Негізгі мазмұнға өту
Samruk Energy
KZ

Басқару органдары

Акционер

«Самұрық‑Энерго» АҚ‑ның 100% акциясы Жалғыз акционер — «Самұрық‑Қазына» АҚ‑на тиесілі. Қор қызметі туралы ақпарат оның ресми сайтында қолжетімді (www.sk.kz).

Жалғыз акционермен өзара іс‑қимыл корпоративтік этика, ашықтық және есептілік қағидаттарына негізделе отырып, заңнама талаптарын қатаң сақтау жағдайында жүзеге асырылады. Компания акционердің барлық заңды құқықтарының іске асырылуын және оның мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етеді.

Акционердің басқарушылық функциялары Компанияның стратегиялық бағдарларын, қызметінің негізгі бағыттарын және ұзақ мерзімді даму басымдықтарын айқындау арқылы жүзеге асырылады. Акционердің өкілеттіктері мен жауапкершілігі «Самұрық‑Энерго» АҚ Жарғысында бекітілген. Өз қызметінде Компания акционердің ұстанымын жүйелі түрде ескере отырып, тұрақты даму мен ұзақ мерзімді құнның өсуін қамтамасыз етеді.

Жалғыз акционердің негізгі құқықтарына мыналар жатады:

  • Қазақстан Республикасының заңнамасына, Жарғыға және ақпаратты ашу саласындағы Компанияның ішкі регламенттеріне сәйкес шешім қабылдауға жеткілікті және уақтылы ақпарат алу;
  • өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша дауыс беруге қатысу;
  • Директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін айқындауға, оның мүшелеріне сыйақы төлеу тәртібін бекітуге, сондай‑ақ олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдауға қатысу;
  • бекітілген және ашық дивидендтік саясатқа сәйкес дивидендтер алу;
  • Есепті кезеңде Жалғыз акционер келесі негізгі шешімдерді қарады;
  • «Самұрық‑Энерго» АҚ‑ның 2024 жылға арналған жылдық қаржылық есептілігін бекіту;
  • 2024 жылға арналған таза табысты бөлу тәртібі және «Самұрық‑Энерго» АҚ‑ның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін айқындау;
  • «Самұрық‑Энерго» АҚ‑ның және оның лауазымды тұлғаларының іс‑әрекеттеріне қатысты Жалғыз акционердің өтініштері және оларды қарау қорытындылары (2024 жылға);
  • «Самұрық‑Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің құрамын сайлау.

Директорлар кеңесі

GRI 2–9

Директорлар кеңесі Компанияның стратегиялық басшылығын жүзеге асырып, тұрақты дамуды қамтамасыз етеді және қызметінің ұзақ мерзімді тиімділігін арттыруға бағытталған. Басқару органдары барлық мүдделі тараптардың мүдделерін ескере отырып және тұрақты даму қағидаттарын сақтай отырып, негізделген және теңгерімді шешімдер қабылдайды.

Директорлар кеңесі атқарушы орган қызметіне тиімді бақылау жасайды. Жарғыға сәйкес Директорлар кеңесі өз жұмысын келесі негізгі бағыттарға шоғырландырады:

  • Даму стратегиясын айқындау және ESG мақсаттарын бизнес‑процестерге интеграциялау;
  • негізгі тиімділік көрсеткіштерін белгілеу және оларды тұрақты мониторингтеу;
  • тәуекелдерді басқару жүйесін ұйымдастыру және тиісті ішкі бақылауды қамтамасыз ету;
  • ірі инвестициялық және стратегиялық жобаларды бекіту және олардың іске асырылуын бақылау;
  • Компания басшылығын тағайындау, сыйақыландыру және олардың қызметін бағалау;
  • корпоративтік басқару және іскерлік этика;
  • корпоративтік басқару кодексі талаптары мен ішкі нормативтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

Өз қызметінде Директорлар кеңесінің мүшелері келесі қағидаттарды басшылыққа алады:

  • Компанияның Жарғысында белгіленген өкілеттіктер шеңберінде әрекет ету;
  • отырыстарға және оларға дайындыққа жеткілікті уақыт бөлу. Бір адамға төрттен артық директорлар кеңесіне қатысуға және (Директорлар кеңесінің келісімі болған жағдайда) ең көбі екі кеңесте төрағалық етуге жол беріледі;
  • Компанияға, қоршаған ортаға, беделге және барлық мүдделі тараптардың мүдделеріне әсерін ескере отырып, шешімдер қабылдау арқылы Компанияның ұзақ мерзімді құнын арттыруды және тұрақты дамуын қамтамасыз ету;
  • іскерлік этиканың жоғары стандарттарын ұстану және қызметкерлер үшін жеке үлгі көрсету;
  • мүдделер қақтығысын болдырмау және жеке мүдделілік болуы мүмкін мәселелерді талқылауға қатыспау;
  • корпоративтік басқару, қаржы, тәуекелдерді басқару және тұрақты даму мәселелері бойынша кәсіби деңгейін үнемі арттыра отырып, кәсіби және теңгерімді әрекет ету, сондай‑ақ негізгі өндірістік объектілерге барып, қызметкерлермен өзара іс‑қимыл жасау.

2025 жылы Директорлар кеңесінің төрағасы міндеттері акционер өкілі Николай Юрьевич Казутинге жүктелді. Аға тәуелсіз директор функциялары Арман Қайырберліұлы Қашқынбековке тапсырылды.

Есепті кезеңде Директорлар кеңесінің құрамы акционер өкілдері А. Огай мен К. Молдабаевты сайлау арқылы күшейтілді, олар энергетика және стратегиялық жоспарлау салаларында елеулі тәжірибеге ие.

2025 жылы Компанияның Директорлар кеңесі жеті мүшеден тұрды, оның ішінде үш тәуелсіз директор – А. Қашқынбеков, А. Жұбаев және Г. Атамқұлова болды. Тәуелсіз директорлар қаржы, бухгалтерлік есеп, аудит, инженерия, стратегиялық менеджмент және дәстүрлі әрі «жасыл» энергетиканы, оның ішінде ESG бағыттарын дамыту салаларында кең кәсіби тәжірибеге ие.

«Самұрық‑Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің қолданыстағы құрамы салалық сараптама, дағдылар, халықаралық байланыстар, тәуелсіздік деңгейі тұрғысынан теңгерімді және гендерлік әртүрлілікті қамтамасыз етеді.

Директорлар кеңесінің мүшелері Компанияның, оның еншілес және аффилиирленген ұйымдарының, сондай‑ақ жеткізушілер немесе бәсекелестердің акцияларына иелік етпейді, бұл тәуелсіздіктің жоғары деңгейін сақтауға және мүдделер қақтығысын болдырмауға мүмкіндік береді.

2025 жылы Директорлар кеңесіндегі әйелдердің үлесі 14%-ға жетті, және Компания басқару органындағы олардың үлесін одан әрі арттыруға ұмтылуда.
Корпоративтік басқару жүйесі

Іріктеу және қайта сайлау саясаты

GRI 2-9, 2-10

Директорлар кеңесінің қызмет тәртібі, құзыреттері, сондай-ақ оның мүшелерінің құқықтары мен міндеттері Компания Жарғысында және Директорлар кеңесі туралы Ережеде бекітілген. Директорлар кеңесінің құрамын қалыптастыру, оның ішінде кандидаттарды іздеу және іріктеу, бүкіл Кеңестің немесе оның жекелеген мүшелерінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін алдын ала жүзеге асырылады.

Директорлар кеңесінің мүшелері жалпы акционерлер жиналысында айқын әрі ашық рәсімдерге сәйкес сайланады. Бұл ретте кандидаттардың кәсіби құзыреттері, практикалық тәжірибесі, жетістіктері, іскерлік беделі, жеке қасиеттері, сондай-ақ гендерлік және кәсіби әртүрлілікті қамтамасыз ету ескеріледі. Директорлар кеңесінің мүшелерін немесе оның толық құрамын қайта сайлау кезінде олардың Кеңес пен Компания қызметінің тиімділігін арттыруға қосқан үлесі назарға алынады.

Директорлар кеңесіне кандидаттарды іріктеу кезінде мыналар ескеріледі:

  • басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі, оның ішінде директорлар кеңесінің мүшесі ретінде;
  • еңбек өтілі;
  • білімі, мамандығы, халықаралық сертификаттарының болуы және қызмет бағыттары бойынша құзыреттері;
  • іскерлік беделі;
  • тікелей немесе әлеуетті мүдделер қақтығысының болуы.

Директорлар кеңесінің толық құрамын немесе жекелеген мүшелерін сайлау туралы мәселені Жалғыз акционер немесе Тағайындаулар және сыйақылар комитеті ұсынуы мүмкін.

Директорлар кеңесінің мүшелері келесілер қатарынан сайланады:

  • акционерлер – жеке тұлғалар;
  • жеке тұлға болып табылатын акционерлер
акционерлердің мүдделерін білдіру үшін ұсынылған немесе ұсынылған тұлғалар;
  • Компанияның жалғыз акционері болып табылмайтын және жалғыз акционердің өкілі ретінде ұсынылмаған жеке тұлғалар.

Директорлар кеңесі құрамының кемінде үштен бір бөлігін тәуелсіз директорлар құрауы тиіс. Тәуелсіз директор — жеткілікті кәсіби сараптамаға және дербестікке ие тұлға, бұл оған жекелеген акционерлердің, атқарушы органның немесе басқа мүдделі тараптардың ықпалына тәуелсіз объективті шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

Тәуелсіз директорлар Директорлар кеңесінің негізгі комитеттерін, соның ішінде Аудит комитетін, Тағайындаулар және сыйақылар комитетін басқарады, сондай-ақ басқа комитеттердің жұмысына қатысады. Өз міндеттерін орындау барысында тәуелсіз директор өзінің тәуелсіз мәртебесін жоғалтуға әкелуі мүмкін факторларды дербес бақылауға және мұндай жағдайлар туындаған жағдайда Директорлар кеңесінің төрағасын уақтылы хабардар етуге міндетті. Осындай факторлар анықталған жағдайда, Директорлар кеңесінің төрағасы тиісті шешімдер қабылдау үшін Жалтғыз акционерді дереу хабардар етеді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Компанияның тәуелсіз директорлары белгіленген тәуелсіздік критерийлеріне толық сәйкес келді.

