге440 000570 000773 000
Жылына бір қызметкерге оқытуға жұмсалатын шығындар, теңге24 94930 43040 493
Компания бойынша орташа бір қызметкерді оқыту сағаттарының орташа саны, адам/сағ
202320242025
565356 А
Бір қызметкерді жынысы бойынша бөліп оқыту сағаттарының орташа саны, адам/сағ
Көрсеткіш202320242025
Еркектер575657 А
Әйелдер514751 А
Бір қызметкерді санаттар бойынша бөліп оқыту сағаттарының орташа саны, адам/сағ
Көрсеткіш202320242025
ӘБП665051
ӨП555456
A Оқу сағаттарының жалпы саны, сағат
ЖылСанатЕркектерӘйелдерБарлығы
2023ӘБП38 111,749 728,387 840,0
ӨП729 884,0187 631,0917 515,0
Барлығы767 995,7237 359,31 005 355,0
2024ӘБП22 637,048 845,071 482,0
ӨП759 814,0179 798,0939 612,0
Барлығы782 451,0228 643,01 011 094,0
2025ӘБП23 815,051 860,075 675,0
ӨП796 052,5200 630,0996 682,5
Барлығы819 867,5252 490,01 072 357,5 А

Таланттар және кадрлық резерв

GRI 404-3

2025 жылы кадрлық резерв пен таланттар пулында 588 қызметкер болды, олардың 25%-ын әйелдер құрады. Сабақтастық жүйесінің арқасында негізгі лауазымдар бойынша бос жұмыс орындарының 22%-ы (189-дан 41) ішкі кандидаттар есебінен жабылды.

Кадрлық резервті қалыптастыру объективтілік, ашықтық, әділдік, еріктілік және тиімділік қағидаттарына негізделеді, олар таланттарды басқару жөніндегі корпоративтік қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады. Директорлар кеңесі мен басшылық басқарушылық лауазымдарға сабақтастықты жоспарлауға ерекше көңіл бөледі.

Кадрлық резерв процесі қызметкерлерді жыл сайын бағалау жүйесімен интеграцияланған, ол мақсаттарды, құзыреттерді, әлеуетті кешенді талдауды және жеке даму жоспарларын әзірлеуді қамтиды.

2025 жылы нәтижелілік пен мансаптық даму бойынша бағалаудан 1 628 қызметкер өтті.

Бағалау қорытындылары бойынша таланттар картасы қалыптастырылады, менторлық, тағылымдамалар және сабақтастық бағдарламалары әзірленеді. Нәтижелер сондай-ақ лауазымдық жалақыны қайта қарау және жылдық сыйақыларды төлеу кезінде ескеріледі.

Мансаптың тиімділігі мен дамуын тұрақты бағалаудан өткен қызметкерлердің жалпы саны
Көрсеткіш202320242025
Еркектер (барлығы)307627902 А
ӘБП133194 392 А
ӨП174433 510 А
Әйелдер (барлығы)475560726 А
ӘБП270363515 А
ӨП205193211 А
Мансаптың тиімділігі мен дамуына тұрақты баға алатын қызметкерлердің жалпы санының пайызы
Көрсеткіш202320242025
Еркектер (барлығы)2,31%4,5%6,33% А
ӘБП31,29%42,1%75,82% А
ӨП1,35%3,19%3,73% А
Әйелдер (барлығы)10,28%11,45%14,49% А
ӘБП 30,44%36,3%51,99% А
ӨП 5,49%5,32%5,28% А

Білім беру жүйесімен өзара іс-қимыл

«Самұрық‑Энерго» АҚ жас мамандарды тарту және тартымды жұмыс беруші имиджін қалыптастыру мақсатында жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері және түлектерімен өзара іс-қимылды белсенді түрде дамытады. Компания өндірістік және диплом алдындағы практикалардан өтуге, тағылымдамаларға мүмкіндік береді және үздік түлектерді кейіннен жұмысқа орналастырумен дуальды оқытуды дамытуға қатысады.

2025 жылы Компанияда 800-ден астам студент практикадан өтті, 70-тен астам студентпен дуальды оқыту туралы шарттар жасалды. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Компания білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықты кеңейтіп, шамамен 30 жаңа келісімге және серіктестік туралы меморандумдарға қол қойды.

«Самұрық‑Энерго» АҚ Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары мен колледждерімен тұрақты байланыстарды қолдайды, бұл энергетика, электр энергетикасы, жылу энергетикасы және ақпараттық технологиялар салаларында білікті кадрларды даярлауды қамтамасыз етеді.

«Самұрық-Энерго» АҚ Қазақстанның жетекші университеттері мен колледждерімен, оның ішінде «АЭжБУ» КеАҚ , «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КеАҚ, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, «Торайғыров университеті» КеАҚ, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті КеАҚ, Мұхамеджан Тынышбаев атындағы ALT университеті, «Электротехникалық колледж» КМҚК, «Екібастұз политехникалық колледжі» ШЖҚ КМК және басқа да оқу орындарымен серіктестікті белсенді түрде дамытуды жалғастыруда. Бұл қатынастар энергетика, электр энергетикасы, жылу энергетикасы және ақпараттық технологиялар салаларында жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған.

Білім беру гранттары

Инженерлік-техникалық кадрларды даярлауды қолдау бастамаларын іске асыру, сондай-ақ білім, ғылым және өндіріс интеграциясын дамытуға жәрдемдесу аясында «Самұрық-Энерго» АҚ-ның еншілес және тәуелді ұйымдары — «Алматинские электрические станции» АҚ, Булат Нұржанов атындағы «Екібастұз МАЭС-1» ЖШС және «Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ — студенттерге білім беру гранттарын беру тәртібін реттейтін ішкі нормативтік құжаттарды (ІНҚ) әзірлеп, бекітті, тиісті бюджет бөлді, сондай-ақ ашық конкурстар өткізіп, грант иегерлері болған студент жеңімпаздарды айқындады.

Мансаптың тиімділігі мен дамуына тұрақты баға алатын қызметкерлердің жалпы санының пайызы
ЕТҰОқу орныГранттар саны
1«Алматы электр станциялары» АҚ«Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ7 грант
2«Булат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» ЖШСАкадемик Қ. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты
Академик Қ. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтының колледжі 3 грант
Академик Қ. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты
Академик Қ. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтының колледжі 3 грант
3«Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚАкадемик Қ. И. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты1 грант
«Торайғыров университеті» КеАҚ2 грант
Барлығы16 грант

Корпоративтік мәдениет және ішкі коммуникациялар

Біз жоғары этикалық стандарттарды енгізуге және тәлімгерлік, сенім, әділдік және кәсібилік қағидаттарына негізделген тиімді корпоративтік мәдениетті қалыптастыруға ұмтыламыз.

2025 жылы корпоративтік мәдениетті дамыту жөніндегі бастамалардың қорытындылары

2025 жылы «Самұрық‑Энерго» АҚ корпоративтік мәдениетті жүйелі дамытуға кірісті. EVP (Employee Value Proposition) құндылықтары мен қағидаттары, сондай-ақ оларды 2025–2026 жылдары енгізу жөніндегі Жол картасы бекітілді. Бірыңғай құндылықтық кеңістікті қалыптастыруға және қызметкерлердің тартылуын арттыруға бағытталған бастамалар іске асырылды, оның ішінде «QÝAT энергиясының жүргізушісі» корпоративтік дауыс беруі және «Қайырлы таң EVP» тұрақты коммуникациялық бастамасы бар.

2025 жылғы тамызда «Самұрық-Қазына» АҚ топ компаниялары арасында «HR-бренд 2025» конкурсының қорытындыларын шығарды. Конкурстың мақсаты — Қор компанияларында озық, тұрақты HR практикасын анықтау және тарату. Конкурс алғаш рет өткізілді және топ ішіндегі HR тәсілдерінің жоғары деңгейдегі тартылуы мен жетілгендігін көрсетті.

«Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компаниялар арасында өткізген алғашқы корпоративтік «HR-бренд 2025» конкурсының қорытындысы бойынша «Самұрық-Энерго» «Таланттар сәулетшісі» номинациясында жеңімпаз атанды. Конкурс Қор компанияларындағы үздік HR тәжірибелерді анықтауға және таратуға бағытталған. «Самұрық-Энерго»-ның аталған номинацияда жеңіске жетуі адам капиталын дамыту, кадрлық резервті қалыптастыру және талантты мамандарды ұстап қалуға жағдай жасау бойынша жүйелі жұмысты растайды. Марапат HR командасының кәсіби деңгейінің және іске асырылып жатқан бастамалардың тиімділігінің мойындалуы болды.

Корпоративтік мәдениетті жүйелі дамыту аясында Компания Басқармасының 2025 жылғы 09 қыркүйектегі шешімімен (№25 хаттама) EVP құндылықтары мен қағидаттары (жұмыс берушінің құндылық ұсынысы), сондай-ақ 2025–2026 жылдарға арналған EVP-ні енгізу жөніндегі Жол картасы бекітілді. Бастамаларды іске асыру 2025 жылдың IV тоқсанында басталып, 2026 жылы жалғасын тапты.

