Негізгі мазмұнға өту
Samruk Energy
KZ

Елеулікті айқындау және мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл

Елеулілікті бағалау

GRI 3-1

«Самұрық Энерго» АҚ-та елеулікті бағалау Компанияның экономикаға, қоршаған ортаға, адамдарға және адам құқықтарына ықпал ететін елеулі әсерлерін айқындауға әрі оларды басымдыққа қоюға, сондай-ақ бизнес тұрақтылығына және Компанияның ұзақ мерзімді дамуына ықпал ететін негізгі факторларды жүйелі түрде анықтауға бағытталған.

Елеулілікті бағалау әдіснамасы

Елеулі тақырыптарды айқындау үдерісі келесі негізгі кезеңдерді қамтыды.

1-кезең.Ықтимал елеулі тақырыптарды айқындау

Бастапқы кезеңде ESG тақырыптарының кеңейтілген тізбесі мынадай негіздерге сүйене отырып қалыптастырылды

  • «Самұрық Энерго» АҚ мен оның еншілес ұйымдарының қызметін кешенді талдау
  • тұрақты даму саласындағы халықаралық стандарттардың талаптары, оның ішінде GRI стандарттары және салалық GRI 12 Coal Sector (2022)
  • SASB стандарттары
  • электр энергетикасы саласындағы жетекші ESG-рейтингтік агенттіктердің (S&P Global Ratings, MSCI ESG Ratings) елеулі тақырыптар тізбелері
  • ұқсас компаниялар бойынша салыстырмалы (бенчмарк) талдау
  • Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптары мен салалық реттеу ерекшеліктерін талдау
  • БҰҰ Жаһандық шартының қағидаттарына және БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына сәйкестік.

Елеулі тақырыптарды айқындау шеңберінде Компания саланың жетекші өкілдері мен ұқсас компаниялардың жылдық есептеріндегі ақпаратты ашу тәжірибесіне кеңейтілген салыстырмалы талдау (бенчмаркинг) жүргізді. Бұл тәсіл ақпаратты ашудың үздік халықаралық практикаларын ескеруге, жекелеген тақырыптардың өзектілік деңгейін тереңірек бағалауға және оларды маңызды мәселелердің түпкілікті тізбесін қалыптастыру барысында тиімді интеграциялауға мүмкіндік берді.

Көрсеткіш «Самұрық-Энерго» АҚ Enel GEZ group ПАО «Юнипро»
Қолданылатын стандарттар
  1. GRI
  2. GRI 12 (Coal Sector)
  3. TCFD
  4. Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл стандарты
  5. UNGC
  6. ЦУР ООН 2030
  7. Әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі басшылық ISO
  8. IFR
  1. IFRS / IAS
  2. CSRD / ESRS
  3. EU Taxonomy
  4. TCFD
  5. IFR
  1. IFRS
  2. CSRD / ESRS
  3. EU Taxonomy
  4. TCFD
  5. GHG Protocol
  6. GRI / SASB
  1. GRI
  2. SASB
  3. IFR
  4. AA1000AP (есептілік кағидаттары, мүдделі тараптарды тарту)
  5. AA1000SES (вовлечение стейкхолдеров)
GRI

E – GRI 302–306

S – GRI 401–409, 413–415, 418

G – GRI 201–207

E – GRI 207

E – GRI 301–306

S – GRI 401–409, 413–415, 418

G – GRI 205–207, 402, 2 9, 2 27

E – GRI 302; 303; 305; 306

S – GRI 401; 403; 404; 406; 407

G – GRI 201; 202; 203; 204; 205

Елеулі тақырыптар

Климаттың өзгеруі және қоршаған орта

  • Климаттың өзгеруі
  • Тұрақты энергия көздеріне көшу
  • Энергияның қолжетімділігі
  • Су ресурстарын басқару
  • Ауаның сапасы
  • Қалдықтарды ұтымды басқару
  • Биологиялық әртүрлілік

Адамдарға қамқорлық

  • Қызметкерлерді басқару, дамыту және ынталандыру
  • Жұмыс орнындағы қауіпсіздік және денсаулық
  • Әртүрлілік, теңдік және инклюзивтілік

Тиімді басқару және адалдық

  • Экономикалық нәтижелілікке қосқан үлес
  • Тұрақты жеткізу тізбегі
  • Заңнаманы сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Мемлекеттік саясат
  • Климат
  • Жеткізу тізбегіндегі жұмыс күші
  • Су және теңіз ресурстары
  • Электрлендіру
  • Желілердің тұрақтылығы мен сенімділігі
  • Биологиялық әртүрлілік
  • Циркулярлық экономика және қалдықтарды басқару
  • Әсерге ұшыраған қауымдастықтар
  • Тұтынушылар мен түпкілікті пайдаланушылар
  • Іскерлік мінез-құлық

(E) Стратегиялық әсерлер

  • Парниктік газдар шығарындылары
  • Қазба отын мен жаңартылмайтын ресурстарды тұтыну
  • Жергілікті су режимдері мен экожүйелерге әсер ету және оларды бұзу
  • Ластаушы заттар шығарындылары
  • Тұрақты энергетикалық трансформацияға жәрдемдесу
  • Тиісті тексеру үшін мәнді әсерлер
  • Биологиялық әртүрлілікке қауіп төндіретін табиғи ортадағы жасанды кедергілерді қалыптастыру
  • Қалдықтардың, оның ішінде радиоактивті қалдықтардың пайда болуы
  • Су алу және су тұтыну

(S) Стратегиялық әсерлер

  • Еңбек жағдайларын стандарттан жоғары деңгейде қамтамасыз ету, қызметкерлерді оқыту және қайта даярлау
  • Тиісті тексеру үшін мәнді әсерлер
  • Денсаулық, қауіпсіздік және өзге де инциденттер
  • Жергілікті қауымдастықтарға әсер
  • Клиент деректерінің қорғалуын қамтамасыз ету және ақпараттың сенімділігін сақтау

(G) Стратегиялық әсерлер

  • Басшылықтағы әйелдердің үлесі
  • Тұрақты әрі қауіпсіз корпоративтік мәдениет, инновациялар мен білім беруді қолдау
  • Тиісті тексеру үшін мәнді әсерлер
  • Жеткізушілермен өзара қатынастарды басқару
  • Сенімді, қолжетімді және қауіпсіз энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ету
  • Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік
  • Экономикалық нәтижелілік
  • Лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету
  • Өндірістік активтерді жаңғырту, тиімділікті арттыру
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Тиімді корпоративтік басқару
  • Бизнес жүргізу этикасы
  • Қызметкерлерді оқыту және дамыту
  • Атмосфераға шығарындылар
  • Жергілікті қауымдастықтармен өзара іс-қимыл және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік
  • Ресурстарды ұтымды пайдалану
  • Қалдықтарды басқару
  • Энергия тұтыну және энергия тиімділігі
  • Су пайдалану

2-кезең. 
Мүдделі тараптардың пікірлерін ескеру

Қалыптастырылған тақырыптар тізбесі негізінде барлық ішкі және шамамен 40 сыртқы мүдделі тараптың қатысуымен сауалнама жүргізілді. Сауалнама барысында респонденттер әрбір тақырыптың маңыздылық деңгейін 1-ден 5-ке дейінгі шкала бойынша бағалады. Алынған нәтижелер елеулілік матрицасын қалыптастыру кезінде пайдаланылып, ESG тақырыптарының өзектілігі мен басымдығын мүдделі тараптар мен Компанияның көзқарастары тұрғысынан кешенді түрде салыстыруға мүмкіндік берді.

3-кезең. 
Тақырыптарды басымдыққа қою

Тақырыптарды басымдыққа айқындау қосарланған маңыздылық қағидаты негізінде жүргізілді. Сауалнама аясында ішкі және сыртқы мүдделі тараптар тақырыптардың маңыздылығын Компания қызметінің қоршаған ортаға, қоғамға, жұмыскерлерге және жергілікті қауымдастықтарға ықпалы тұрғысынан, сондай-ақ олардың Компанияның тұрақтылығы мен ұзақ мерзімді дамуы үшін әлеуетті мәні тұрғысынан бағалады. Басым елеулі тақырыптар тізбесін қалыптастыру мақсатында елеуліліктің шекті деңгейі кемінде 4 балл ретінде белгіленді.

Сауалнама нәтижелері, GRI стандарттарының талаптары және салалық ерекшеліктер ескеріле отырып, басым маңызға ие ESG тақырыптарының тізбесі қалыптастырылып, «Самұрық Энерго» АҚ-ның Директорлар кеңесімен бекітілді. Қорытынды тізбе сондай-ақ Компанияның стратегиялық басымдықтарын, ұзақ мерзімді тәуекелдері мен мүмкіндіктерін, сондай-ақ тұрақты даму саласындағы қабылданған міндеттемелерін ескере отырып пысықталды.

Компанияның елеулі тақырыптар
Елеулі тақырып Әсер ету түрі GRI стандарттары ГД Қағидаттар БҰҰ ТДМ
Жағымсыз Жағымды Тікелей Жанама
Климаттың өзгеруі және қоршаған орта
Климаттың өзгеруі + + 305 7, 8 3, 12, 13, 14, 15
Тұрақты көздерге энергиялық өту + + 302 9 7, 8, 12, 13
Энергияның қолжетімділігі + + 302 9 7, 8, 11, 12
Су ресурстарын басқару + + 303 7, 8 6, 12
Ауа сапасы + + 301 7, 8 8, 12
Қалдықтармен ұтымды жұмыс істеу + + 305 7, 8 3, 12, 13, 14, 15
Биоалуандық + + 304 7, 8 13, 14, 15
Адамдарға қамқорлық жасау
Қызметкерлерді басқару, дамыту және ынталандыру + + 401, 402, 404 3, 4, 5, 8, 10
Жұмыс орнындағы қауіпсіздік және денсаулық + + 403 3, 8, 16
Әртүрлілік, теңдік және инклюзивтілік + + 405, 406 1, 2, 6 5, 8, 10
Тиімді басқару және адалдық
Экономикалық нәтижелілікке үлес + + 201, 203 1, 3, 5, 8, 9, 11, 13
Жеткізудің тұрақты тізбегі + + 204 8
Заңнаманы сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл + + 205 10 16
Цифрлық шешімдер және жасанды интеллект + +
Ақпаратты қорғау + + 418 1,2 9

Маңызды тақырыптар бойынша әсерлердің сипаты

Маңыздылықты бағалау нәтижесінде айқындалған басым тақырыптар «Самұрық Энерго» АҚ қызметінің қоршаған ортаға, қоғамға, жұмыскерлерге, тұтынушыларға және Компания қызметі жүзеге асырылатын өңірлердің экономикасына тигізетін негізгі әрі жүйелі әсерлерін кешенді түрде сипаттайды.

Экологиялық сипаттағы маңызды тақырыптар (шығарындылар, энергия, су ресурстары, қалдықтар) Компанияның өндірістік қызметінің қоршаған орта мен климатқа тікелей ықпалымен байланысты. Бұл ретте табиғи ресурстарды пайдаланудың ауқымы, шығарындылардың қалыптасуы, экологиялық тәуекелдер, сондай-ақ климатқа байланысты реттеушілік және көшу факторлары ескеріледі.

Әлеуметтік маңызды тақырыптар (еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік, тұтынушылардың денсаулығы, жұмыспен қамту, персоналды дамыту, адам құқықтары, деректердің құпиялылығы) Компанияның жұмыскерлерге, мердігер ұйымдарға, тұтынушыларға және жергілікті қауымдастықтарға тікелей ықпалын көрсетеді. Бұл мәселелер еңбек қауіпсіздігі, еңбек жағдайлары, әл-ауқат және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету аспектілерін қамтиды.

Экономикалық және басқарушылық тақырыптар (экономикалық көрсеткіштер, сатып алу қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, салықтық тәртіп) Компания қызметінің қаржылық тұрақтылыққа, іскерлік қызметтің ашықтығы мен адалдығына, реттеушілік талаптардың сақталуына, сондай-ақ мүдделі тараптар сенімінің нығаюына ықпалын айқындайды.

Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл

GRI 2-29

«Самұрық Энерго» АҚ тұрақты даму саласындағы Нұсқаулыққа, «Стейкхолдерлермен кері байланыс тетігі» процесінің картасына, AA сериялы стандарттарға және үздік халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып, мүдделі тараптармен өзара іс-қимылдың жүйелі моделін қалыптастырады. Бұл тәсіл Компания қызметінің жоғары деңгейдегі ашықтығын қамтамасыз етіп, негізгі мүдделі тараптардың мүдделерін ескеруге әрі ықтимал тәуекелдерді дер кезінде айқындап, тиімді басқаруға мүмкіндік береді.

Компанияда Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген мүдделі тараптар картасы қолданылады. Мүдделі тараптарды сәйкестендіру және басымдыққа бөлу Митчелл, Агл және Вуд моделіне сәйкес жүзеге асырылады, бұл модель ықпал ету дәрежесі, легитимділік және өзектілік (шұғылдық) сияқты негізгі өлшемшарттарды ескереді. Компанияның негізгі мүдделі тараптарына акционер, еншілес және тәуелді ұйымдар, жұмыскерлер мен кәсіподақтар, тұтынушылар, жеткізушілер мен іскерлік серіктестер, мемлекеттік органдар, қаржы институттары, жергілікті қауымдастықтар және бұқаралық ақпарат құралдары жатады.

Төменде ұсынылған мүдделі тараптар картасы Компанияның өзара іс-қимыл құрылымын көрнекі түрде бейнелейді Х осі бойынша Компанияның мүдделі тараптарға әсер ету деңгейі, ал Y осі бойынша олардың Компания үшін стратегиялық маңыздылығы көрсетілген.

1231086420
МемлекеттікоргандарАкционерЕншілес және тәуелді ұйымдарБАҚҚызметкерлерТұтынушыларКәсіптікодақтарНаселениеҚаржы институттарыСеріктестерТауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізушілер
Шеңбердің ең кіші өлшемі өзара іс-қимылдың шектеулі деңгейін білдіреді. 
Шеңбердің ұлғаюына қарай өзара іс-қимыл деңгейі де арта түседі.ішкі стейкхолдерлер — қабылданатын шешімдерге тікелей және елеулі ықпал ететін және/немесе осы шешімдердің әсеріне тікелей ұшырайтын мүдделі тараптар.сыртқы стейкхолдерлер — қабылданатын шешімдерге жанама ықпал ететін мүдделі тараптар. Шеңбердің көлемі Компанияның стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл деңгейін көрсетеді.

Мүдделі тараптармен тұрақты әрі дәйекті диалогты қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы Директорлар кеңесі бекіткен Өзара іс-қимыл жоспары қолданылады және ол тұрақты негізде іске асырылады. Оның орындалуына мониторинг жыл сайын жүргізіледі. 2025 жылы Жоспар аясында көзделген барлық іс-шаралар толық көлемде орындалды, оның ішінде инвестициялық жобалар шеңберінде еншілес және тәуелді ұйымдар деңгейінде іске асырылған ұқсас жоспарлар да қамтылды.

Компания энергетика саласындағы саясатты қалыптастыруға, нормативтік-құқықтық ортаны жетілдіруге және тұрақты даму қағидаттарын ілгерілетуге белсенді қатыса отырып, ұлттық және халықаралық салалық ұйымдармен ынтымақтастықты жүйелі түрде дамытады. Есепті жылы «Самұрық Энерго» АҚ басшылығы салалық қауымдастықтардың, сараптамалық топтардың жұмысына, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Энергетика министрлігінің іс-шараларына, сондай-ақ халықаралық форумдарға, оның ішінде Kazakhstan Energy Week / Kazenergy алаңына қатысты.

Мүдделі тараптардың түйінді топтарымен өзара әрекеттесу

Компанияға қатысты стейкхолдердің мүддесі Өзара іс-қимыл тетіктері Өзара іс-қимыл нәтижелері
Ішкі
Акционер
  • Экономикалық пайда/ Шоғырландырылған таза пайда/ Экономикалық нәтижелілік
  • Дамуға және дивидендтерге арналған бос қаражат
  • Нарықтағы үлес/Нарықтарға қатысу
  • Әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік, қоршаған ортаға эмиссияларды барынша азайту, тұрақты даму қағидаттарын сақтау, экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін шағымдар мен айыппұлдардың болмауы.
  • Жиналыстарға қатысу/ «Самұрық-Қазына» АҚ есепті кезеңдегі компания қызметінің нәтижелері туралы мерзімді есептілік
  • ҚР заңнамасының талаптарына, Жалғыз акционердің ішкі нормативтік актілеріне, тиісті сұрауларына сәйкес есептілікті (қаржылық, қаржылық емес) ұсыну
  • Бірлескен жұмыс топтарын ұйымдастыру, мүдделі тараптармен кеңестер, келіссөздер, кездесулер өткізу
  • Медиа-жоспарды қалыптастыру/Компания қызметі туралы ақпаратты жариялау
  • Даму стратегиясының, бизнес-жоспардың орындалуын, инвестициялық жобаларды және тұрақты даму процестерін іске асыруды және т.б. талқылау
  • «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобы қызметінің мәселелері бойынша кездесулер және хат алмасулар
  • Сауалнама, пікіртерім, тестілеу жүргізу
  • Корпоративішілік коммуникация арналары
  • Компанияның жылдық есебі және интернет ресурсы.

Толық ақпарат «Корпоративтік басқару» бөлімінде берілген

Менеджмент және персонал
  • Жұмыспен қамту, қызметкерлер мен басшылықтың өзара қарым-қатынасы, кемсітушілікке жол бермеу, әртүрлі және тең мүмкіндіктер, қызметкерлердің жұмысқа, сондай-ақ Компанияның оның бақылауындағы қызметтерінің жұмысына қанағаттану деңгейі
  • Оқыту және білім беру
  • Өндіріс қауіпсіздігі мәдениетінің деңгейін арттыру.
  • Персонал сыйақысының әділ және ашық жағдайлары, қызметкерлердің кәсіби өсуін қамтамасыз ету, қауіпсіз еңбек жағдайлары
  • Кадрлық әлеуетті дамыту
  • Өндірістік қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтар және еңбек жағдайларын жақсарту бағдарламаларын іске асыру
  • Персоналды және олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру
  • Персоналдың біліктілігін арттыру, оқыту және дамыту бағдарламалары
  • Басшылықпен тұрақты кездесулер, ұжыммен, ЕТҰ өкілдерімен, кәсіптік одақпен, оның ішінде жыл қорытындылары бойынша келіссөздер/ жиналыстар өткізу
  • Қызметкерлерді Компанияның қызметі, корпоративтік сайттар, әлеуметтік желілер арқылы кәсіби өсу мүмкіндіктері туралы хабардар ету
  • «Жедел желі» персоналының тартылу көрсеткіштеріне, корпоративішілік коммуникация арналарына, Компанияның интернет-ресурсына сауалнама, сауалнама, тестілеу, жыл сайынғы мониторинг жүргізу.

Толық ақпарат «ESG аспектілерін басқару» бөлімінде берілген

Еншілес және тәуелді ұйымдар
  • Жұмыспен қамту және еңбекақы төлеу деңгейі, персонал мен басшылықтың өзара қарым қатынасы, кемсітушілікке жол бермеу, әртүрлі және тең мүмкіндіктер
  • Өндіріс қауіпсіздігі мәдениетінің деңгейін арттыру, оқыту және білім беру
  • Нарықтағы үлесі/Нарықтарда өнімдер мен қызметтердің болуы
  • Мемлекеттік органдармен жұмыс істеу кезінде жәрдемдесу, коммерциялық мүдделер.
  • ЕТҰ қатысушысы/акционері ретіндегі Компанияның шешімдері
  • ҚР заңнамасының және «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобының ішкі құжаттарының сақталуын тексеру
  • «Самұрық-Энерго» АҚ ЕТҰ лицензиялық келісімшарттық міндеттемелерінің орындалуын тексеру
  • Басшылықтың ЕТҰ өндірістік алаңдарына баруы
  • ҚР заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлеу
  • Компания қызметінің әртүрлі бағыттары бойынша мемлекеттік органдардың сұраулары бойынша ақпарат беру
  • Стратегиялық ынтымақтастық туралы шарттарға, меморандумдарға, келісімдерге қол қою
  • Компанияның ЕТҰ менеджментінің бұйрықтары мен өкімдерін тыңдауы
  • Бизнес-жоспарды, өндірістік, инвестициялық және әлеуметтік жоспарларды/міндеттемелерді орындау, қызметтің түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізу және Компанияға жіберілетін басқа да өзекті мәселелер бойынша ақпарат/есептер
  • Қызметтің нысаналы көрсеткіштерін, ішкі нормативтік құжаттаманы әзірлеуге қойылатын талаптарды және т.б. тұрақты негізде жеткізу
  • Инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде аппараттық, өндірістік жедел және өзге де кеңестер, қоғамдық тыңдаулар өткізу
  • Өндірістік қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтар, оқыту және білім беру
  • Өтініштер мен шағымдарға кері байланыс беру/ «жедел желі», әлеуметтік желілер, корпоративішілік коммуникация арналары, Компанияның жылдық есебі және интернет ресурсы.

Толық ақпарат «Негізгі қаржылық көрсеткіштері», «ESG аспектілерін басқару», «Корпоративтік басқару» бөлімдерінде берілген

Кәсіптік одақтар
  • Жұмыс орындарын құру және сақтау
  • Өндіріс қауіпсіздігі мәдениетінің деңгейін арттыру.
  • Қоғамдық тыңдауларды жүргізу
  • Стратегиялық ынтымақтастық туралы шарттарға, меморандумдарға, келісімдерге қол қою
  • Басшылықпен тұрақты кездесулер, ұжымдардың, ЕТҰ өкілдерінің келіссөздері/ жиналыстары, жыл қорытындылары бойынша есеп
  • Компания қызметкерлерімен еңбек қатынастарын реттеу ҚР еңбек заңнамасына сәйкес персоналдың еңбегіне ақы төлеу, оқыту және білім беру, қауіпсіз еңбек жағдайлары
  • ЕТҰ-ның ағымдағы қызметі туралы хабарлау
  • Компанияның хаттарын (өтініштерін) қабылдау «Жедел желі«, әлеуметтік желілер, корпоративішілік коммуникация арналары
  • Компанияның жылдық есебі және интернет ресурсы.

Толық ақпарат «ESG аспектілерін басқару» бөлімінде берілген

Сыртқы
Мемлекеттік органдар
  • Талаптарға сәйкестігі, бизнестің тұрақтылығы мен тұрақтылығы, салықтық түсімдер, экономикалық өсу
  • Жұмыс орындарын құру және сақтау
  • Халықаралық аренада елдің экономикалық мүдделерін білдіру (ел үшін экономикалық, саяси және имидждік пайдалар)
  • Өндірістің энергия және ресурс тиімділігі деңгейін арттыру, халықтың денсаулығын қамтамасыз ету және биологиялық әртүрлілікті сақтау үшін қоршаған табиғи ортаны сақтау, қоршаған ортаға эмиссияларды барынша азайту.
  • Компанияның ЕТҰ лицензиялық-келісімшарттық міндеттемелерінің орындалуын тексеру
  • ҚР заңнамасының сақталуын тексеру, ҚР заңнамасына өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар әзірлеу
  • Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды, жер қойнауын пайдалану құқығына арналған мемлекеттік тіркеу актісін келісу
  • Сұраныстарға сәйкес ҚР өндірістік, инвестициялық және әлеуметтік жоспарлар мен міндеттемелерді орындау туралы заңнамасының талаптарына сәйкес ақпарат/ есептілік (қаржылық, қаржылық емес)
  • Келіссөздер, іскерлік хат алмасу, аппараттық, өндірістік, жедел және өзге де кеңестер, сауалнама жүргізу
  • Медиа-жоспарды қалыптастыру/Компания қызметі туралы ақпаратты жариялау
  • «Жедел желі»
  • Компанияның жылдық есебі және интернет ресурсы.

Толық ақпарат «ESG аспектілерін басқару», «Корпоративтік басқару» бөлімдерінде берілген.

Тұтынушылар
  • Нарықтағы үлес/Нарықтарға қатысу
  • Өнімдер мен қызмет сапасы
  • Маркетингтік коммуникациялар.
  • Тұтынушылармен кері байланыс жүйесі Кездесулер, келіссөздер өткізу, сауалнама жүргізу
  • Медиа-жоспарды қалыптастыру/Компаня қызметі туралы ақпаратты жариялау
  • Стратегиялық ынтымақтастық туралы шарттарға, меморандумдарға, келісімдерге қол қою
  • «Жедел желі»
  • Компанияның жылдық есебі және интернет-ресурсы.

Толық ақпарат «Стратегия» бөлімінде берілген

Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізушілер
  • Конкурстарға қатысуға тең қол жеткізуді қамтамасыз ету
  • Инвестициялау және сатып алу практикалары/Сатып алу санаттық стратегияларын іске асыру қорытындылары бойынша пайдалар
  • Жеткізу желісінің тиімділігі және құн жасау тізбегі
  • Отандық тауар өндірушіні қолдау.
  • Баға ұсыныстарын сұрату
  • Тұрақты талдамалық кездесулер, келіссөздер өткізу, іскерлік хат алмасу
  • Стратегиялық ынтымақтастық туралы шарттарға, меморандумдарға, келісімдерге қол қою, лицензиялау
  • Компанияға жіберілетін өндірістік, инвестициялық және әлеуметтік жоспарлар мен міндеттемелердің орындалуы бойынша ақпарат/есептілік
  • Компанияның қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындылары бойынша есептілік
  • Компанияға жолданған хаттарды (өтініштерді) қарау
  • Сауалнама, пікіртерім, тестілеу жүргізу
  • «Жедел желі»
  • Компанияның жылдық есебі және интернет ресурсы.

Толық ақпарат «ESG аспектілерін басқару», «Негізгі қаржылық көресеткіштері» бөлімдерінде берілген.

Бизнес-қоғамдастықтар (Қауымдастықтар, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ЗТБ)
  • Салалық стандарттарды жетілдіруге және сақтауға қатысу
  • Бизнес ортаны жетілдіруге қатысу
  • Бизнес-ортаның мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тетіктері арқылы мемлекеттік органдарда қолдау көрсету, Компанияның заңнамалық бастамаларын ілгерілетуге жәрдемдесу.
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлеу
  • Стратегиялық ынтымақтастық туралы шарттарға, меморандумдарға, келісімдерге қол қою
  • Тұрақты талдамалық кездесулер, келіссөздер өткізу, іскерлік хат алмасу
  • Жұмыс топтарын құру, кеңестер, келіссөздер өткізу, сауалнама жүргізу
  • Компанияның жылдық есебі және интернет ресурсы.

Толық ақпарат «Стратегия», «Негізгі қаржылық көресеткіштері» бөлімдерінде берілген.

Қоғамдық ұйымдар және жергілікті халық
  • Өндіріс қауіпсіздігі мәдениетінің деңгейін арттыру
  • Өндірістің энергия және ресурс тиімділігі деңгейін арттыру Қоршаған ортаға эмиссияларды барынша азайту
  • Қоршаған ортаға әсерді бағалау шеңберінде қоршаған ортаны қорғау мәселелері
  • атмосфералық ауа
  • жер үсті және жер асты сулары
  • су қоймалары түбінің беті
  • ландшафттар
  • жер және топырақ жамылғысы
  • өсімдіктер әлемі
  • жануарлар әлемі
  • экологиялық жүйелердің және экожүйелік қызметтердің жай-күйі
  • биоалуандық
  • халықтың денсаулық жағдайы мен өмір сүру жағдайлары
  • экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық жағынан ерекше құнды объектілер.
  • Заңнамалық талаптарға сәйкестігі, демеушілік және өзге де көмек
  • Жұмысқа орналасу мүмкіндігі, әлеуметтік проблемаларды шешу, Компания қызметінің ашықтығы, қоршаған табиғи ортаны сақтау.
  • Қоғамдық тыңдауларды жүргізу
  • ҚР заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлеу
  • Медиа-жоспарды қалыптастыру/Компанияның қызметі туралы ақпаратты БАҚ-та жариялау
  • Сауалнамалар, пікіртерімдер, тестілеу
  • Компанияның және ЕТҰ-ның ағымдағы қызметі туралы хабарлау
  • Компанияға жолданған хаттарды (өтініштерді) қарау
  • «Жедел желі», әлеуметтік желілер
  • Компанияның жылдық есебі және интернет ресурсы

Толық ақпарат «ESG аспектілерін басқару» бөлімінде берілген

Серіктестер
  • Нарықтағы үлес/Нарықтарға қатысу
  • Жобаларды бірлесіп іске асыру
  • Технологиялар, құзыреттер және инновациялар трансферті.
  • Компанияның ЕТҰ қатысушысы/акционері, бірлескен консультативтік-кеңесші органдар ретіндегі шешімдері
  • Бірлескен жұмыс топтарын ұйымдастыру, тексерулер жүргізу
  • Кеңестер, келіссөздер, іскерлік хат алмасу, сауалнама жүргізу
  • Ағымдағы қызмет туралы есептер
  • ЕТҰ қызметі мәселелері бойынша хат алмасу
  • Компанияның жылдық есебі және интернет ресурсы.

Толық ақпарат «Стратегия», «Негізгі қаржылық көресеткіштері» бөлімдерінде берілген.

Қаржы институттары
  • Экономикалық пайда/ Шоғырландырылған таза пайда/ Экономикалық нәтижелілік
  • Дамуға және дивидендтерге арналған бос қаражат.
  • Қолданыстағы кредиттік келісімдердің талаптарына сәйкес компания туралы есептерді/ ақпаратты ұсыну
  • ҚР заңнамасының талаптарына, Жалғыз акционердің ішкі нормативтік актілеріне, тиісті сұрауларына сәйкес есептілікті (қаржылық, қаржылық емес) ұсыну
  • Медиа-жоспарды қалыптастыру/Компанияның қызметі туралы ақпаратты БАҚ-та жариялау
  • Компанияның жылдық есебі және интернет ресурсы.

Толық ақпарат «Стратегия», «Негізгі қаржылық көресеткіштері» бөлімдерінде берілген.

Халықаралық ұйымдар
  • Компанияның халықаралық келісімдерге, бастамаларға қатысуы
  • Конференциялар, форумдар, жыл сайынғы кездесулер
  • Стратегиялық ынтымақтастық туралы шарттарға, меморандумдарға, келісімдерге қол қою
  • Жұмыс топтарын құру, кеңестер, келіссөздер өткізу, сауалнама жүргізу
  • Компанияның жылдық есебі және интернет ресурсы.

Толық ақпарат «Стратегия», «Негізгі қаржылық көресеткіштері» бөлімдерінде берілген.

Кредиторлар
  • Экономикалық пайда/ Шоғырландырылған таза пайда/ Экономикалық нәтижелілік
  • Дамуға және дивидендтерге арналған бос қаражат
  • Таза активтердің (NAV) құны
  • Инвестициялау және сатып алу практикалары/Сатып алу санаттық стратегияларын іске асыру қорытындылары бойынша пайдалар.
  • Тұрақты талдамалық кездесулер мен келіссөздер өткізу, іскерлік хат алмасу, сауалнама жүргізу
  • Медиа-жоспарды қалыптастыру/Компанияның қызметі туралы ақпаратты БАҚ-та жариялау
  • «Жедел желі»
  • Компанияның жылдық есебі және интернет ресурсы.

Толық ақпарат «Стратегия», «Негізгі қаржылық көресеткіштері» бөлімдерінде берілген.

Жергілікті атқарушы органдар
  • Талаптарға сәйкестігі, жұмыс орындарын құру және сақтау, демеушілік және өзге де көмек
  • Персоналдың еңбегі мен денсаулығын қорғау
  • Өндірістің энергия және ресурс тиімділігі деңгейін арттыру, қор шаған ортаға эмиссияларды ба рынша азайту.
  • Өңірлердің әлеуметтік саласын қолдау және дамыту мақсатында жергілікті атқарушы органдармен ынтымақтастық
  • Волонтерлік және қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру және өткізу
  • «Жедел желі», әлеуметтік желілер
  • Компанияның жылдық есебі және интернет ресурсы.

Толық ақпарат «Стратегия», «Негізгі қаржылық көресеткіштері» бөлімдерінде берілген.

БАҚ
  • Талаптарға сәйкестігі, жұмыс орындарын кұру және сақтау өндіріс қауіпсіздігінің мәдениеті
  • Экономикалық пайда және нәтижелілік
  • Нарықтағы үлес/Нарықтарға қатысу
  • Өндірістің энергия және ресурс тиімділігі деңгейін арттыру
  • Қоршаған ортаға эмиссияларды барынша азайту.
  • Баспасөз конференцияларын өткізу, баспасөз релиздерін беру
  • Медиа-жоспарды қалыптастыру/Компания қызметі туралы ақпаратты жариялау
  • «Жедел желі», әлеуметтік желілер
  • Компанияның жылдық есебі және интернет ресурсы.

Толық ақпарат аспектілерін «ESG басқару» Ұжыммен кері байланыс әлеуметтік аясында бөлімінде берілген

Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жоспары

«Самұрық-Энерго» АҚ-да 2021 жылғы 23 қыркүйектегі Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген (№10/21 хаттама) Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жоспары тұрақты негізде іске асырылады. Жоспардың орындалуына мониторинг жыл сайын жүргізіледі.

2025 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ-ның мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жоспары шеңберінде көзделген іс-шаралар толық көлемде орындалды (қосымшаны қараңыз).

Еншілес және тәуелді ұйымдарда МТӨІЖ іске асыру

Компанияның еншілес және тәуелді ұйымдары қолданыстағы инвестициялық жобалар шеңберінде бекітілген Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жоспарларының орындалуына мониторинг жүргізді. «АлЭС» АҚ, «У.Д. Қантаев атындағы Мойнақ СЭС» АҚ және «АЖК» АҚ негізгі жобалары бойынша МТӨІЖ орындалуы туралы есептер 2025 жылы тиісті еншілес және тәуелді ұйымдардың директорлар кеңестерімен бекітілді.

Ұлттық және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл

«Самұрық-Энерго» АҚ ТМД Электроэнергетикалық кеңесі, Қазақстан электр энергетикасы қауымдастығы, «Атамекен» ҚР ҰКП, «KAZENERGY» қауымдастығы, Қазақстан машина жасаушылар одағы, ECOJER қауымдастығы, Дүниежүзілік энергетикалық кеңес, БҰҰ Жаһандық шарты және «Paryz» жұмыс берушілердің ұлттық конфедерациясы сияқты бірқатар ұлттық және халықаралық салалық әрі қоғамдық бірлестіктердің мүшесі болып табылады.

Аталған ұйымдардағы қатысу салалық диалогты дамытуға, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруге, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және ESG күн тәртібін ілгерілетуге ықпал етеді.

2025 жылы Компания басшылығы ұлттық және халықаралық деңгейдегі отырыстарға, кеңестерге және салалық іс-шараларға, оның ішінде Kazakhstan Energy Week 2025 пен бейінді қауымдастықтардың отырыстарына белсенді қатысты.