«Самұрық‑Қазына» АҚ Қорының барлық дауыс беруші акциялары тиесілі компанияларда Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау процесіне ерекше тәсілдер қолданылады:

  • Директорлар кеңесінің төрағасы Жалғыз акционердің шешімімен сайланады
  • егер Директорлар кеңесінің төрағасы Қор өкілдері қатарынан сайланса, Директорлар кеңесі тәуелсіз мүшелер қатарынан аға тәуелсіз директорды сайлайды
  • Директорлар кеңесінің құрамына кандидаттарды іздеу және іріктеу Қор тарапынан Директорлар кеңесінің төрағасымен және Компанияның Тағайындаулар және сыйақылар комитетінің төрағасымен бірлесіп жүргізіледі.

Бұл тәртіп Қордың корпоративтік басқару органдарын қалыптастырудағы бірыңғай тәсілдерін қамтамасыз етеді, Директорлар кеңесінің негізгі функцияларының тәуелсіздігін нығайтады және оның жұмысының тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Директорлар кеңесінің құрамына Үкімет мүшелерінің және мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының қатысуына жол берілмейді.

Директорлар кеңесінің мүшелері үш жылға дейінгі мерзімге сайланады. Қанағаттанарлық жұмыс нәтижелері бойынша олардың өкілеттіктері тағы бір үш жылдық мерзімге ұзартылуы мүмкін. Алты жылдан астам (қатарынан екі мерзім) өкілеттік мерзімге сайлау Директорлар кеңесінің құрамын сапалы жаңарту қажеттілігін ескере отырып жеке қарастыруды талап етеді. Әрбір мүшенің өкілеттік мерзімі бүкіл Кеңестің өкілеттік мерзімімен сәйкес келеді және жаңа құрамды қалыптастыру туралы Жалпы акционерлер жиналысының шешімі қабылданған сәтте тоқтатылады.

Тәуелсіз директордың қызметте болу мерзімі қатарынан тоғыз жылдан аспауы тиіс. Ерекше жағдайларда көрсетілген мерзімнен асқан жағдайда оны ұзартуға жол беріледі. Тәуелсіз директорды Директорлар кеңесіне сайлау жыл сайын жүргізіліп, оның қажеттілігі мен мұндай шешімнің тәуелсіздікке ықпалы туралы егжей-тегжейлі түсіндірме беріледі.

Ешбір тұлға өзін тағайындау, сайлау немесе қайта сайлау мәселелерін талқылауға және шешім қабылдауға қатысуға құқылы емес, бұл тиісті рәсімдердің объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді.

Директорлар кеңесінің ESG қағидаттарын ілгерілетудегі рөлі

GRI 2-12

Директорлар кеңесі тұрақты даму саласындағы саясатты енгізуді қамтамасыз етеді және Компанияның ESG саласындағы қызметін реттейтін негізгі құжаттарды қарастырады. Есепті кезеңде Директорлар кеңесі тұрақты даму саласындағы басшылықты бекітті, ол «Самұрық‑Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша тұрақты даму процестерін біріздендіруге және жүйелеуге бағытталған негізгі нормативтік құжат болып табылады. Сонымен қатар 2025 жылға арналған «Самұрық‑Энерго» АҚ тұрақты дамуды басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі Жол картасы бекітілді, ол Компания қызметінің тиімділігін арттыруға және ESG қағидаттарын одан әрі ілгерілетуге бағытталған іс‑шаралар кешенін қамтиды.

Директорлар кеңесі қызметінің тиімділігін бағалау

GRI 2–18

Директорлар кеңесінің, оның комитеттерінің және жекелеген мүшелерінің қызмет тиімділігі Директорлар кеңесі бекіткен құрылымдалған процесс аясында жыл сайын бағаланады. Бағалау өзін‑өзі бағалау нысанында немесе объективтілікті қамтамасыз ету және талдау сапасын арттыру мақсатында тәуелсіз консультантты тарту арқылы жүргізілуі мүмкін. Тәуелсіз консультанттың қатысуымен бағалау кемінде үш жылда бір рет өткізіледі.

Директорлар кеңесінің қызметін бағалау оның кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған және Кеңес мүшелерін қайта сайлау немесе олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдауда ескеріледі. Негізгі мақсат — Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің жұмыс сапасын жақсарту, бұл Компанияның ұзақ мерзімді құнының өсуіне және тұрақты дамуына ықпал етеді.

Бағалаудың негізгі міндеттері

  • Директорлар кеңесінің, оның комитеттерінің, төрағаның, мүшелердің және корпоративтік хатшының қызмет нәтижелілігін кешенді талдау
  • халықаралық үздік тәжірибелерді ескере отырып, күшті жақтар мен жақсарту аймақтарын анықтау
  • одан әрі жетілдірудің басым бағыттарын айқындау
  • қажетті тәжірибе, сараптама және құзыреттерді ескере отырып, Кеңес құрамын оңтайландыру.

2025 жылы Директорлар кеңесінің, оның төрағасының, әр мүшесінің, комитеттерінің және корпоративтік хатшының қызмет тиімділілігіне тәуелсіз бағалау жүргізілді.

