Негізгі мазмұнға өту
Samruk Energy
KZ

Миссия, құндылықтаржәне қағидаттар

Миссия

Біз елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз және ресурстарды тұрақты дамыту және тиімді басқару қағидаттарын ұстана отырып, энергияның жедел өтуіне ықпал етеміз.

Құндылық-тары

Тәлімгерлік

Компания өзара қолдауды, ашық өзара іс-қимылды және білім алмасуды қолдайды, кәсіби тәжірибені сақтау мен дамытуға ықпал етеді.

Сенімділік

Компания қызметтің үздіксіздігі мен сапасына, қабылданған міндеттемелердің орындалуына, қауіпсіз және бәсекеге қабілетті еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, сондай-ақ қоршаған орта мен болашақ ұрпаққа ұқыпты қарауға жауапты.

Әділдік

Компания шешім қабылдау кезінде объективтілік, тең мүмкіндіктер және әрбір пікірге құрмет қағидаттарын басшылыққа алады.

Кәсібилік

Компания міндеттерді сапалы орындауға, қызметкерлердің құзыреттерін үздіксіз дамытуға және үздік тәжірибелер мен әртүрлі тәсілдерді қолдана отырып тұрақты нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылады.

Қағидаттары

Кәсіпқойлық

Компания қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға жағдай жасайды және жеке және мансаптық өсу үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді.

Комплаенс

Компания адалдық пен жауапкершілік мәдениетін қолдай отырып, заңнама талаптарын, ішкі саясаттарды және этикалық стандарттарды сақтайды.

Қауіпсіздік

Еңбектің қауіпсіз жағдайларын және өндірістік объектілерді қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету Компания қызметінің ажырамас басымдығы болып табылады.

Тәуекелге 
бағдарланған тәсіл

Компания тәуекелдерді уақтылы анықтауға және олардың қызмет пен беделге теріс әсерін барынша азайтуға бағытталған жүйелі тәуекелдерді басқаруды енгізеді.

Әлеуметтік 
жауапкершілік

Компания еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау талаптарын ескере отырып қызметін жүзеге асырады, сондай-ақ жергілікті қоғамдастықтар мен Компания мүдделерін құрметтейді.

Транспаренттілік

Компания ашықтық және мүдделі тараптармен сындарлы өзара іс-қимыл қағидаттарын ұстанады, барлық қатысушылардың құқықтарын сақтай отырып, мүдделер теңгерімін қамтамасыз етеді.

Компанияның миссиясы мен көзқарасының негізгі элементтері

Энергетикалық қауіпсіздік

  • Қауіпсіздік
  • Мемлекет
  • Базалық генерация
  • Сенімділік
  • Тірек, негіз («backbone»)
  • Маневрлік қабілеттілік
  • Жаңғырту
  • Жеткізу тізбегі

Тиімділік

  • Ресурсттарды тиімді пайдалану
  • Жоғары КИУМ (орнатылған қуатты пайдалану коэффициенті)
  • Озық және үздік технологиялар
  • Энергия тиімділігі
  • Операциялық тиімділік
  • Қаржылық тұрақтылық
  • Заңнамалық бастамалар
  • Тарифтер

Энергетикалық көшу

  • Елдік міндеттемелер
  • Таза көмір
  • ЖЭК-ті жедел енгізу
  • Халықаралық ынтымақтастық

ESG Тұрақты даму

  • Тұрақты даму
  • Экология
  • Қоршаған орта
  • Қызметкерлер
  • Мүдделі тараптар
  • Әлеуметтік қолдау
  • Адамдар
  • Корпоративтік басқару
  • Өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету