Негізгі мазмұнға өту
Samruk Energy
KZ

Бағалы қағаздар

Акционерлік капитал

2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Компанияның жарияланған бағалы қағаздарының саны 8 602 187 дана болды, оның ішінде орналастырылғаны – 7 198 467 акция.

2025 жылғы 31 желтоқсанда 7 198 467 шығарылған жай акция толық төленді және олардың жалпы сомасы 538,908,267 мың теңгені құрады (2024 жылғы 31 желтоқсанда 6 952 267 акция, сомасы 507 435 225 мың теңге).

Әрбір жай акция бір дауыс беру құқығын береді. Компанияда артықшылықты акциялар жоқ. Жарияланған акциялар саны 8 602 187 дана (2024 жылғы 31 желтоқсанда да – 8 602 187 акция).

2025 жылғы 31 желтоқсанда «Самұрық-Қазына» АҚ Компанияның 100% акциясына иелік ететін жалғыз акционер болып табылады (2024 жылы – 100%).

2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша бір жай акцияның номиналды құны 10 000 теңгені құрады.

Базалық бір акцияға шаққандағы пайда «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы акционерлеріне тиесілі пайданың есепті жыл ішінде айналымда болған жай акциялардың орташа өлшенген санына қатынасы ретінде айқындалады. «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында ықтимал жай акциялардың сұйылту әсері жоқ. Осыған байланысты акцияға шаққандағы сұйылтылған пайда көрсеткіші акцияға шаққандағы базалық пайда мәніне толық сәйкес келеді.

Бір акцияға шаққандағы пайда, мың теңге

Көрсеткіш20242025
Жыл ішіндегі Компаниялар тобы акционерлеріне тиесілі пайда (мың теңге)154,798,267112,507,839
Айналымдағы жай акциялардың орташа өлшенген саны, дана7,066,8166,735,443
«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы акционерлеріне тиесілі бір акцияға шаққандағы пайда (теңге бойынша дөңгелектелген)21,90516,704

Қор биржасы кеңесінің 2010 жылғы 4 қазандағы шешіміне сәйкес, «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) талаптарына сай Компанияның шоғырландырылған қаржылық есептілігінде есепті күнге бір акцияның (жай және артықшылықты) баланстық құны туралы мәліметтер қамтылуы тиіс, бұл көрсеткіш KASE бекіткен қағидаларға сәйкес есептеледі.

2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Компаниялар тобы басшылығы шоғырландырылған қаржылық есептілік деректері негізінде айқындаған бір акцияның баланстық құны 129,45 теңгені құрады. Салыстыру үшін 2024 жылғы 31 желтоқсанда бұл көрсеткіш 110,361 теңге болған.

Бір акцияның баланстық құны, мың теңге

Көрсеткіш202320242025
Барлық активтер1,147,518,4411,414,286,3991,823,896,040
Минус материалдық емес активтер(3,873,844)(5,545,328)(7,678,079)
Минус барлық міндеттемелер(455,602,222)(641,483,819)(885,135,182)
Жай акциялар үшін таза активтер688,042,375767,257,252931,082,779
31 желтоқсандағы жай акциялар саны6,311,9676,952,2677,198,467
Бір акцияның баланстық құны, теңге109,006110,361129,345

Дивидендтік саясат

Компанияның дивидендтік саясаты Жалғыз акционердің мүдделерін сақтау, Компания құнының ұзақ мерзімді өсуін қамтамасыз ету, дивиденд мөлшерін айқындау тетіктерінің ашықтығы және қаржылық тұрақтылықты қолдау қағидаттарына негізделеді.

Дивидендтер мөлшері Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы заңнамасына, сондай-ақ халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес дайындалған жылдық аудиттелген қаржылық есептілікте көрсетілген Компанияның таза табысы негізінде есептеледі.

Дивидендтер төлеу мәселесін қарау кезінде Директорлар кеңесі Жалғыз акционерге өткен қаржы жылы үшін таза табысты бөлу туралы ұсыныстар енгізеді, оның ішінде бір жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшерін айқындайды.

Дивидендтерді төлеу Жалғыз акционердің шешімімен белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.

Кесте 84. Дивидендтер төлеу, мың теңге

КезеңСомасы
2025 ж. (2024 жылдың қорытындылары бойынша)20 565 918
2024 ж. (2023 жылдың қорытындылары бойынша)24 815 868
2023 ж. (2022 жылдың қорытындылары бойынша)2 041 000
2022 ж. (2021 жылдың қорытындылары бойынша)2 041 000