Тәуелсіз бағалау тәуелсіз компания жинаған құжаттар мен материалдарды талдау нәтижелеріне, сондай-ақ сұхбаттар барысында алынған ақпаратқа негізделіп, келесіні көрсетті

  • Директорлар кеңесі мен оның қызметі сандық көрсеткіштерді талдау негізінде белгіленген талаптарға, стандарттарға және рәсімдерге қаншалықты сәйкес келетіні
  • Директорлар кеңесі мен оның қызметі Компания қызметінің тиімділігін арттыруға, акционерлік құнын өсіруге және Компания, оның акционері және басқа да мүдделі тараптардың мүдделеріне қаншалықты сәйкес келетіні.

Бағалау әдістемесі Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің барлық мүшелерін сауалнама арқылы қамтиды. Алынған нәтижелер корпоративтік басқару жүйесін одан әрі дамыту бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді. Тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша Директорлар кеңесі белгіленген критерийлердің көпшілігіне елеулі дәрежеде сәйкес келетіні анықталды, бұл оның тиімді жұмыс істеуін растайды. Сәйкестік деңгейі 87,32%-ды құрады, бұл «А» жетілу деңгейіне сәйкес келеді. Бағалау қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жою және Директорлар кеңесі мен корпоративтік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған іс‑шаралар жоспары әзірленіп бекітілді.

Сәйкестік деңгейі

87,32%

құрады, бұл «А» жетілу деңгейіне сәйкес келеді.

GRI 2–16

Директорлар кеңесін маңызды қаржылық және қаржылық емес тәуекелдер туралы хабардар ету тәртібі қолданыстағы заңнама және Компанияның ішкі нормативтік құжаттарымен реттеледі. 2025 жылдың қорытындысы бойынша мұндай жағдайлар тіркелген жоқ.

Қызметке кіріспе бағдарламасы

2016 жылдан бастап Компанияда Директорлар кеңесінің жаңа мүшелеріне арналған қызметке кіріспе бағдарламасы қолданылады, оны үйлестіруді корпоративтік хатшы жүзеге асырады. Бағдарлама аясында жаңа мүшелер Компанияның қызметінің негізгі бағыттарымен, олардың құқықтары мен міндеттерімен, сондай‑ақ негізгі ішкі құжаттармен, оның ішінде маңызды тәуекелдер бойынша материалдармен жан‑жақты таныстырылады.

2025 жылы Атамқұлова Г. сайлануына байланысты оған арналған қызметке кіріспе бағдарламасы ұйымдастырылып, табысты іске асырылды.

Директорлар кеңесінің мүшелерін оқыту және дамыту

GRI 2–17

2025 жылғы 25 қарашада McKinsey & Company компаниясының қатысуымен Директорлар кеңесінің мүшелері мен топ-менеджментке арналған оқыту сессиясы өтті. Сессия «Жаһандық энергетикалық жүйе және оның даму сценарийлері (Global Energy Perspective 2025)» тақырыбына арналды және қатысушыларға Компанияның стратегиялық басымдықтарына әсер ететін жаһандық трендтерді талқылауға мүмкіндік берді.

2025 жылғы 27–28 қарашада «Инвестициялық жобаларды іске асыру кезіндегі тәуекелдер» тақырыбында оқыту курсы өткізілді.

Компанияның Директорлар кеңесінің құрамы 31.12.2025 жағдай бойынша11

GRI 2-9, 405–1, GRI 12: Coal Sector: 12.19.6

7 адам

Директорлар кеңесі мүшелерінің жалпы саны

3 адам

Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелері

30–50 жас аралығы

Ерлер

Әйелдер

50 жас және одан жоғары

Казутин Николай Юрьевич

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі

Стратегиялық және корпоративтік басқару, экономика, қаржы, құқық және аудит салаларындағы сарапшы.

Азаматтығы 
Қазақстан РеспубликасыТуған күні 
1982 жылғы 28 қараша
Алғаш сайланған күні 
2022 жылғы 18 ақпанӨкілеттік мерзімі 
2028 жылғы 23 маусым

Білімі

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы

Жұмыс тәжірибесі

2023 – «Самұрық-Қазына» АҚ құқықтық сүйемелдеу, қамтамасыз ету және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры

2020 г. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары

2018–2019 – «Шығыс Қазақстан өңірлік энергетикалық компаниясы» АҚ ішкі аудит қызметінің басшысы, Өскемен қаласы

2016–2018 жж. – «Көкшетау минералды сулары» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі

2006–2016 жж. – «Прайсуотерхаускуперс Такс энд Эдвайзори» ЖШС департаментінің аға менеджері, Алматы қаласы

2005–2006 жж.– «Қазинтерполис» сақтандыру брокері» ЖШС қаржылық талдаушысы, Алматы қаласы

2003–2005 жж. – «Amanat Insurance» сақтандыру компаниясы» АҚ қаржылық талдаушысы, Алматы қаласы

2001–2003 жж. – «Өнеркәсіптік сақтандыру тобы» ААҚ филиалдарының сақтандыру және бухгалтерлік есеп жөніндегі маманы, Алматы қаласы.

Мақсұтов Қайрат Берікұлы

Директорлар кеңесінің мүшесі, Басқарма төрағасы

Энергетика, стратегиялық жоспарлау, корпоративтік басқару, қаржы, нарықты дамыту және құқық салаларындағы тәжірибелі сарапшы.