2025 жылы бірыңғай құндылықтық кеңістікті қалыптастыру және персоналдың тартылуын арттыру үшін негіз қаланды. Атап айтқанда, корпоративтік құндылықтарды насихаттауға және қызметкерлерді тануға бағытталған «QÝAT энергиясының жүргізушісі» корпоративтік дауыс беруі өткізілді, сондай-ақ компания құндылықтарын ілгерілету және бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыруды қамтамасыз ететін «Қайырлы таң EVP» коммуникациялық бастамасы тұрақты түрде жүзеге асырылды.

2026 жылы корпоративтік мәдениетті нығайтуға, қызметкерлердің тартылуын арттыруға және үздіксіз оқыту мәдениетін дамытуға басымдық бере отырып, EVP бастамаларын кеңейту және дамыту жоспарлануда.

2025 жылғы желтоқсанда энергетика саласының трансформациясы жағдайында стратегиялық ойлау мен басқарушылық құзыреттерді дамытуға арналған Директорлар кеңесінің Тағайындау және сыйақы жөніндегі комитетінің мүшелерінің қатысуымен Менеджмент пулы және Функционалдық таланттар пулы қатысушыларымен кездесу өткізілді.

HR үздік тәжірибелерімен алмасу аясында «Адам ресурстарын басқару» департаменті ЕТҰ HR-бөлімшелерімен жыл сайынғы есептік кездесуді ұйымдастырды, онда жылдың қорытындылары шығарылып, келесі кезеңге арналған басымдықтар айқындалды. Сонымен қатар 2025 жылы Қордың «Самұрық‑Қазына» спартакиадасының суперфиналына дайындық кезеңі ретінде Топтың ішкі спартакиадасы өткізілді, бұл корпоративтік рух пен командалық өзара іс-қимылды дамытуға ықпал етті.

Негізгі коммуникация арналары

  • Корпоративтік ішкі портал
  • Корпоративтік ақпараттық тарату
  • Әлеуметтік желілердегі корпоративтік парақшалар Instagram, Facebook, Twitter, YouTube, Telegram.

Компанияның жаңалықтары, жобалар мен бастамалар туралы ақпарат «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының әлеуметтік саясат саласындағы парақшаларында жарияланады.

Корпоративтік волонтерлік

2025 жылы біз қызметкерлердің тартылуын арттыруға, командалық рухты нығайтуға және игі істерден моральдық қанағат алуға бағытталған корпоративтік волонтерлік бағдарламаларды белсенді дамыттық.

Волонтерлік бағдарламаның негізгі іс-шаралары

  • Қоқыс жинау бойынша экологиялық акция (72 сағаттан астам)
  • Онкологиялық ауруға шалдыққан балаларға арналған «Тілектер шыршасы» қайырымдылық акциясы (28 сағат)
  • Макулатура жинау (20 сағат)
  • «Шын жүректен» аясында мұқтаж жандарға азық-түлік себеттері (8 сағат)
  • «Витамин күні» (8 сағат)
  • Ардагерлерге материалдық көмекпен бару (8 сағат)
  • Балалар мен студенттер үшін кәсіптік бағдар беру іс-шаралары мен экскурсиялар (20 сағат)
  • Донор күні (4 сағат).

2026 жылға және орта мерзімді перспективаға арналған жоспарлар

2026 жылы «Самұрық Энерго» АҚ-ның адам ресурстарын басқару және корпоративтік мәдениетті дамыту саласындағы қызметі HR процестерін одан әрі цифрландыруға, әлеуметтік саясатты жетілдіруге және жұмыс беруші брендин нығайтуға бағытталатын болады.

Негізгі жұмыс бағыттары

  • HR функцияларының тиімділігі мен автоматтандырылуын арттыру үшін ЖИ агенттерін енгізу
  • грейд жүйесін дамыту және кадрлық процестерді кешенді автоматтандыру
  • Samruk Research Services (SRS) жыл сайынғы зерттеулерін өткізу, оның ішінде қызметкерлердің әл-ауқатын бағалау және ЕТҰ өндірістік персоналы арасында социологиялық сауалнамалар жүргізу
  • еншілес ұйымдарда әлеуметтік өлшемдер жүргізу
  • 31.12.2024 деңгейінде мүгедектігі бар қызметкерлер санын сақтау
  • «Тәлімгер» жобасына қатысушыларды сүйемелдеу, оның ішінде 31.12.2025 деңгейінде жетім балаларды жұмыспен қамту деңгейін сақтау және бейімделу кезеңінде қолдау көрсету
  • 2026 жылға арналған әлеуметтік-еңбек қатынастары жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру
  • корпоративтік құндылықтарды нығайту, ішкі коммуникацияларды дамыту және персоналдың тартылуын арттыру жөніндегі іс-шаралар.