Мемлекеттік органдармен және Акционермен өзара іс-қимыл

Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл (GR)

2025 жылы Компания инвестициялық жобаларды іске асыру, «жасыл» және дәстүрлі энергетиканы дамыту, сондай-ақ заңнамаға өзгерістер енгізуді бастамалау мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және жалғыз акционермен белсенді хат алмасу жүргізді.

Есепті кезеңде 10 677 кіріс және 3 155 шығыс құжат қаралды және жолданды. Компания «Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңына түзетулер әзірлеуге және талқылауға, электр энергиясы мен қуат нарықтарының жұмыс істеу қағидаларын жетілдіруге, сондай-ақ перспективалы цифрлық және инфрақұрылымдық жобалар бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылға қатысты.

Акционермен өзара іс-қимыл

2025 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның медиа-жоспарлары шеңберінде Компания қызметін ақпараттық және есептік сүйемелдеу қамтамасыз етілді, оның ішінде инвестициялық жобаларды, ESG-бастамаларды және корпоративтік іс-шараларды жария ету жүзеге асырылды.

Компания Акционерге басқарушылық, қаржылық және кадрлық есептілікті уақтылы ұсынып отырды, сондай-ақ қызмет нәтижелері бойынша ай сайынғы тыңдауларға қатысты (12 тыңдау).

Еншілес және тәуелді ұйымдармен және ішкі стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл

Еншілес және тәуелді ұйымдармен өзара іс-қимыл

ЕТҰ-мен өзара іс-қимыл корпоративтік басқару қағидаттарына және ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады. 2025 жылы Компания басшылығы операциялық және әлеуметтік қызметті мониторингтеу мақсатында ЕТҰ өндірістік алаңдарына тұрақты түрде барды.

2024–2025 жылдары еңбек жағдайларын және санитариялық-тұрмыстық инфрақұрылымды жақсарту жөніндегі іс-шаралар іске асырылды. 2025 жылы есептік жиналыстар, алқалы органдардың отырыстары және 2024–2033 жылдарға арналған Даму стратегиясын іске асыру мәселелері бойынша стратегиялық сессия өткізілді.

Ішкі стейкхолдерлер

Компания корпоративтік мәдениетті дамытуға және персоналдың әл-ауқатын арттыруға айрықша мән береді. 2025 жылы спорттық, мәдени және әлеуметтік іс-шаралар, сондай-ақ персоналдың әл-ауқаты мен әлеуметтік тұрақтылығына қатысты зерттеулер жүргізілді.

Әкімшілік-басқарушылық персоналдың әл-ауқат индексі 59%-ға жетті (13 п.т. өсім), әлеуметтік тұрақтылық индексі — 77% (8 п.т. өсім), бұл қызметкерлердің тартылу деңгейінің оң динамикасын көрсетеді.

Жергілікті қауымдастықтармен өзара іс-қимыл

2025 жылы Компания мен ЕТҰ жаңартылатын және дәстүрлі энергетика салаларындағы инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде қоғамдық және жария тыңдаулар ұйымдастырды, сондай-ақ тарифтік мәселелер мен генерация объектілерін жаңғырту жобалары бойынша халықпен кездесулер өткізді.

БАҚ-пен өзара іс-қимыл

2025 жылы Компания бұқаралық ақпарат құралдарымен жүйелі әрі проактивті өзара іс-қимылды қамтамасыз етті. БАҚ-та және әлеуметтік желілерде 100-ден астам материал жарияланып, сұхбаттар, пресс-турлар, брифингтер және экскурсиялар өткізілді.

Аудиторияны қамту мен тартылу деңгейінің өсуі байқалды әлеуметтік желілердегі жазылушылар саны, қаралымдар және өзара әрекеттесу көрсеткіштері артты. Медиа-кеңістікке күнделікті мониторинг жүргізіліп, жарияланымдарға, оның ішінде теріс мазмұндағы материалдарға жедел ден қою қамтамасыз етілді.

Негізгі серіктестер

GRI 2‑28

Бағыт Мазмұны
Мiндеттемелер мен iс-әрекетке шақыру
  • БҰҰ-ның жаһандық шарты
  • БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттары
  • БҰҰ әйелдері
Есеп беру
  • GRI
  • TCFD
  • Қазақстан қор биржасы (KASE)
  • Astana International Exchange биржасы (AIX)
Мүшелік және ынтымақтастық
  • KAZENERGY қауымдастығы
  • Қазақстан электр энергетикасы қауымдастығы (ҚЭҚ)
  • ТМД Электр энергетикалық кеңесі (ТМД ЭЭК)
  • Дүниежүзілік Энергетикалық Кеңес Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (ҚР ҰКП)
  • «Қазақстанның машина жасаушылар одағы» ЗТБ
  • ECOJER қауымдастығы
  • «PARYZ» ҚР жұмыс берушілер ұлттық конфедерациясы
  • БҰҰ-ның жаһандық шарты
  • Carbon Disclosure Project (CDP)
Бағалаулар мен рейтингтер
  • Fitch Ratings
  • Sustainable Fitch
  • PwC Kazakhstan
  • RAEX