Азаматтығы 
Қазақстан РеспубликасыТуған күні 
16.05.1970
Алғаш сайланған күні 
19.06.2023Өкілеттік мерзімі 
23.06.2028

Білімі

1991 – Қарағанды кооперативтік институты (Қазтұтынуодағы)

2019 – Алматы энергетика және байланыс университеті

Жұмыс тәжірибесі

2023 жылдан бастап – «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы.

2018–2023 жж. – коммерциялық құрылымдарда басшылық лауазымдар

2016 –2018 жж. – «Самұрық-Энерго» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

2013 –2016 жж. – «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары

2012 –2013 жж. – «Самұрық-Энерго» АҚ корпоративтік басқару жөніндегі басқарушы директоры

2013 –2012 жж. – «Самұрық-Энерго» АҚ қаржы және экономика жөніндегі басқарушы директоры

2009 –2013 жж. – «Самұрық-Энерго» АҚ қаржы және экономика жөніндегі Басқарма төрағасының орынбасары

2008 –2009 жж. – Еуразиялық холдингтік компанияның басқарушы директоры

2004 –2008 жж. – «Гефест» тау-кен салалық холдингі экономика жөніндегі вице-президенті

1999 –2004 жж. – «Альфа-Банк» ЕБ АҚ Қарағанды филиалы директорының орынбасары, директоры

1997 –1999 жж. – Әкімшілік кеңес төрағасының орынбасары, Қаражал қаласы әкімінің орынбасары

Огай Алексей Владимирович

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі

«Корпоративтік басқару, стратегия, коммерциялық басқару, инвестициялар, бірігу және жұтылу (M&A) салаларындағы сарапшы.

Азаматтығы 
Қазақстан РеспубликасыТуған күні 
01.12.1970
Алғаш сайланған күні 24.08.2023Өкілеттік мерзімі 
23.06.2028

Білімі

Алматы энергетикалық институты

Жұмыс тәжірибесі

2023 ж. – қазіргі уақытқа дейін – «Самұрық-Қазына» АҚ энергетика және тау-кен активтері департаментінің директоры

2020–2023 жж. – «Самұрық-Энерго» АҚ, Астана қ., «Қайта ұйымдастыру және активтерді іске асыру» департаментінің директоры

2016–2018 жж. – «Самұрық-Энерго» АҚ бизнесті трансформациялау жөніндегі басқарушы директоры

2015–2016 жж. – «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, CDO
2014–2015 жж. – «Самұрық-Қазына» АҚ активтерді басқару жөніндегі бас директордың орынбасары

2011–2014 жж. – «Самұрық-Қазына» АҚ электр энергетикалық активтерді басқару жөніндегі директоры

2008–2011 жж. – «Самұрық-Қазына» АҚ электр энергетикалық активтер дирекциясының бас сарапшысы

2006–2008 жж. – «KEGOC» АҚ, «Самұрық» холдингі тобының бас сарапшысы
1998–2006 жж. – «KEGOC» АҚ жоспарлау және экономикалық талдау департаментінде маман, бөлім басшысы

Комитеттерге қатысуы
Тағайындау және сыйақылар жөніндегі комитеттің мүшесі

Молдабаев Қаныш Тәңірбергенұлы

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі

Энергетика, стратегиялық жоспарлау, корпоративтік басқару және қаржы салаларындағы тәжірибелі сарапшы.

Азаматтығы 
Қазақстан РеспубликасыТуған күні 
23.10.1963
Алғаш сайланған күні 
01.08.2023Өкілеттік мерзімі 
12.06.2028

Білімі

2016–2020 жж. – Іскерлік әкімшілендіру докторы (Doctor of Business Administration, Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы

2003–2004 жж. – Мемлекеттік қызмет менеджері, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы

1999–2002 жж. – Экономист-заңгер, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

1981–1987 жж. – Инженер-электрик, Павлодар индустриялық институты

Халықаралық сертификат IPMA Level B

Жұмыс тәжірибесі

2021 –2023 жж. – «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы

2021 –2021 жж. – «Самұрық-Қазына» АҚ Энергетика және тау-кен активтері дирекциясының директоры

2019 –2021 жж. – «Самұрық-Қазына» АҚ «Энергетика» секторының басшысы

2018 –2019 жж. – «Қазақстандық атом электр станциялары» АҚ Бас директордың орынбасары

2017 – 2018 жж. – «Самұрық-Энерго» АҚ Даму және сату жөніндегі басқарушы директоры, Басқарма мүшесі

2016 –2017 жж. – «Самұрық-Энерго» АҚ Стратегия және сату жөніндегі басқарушы директоры, Басқарма мүшесі

2015 –2016 жж. – «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары

2014 –2015 жж. – «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары

2012 –2014 жж. – «Самұрық-Энерго» АҚ даму жөніндегі басқарушы директоры

2012–2012 жж. – «Самұрық-Энерго» АҚ инновациялық-технологиялық саясат және даму департаментінің директоры

2011 – 2012 жж. – «Самұрық-Қазына» АҚ индустриялық активтерді басқару жөніндегі директоры

2009 – 2011 жж. – «KEGOC» АҚ ҰЭС дамыту департаментінің директоры
2007 – 2009 жж. – «KEGOC» АҚ Солтүстік ЖЭТ филиалының директоры

2004 – 2007 жж. – Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі электр энергетикасы басқармасының бастығы

2003 – 2004 жж. – ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушысы

1999 – 2003 жж. – Павлодар облысы Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары

1997 – 1999 жж. – Баянауыл аудандық электр желілері АҚ президенті

1996 – 1997 жж. – Баянауыл аудандық электр желілерінің бастығы
1989 – 1996 жж. – Баянауыл аудандық электр желілерінің бас инженері

1988 – 1989 жж. – Баянауыл аудандық электр желілерінің диспетчері
1987 – 1988 жж. – Баянауыл аудандық электр желілерінің шебері

1987 – 1987 жж. – Баянауыл аудандық электр желілерінің электр слесарі

Комитеттерге қатысуы

Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитеттің мүшесі

Қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитеттің мүшесі

Қашқынбеков Арман Қайырберліұлы

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры

Бизнес басқару және экономика, энергетика және стратегиялық жоспарлау салаларындағы сарапшы.

Азаматтығы 
Қазақстан РеспубликасыТуған күні 
25.03.1977
Сайланған күні24.06.2025Өкілеттік мерзімі 
23.06.2028

Білімі

Қазақстан-Жапон даму орталығы – «Стратегиялық менеджмент» бағдарламасы

Норвегия мұнай директораты – «Мұнай саясаты және менеджмент»

Vanderbilt University (АҚШ) – экономика магистрі (ҚР Президентінің «Болашақ» бағдарламасы)
Қарағанды мемлекеттік университеті

Жұмыс тәжірибесі


2022 ж.– қазіргі уақытқа дейін – «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ президенті, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі

2021–2022 жж. – Қар барысын сақтау жөніндегі халықаралық қордың директоры

2020–2021 жж. – БҰҰ Даму бағдарламасының тұрақты даму жөніндегі басшысы

2019–2020 жж. – Ғылым қоры Басқарма төрағасының орынбасары

2018–2019 жж. – Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар халықаралық орталығы Басқарма төрағасының орынбасары

2016–2017 жж. – Enzen компаниясының вице-президенті

2015 ж. – қазіргі уақытқа дейін – Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығының құрметті бас директоры және Директорлар кеңесінің мүшесі

2012–2014 жж. – Rolls-Royce Energy Kazakhstan бас директоры

2009–2012 жж. – «ArcelorMittal Temirtau» АҚ Басқарма мүшесі, Үкіметпен байланыс және қоғаммен байланыс жөніндегі директоры

2008–2009 жж. – «Самұрық-Қазына» АҚ халықаралық ынтымақтастық жөніндегі директоры

2007–2008 жж. – KAZENERGY қауымдастығының атқарушы директоры

2006–2007 жж. – «KazInvest» президенті

2005–2006 жж. – ConocoPhillips компаниясында бизнесті дамыту, Үкіметпен және қоғаммен байланыс жөніндегі директор

2004–2005 жж. – ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің директоры

2000–2004 жж. – «ҚазМұнайГаз» / «Қазақойл» ҰК бас менеджері

1999–2000 жж. – Vanderbilt University жанындағы Owen бизнес мектебінің медиа-талдаушысы

1998–1999 жж. – Vanderbilt University Қоғамдық саясат институтының ғылыми қызметкері

Комитеттерге қатысуы

Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитеттің төрағасы

Қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитеттің төрағасы

Аудит жөніндегі комитеттің мүшесі

Директорлар кеңестеріне қатысуы

ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің мүшесі
Энергетика және машина жасау жөніндегі ұлттық ғылыми кеңестің мүшесі

«Атамекен» ҰКП энергетика комитетінің мүшесі
2021ж. – қазіргі уақытқа дейін – «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ тәуелсіз директор

2017ж. – қазіргі уақытқа дейін – ШТЭЦ-3 / ERG АҚ тәуелсіз директор

2014–2018 жж. – «Бәйтерек Венчурлық қоры» Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі
2019–2020 жж. – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ тәуелсіз директоры

Yessenov University Директорлар кеңесінің төрағасы

«Энергоорталық» АҚ (ERG) тәуелсіз директоры

Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығының CEO және Директорлар кеңесінің мүшесі

Атамқұлова Гүлназ Төреханқызы

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры

Стратегиялық жоспарлау және қаржыландыру салаларындағы сарапшы.

Азаматтығы 
Қазақстан РеспубликасыТуған күні 
09.09.1968
Сайланған күні24.06.2025Туған күні28.01.1977

Білімі

1986–1991 жж. – С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, философ, оқытушы

1996–1998 жж. – Т. Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік университеті жанындағы Еуразиялық нарық институты, экономист

2013 – Лондон бизнес және қаржы мектебі (LSBF)

2012–2014 жж. – Қазақ гуманитарлық-заң университеті, MBA

2016–2021 жж. – Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы (РАНХиГС), Жоғары корпоративтік басқару мектебі, DBA

Жұмыс тәжірибесі

1991–1995 жж. – Т. Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік экономикалық университеті, философия оқытушысы

1995–2001 жж. – «Еуразиялық банк» ЖАҚ бағалы қағаздар және инвестициялық жобалар басқармасының қор бөлімінің бастығы

2001–2004 жж. – «Регистратор» ЖШС бас директоры

2004–2007 жж. – «Орталық-Азиялық траст компаниясы» АҚ өңірлік өкілі

2007 – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ топ басшысы

2007–2012 жж. – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Басқарма төрағасы

2013–2015 жж. – «ҚазАгроФинанс» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы

2015–2017 жж, – «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы

2017–2018 жж. – «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары

2018 ж. – «Қаржы академиясы» АҚ ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры

2019 ж.– «Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы» КеАҚ Басқарма төрағасының орынбасары

2020 ж.– Ellington City Tourism Ltd жеке компаниясының директоры

Комитеттерге қатысуы

Тағайындау және сыйақылар жөніндегі комитеттің мүшесі

Аудит жөніндегі комитеттің мүшесі

Жұбаев Арманбай Сапарбайұлы

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор

Стратегиялық жоспарлау, корпоративтік басқару, қаржы және аудит салаларындағы сарапшы.

Азаматтығы 
Қазақстан РеспубликасыТуған күні 
28.01.1977
Туған күні 
28.01.1977Өкілеттік мерзімі 
23.06.2028

Білімі

Дюкейн университеті, АҚШ – «Бизнес басқару» мамандығы (BSBA)

Оксфорд университеті, Ұлыбритания – салыстырмалы әлеуметтік саясат бойынша ғылым магистрі (MSc Comparative Social Policy)

Калифорния университеті, АҚШ – MBA

Сертификатталған қаржы талдаушысы (CFA)

Жұмыс тәжірибесі

2020 ж. – қазіргі уақытқа дейін – «strategyLab» ЖШС консультациялық компаниясының негізін қалаушы

2006–2008 жж. – SAP компаниясында маркетинг жөніндегі маман (АҚШ)

2009–2010 жж. – McKinsey & Company компаниясында консультант (РФ)

2010–2012 жж. – «Полиметалл» компаниясы, Қазақстан

2012–2013 жж. – KPMG компаниясында аға менеджер, Қазақстан

2013–2020 жж. – PwC компаниясында аға менеджер, директор, Қазақстан

Комитеттерге қатысуы

Аудит жөніндегі комитеттің төрағасы

Тағайындау және сыйақылар жөніндегі комитеттің төрағасы

Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитеттің мүшесі

Директорлар кеңестеріне қатысуы

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тәуелсіз директоры

«Қазатомөнеркәсіп» АҚ тәуелсіз директоры

«Тау-Кен Самұрық» АҚ тәуелсіз директоры

Қажетті білімдерАтамқұлова Г.Т.Қашкинбеков А.Қ.Жұбаев А.С.Молдабаев Қ.Т.Огай А.В.Казутин Н.Ю.Мақсұтов Қ.Б.
Құзырет
Стратегиялық жоспарлау++++++
Аудит, тәуекелдерді басқару, ішкі аудит және бақылау+++++
Environmental, Social, and Corporate Governance, ESG++++
Қаржы және экономика+++++
Кадрларды басқару және сыйақы төлеу+++
Жобаларды басқару++++
Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік+++++
Энергетика / жаңартылатын энергетика++++
Тәжірибе
Салаға қатысты тәжірибе (энергетика)+++
Басшылық лауазымдағы жұмыс тәжірибесі (CEO, CEO-1)++++++
Қызмет саласы бойынша жұмыс тәжірибесі+++++
Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде тәжірибе+++++++
Білімі
PhD/MBA/магистр дәрежесі немесе оған тең дәрежелер+++++
CFA/CPA немесе өзге де баламалы кәсіби біліктілік++
CIA немесе өзге де баламалы біліктілік+

Директорлар кеңесінің құзыреттер матрицасы

Директорлар кеңесінің қызметі

Директорлар кеңесінің отырыстары күнтізбелік жыл басталғанға дейін бекітілетін және қаралатын мәселелер тізбесін, сондай-ақ отырыстардың өткізілу кестесін қамтитын жылдық жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі. Стратегиялық маңызы бар мәселелер және өзге де түйінді сипаттағы шешімдер тек қана Директорлар кеңесінің күндізгі отырыстарында қаралады, бұл талқылау сапасының жоғары деңгейін және негізделген шешімдер қабылдауды қамтамасыз етеді.
Отырыстарға арналған материалдар Директорлар кеңесінің мүшелеріне алдын ала жіберіледі отырысқа дейін кемінде жеті күнтізбелік күн бұрын, ал ерекше маңызды мәселелер бойынша – кемінде 15 жұмыс күні бұрын. Мұндай тәртіп ұсынылған материалдарды жан-жақты талдауға жеткілікті уақыт беріп, негізделген әрі теңгерімді шешімдер қабылдауға ықпал етеді.

22 отырыс өткізді

2025 жылы Компанияның Директорлар кеңесі

14 оның ішінде күндізгі отырыстар

8 сырттай форматында

Директорлар кеңесі мүшелерінің отырысқа қатысу деңгейі 100% құрады.

Директорлар кеңесі қызметінің статистикасы

КөрсеткішДКТСЖКАКСЖКҚЕҚҚОҚК
Жылдық жұмыс жоспарының орындалуы (%)100%100%100%100%100%
Күндізгі/сырттай отырыстар саны (дана)14/812/013/012/05/0
Отырыстардың орташа ұзақтығы (сағ/мин)3825212116
Күн тәртібіндегі мәселелердің орташа саны (дана)94432
Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылаудың орташа ұзақтығы (мин)46578
Аты-жөніДКТСЖКАКСЖКҚЕҚҚОҚК
Казутин Н.Ю.100%----
Молдабаев Қ.Т.100%--100%100%
Огай А.В.100%100%--100%
Атамқұлова Г.Т.100%100%100%--
Қашкинбеков А.Қ.100%-100%100%100%
Жұбаев А.С.100%100%100%100%-
Мақсұтов Қ.Б.100%----

ДК мүшелерінің ДК және комитеттердің отырыстарына қатысу статистикасы

Директорлар кеңесінің отырыстарында 207 мәселе қаралды, оның ішінде

  • Компанияның Директорлар кеңесіне есеп беретін қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларының схемасын бекіту туралы
  • Forum Muider B.V. компаниясының кейбір мәселелері туралы
  • 2025 жылға арналған CEO-1 деңгейіндегі негізгі лауазымдарға мұрагерлік бағдарламасын бекіту туралы
  • Компаниялар тобы шеңберінде жасанды интеллектті қолдану арқылы жобаларды іске асырудың кейбір мәселелері туралы
  • Компанияның 2060 жылға дейінгі энергетикалық көшу бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
  • Басқарма төрағасы мен мүшелерінің 2025 жылға арналған жеке даму жоспарларын бекіту туралы
  • Компания қызметкерлерінің штаттық саны мен ұйымдық құрылымын жаңа редакцияда бекіту туралы
  • Қоғам компаниялар тобы шеңберінде 2025–2026 жылдарға арналған жасанды интеллектті енгізу жобалары жөніндегі жол картасын бекіту туралы.

2025 жылы тоқсан сайынғы есептілік шеңберінде Директорлар кеңесі келесі есептерді тыңдады

  • Инвестицияларды игеру және инвестициялық жобалар
  • Қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік жарақаттану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстар туралы
  • Даму стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы.

Сондай-ақ Директорлар кеңесі келесі есептерді қарады

  • 2024 жыл үшін стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл және кері байланыс тетіктері туралы
  • Корпоративтік басқару кодексінің қағидаттары мен ережелерінің сақталуы/сақталмауы туралы
  • Тұрақты даму саласындағы бастамалар жоспары
  • Ақпараттық қауіпсіздікті (киберқауіпсіздікті) қамтамасыз ету, сондай-ақ Компанияның ІТ-жүйелері мен инфрақұрылымын қорғау және қолдау бөлігінде ішкі бақылаулардың жеткіліктілігін талдау және бағалау туралы.

2025 жылғы Директорлар кеңесінде қаралған мәселелер құрылымы

2025 жылы Директорлар кеңесінің қызметі стратегиялық, инвестициялық және корпоративтік сипаттағы ауқымды мәселелерді қарауға бағытталды. Күн тәртібінің елеулі бөлігі корпоративтік басқаруды дамытуға, стратегияға, инвестициялық жобаларға және Компанияның, сондай-ақ тұтастай алғанда компаниялар тобының қаржылық-экономикалық қызметін бақылауға арналды.

Есепті кезеңде қаралған мәселелердің басым бөлігі корпоративтік басқару саласына тиесілі болды, оның ішінде Директорлар кеңестері мен Бақылау кеңестерінің құрамдарын қалыптастыру және өзгерту, Директорлар кеңесі комитеттерінің қызметі, сондай-ақ басқару органдарының тиімділігін бағалау және ішкі нормативтік құжаттарды жетілдіру мәселелері қамтылды. Бұл Директорлар кеңесінің корпоративтік басқару сапасын арттыру және оны үздік тәжірибелер мен Акционер талаптарына сәйкестендіру бағытындағы басымдығын көрсетеді.

Сонымен қатар, мәселелердің едәуір көлемі Компанияның даму стратегиясын іске асырумен, даму жоспарлары мен бюджеттердің орындалуын бекіту және мониторингтеумен, сондай-ақ ірі инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды қараумен байланысты болды. Олардың қатарында генерация объектілері, жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобалар және қолданыстағы қуаттарды жаңғырту жобалары бар. Директорлар кеңесі аталған жобалардың іске асырылу барысына, инвестицияларды игеру тиімділігіне және жобалық тәуекелдерді басқаруға жүйелі бақылау жүргізді.

Кадр саясаты, басшылық құрамды ынталандыру және сыйақы төлеу, негізгі көрсеткіштер карталарын қалыптастыру, мұрагерлік бағдарламалар және басқарушылық құзыреттерді дамыту мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, жыл бойы комплаенс, ішкі аудит, тәуекелдерді басқару, тұрақты даму, еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік мәселелері қаралды.

Директорлар кеңесі туралы ережеге сәйкес, Директорлар кеңесінің төрағасы Кеңес қызметіне жалпы басшылық жасап, оның жұмысының тиімді ұйымдастырылуын қамтамасыз етті, сондай-ақ Кеңес мүшелері, Акционер және Басқарма арасындағы тиімді өзара іс-қимыл үшін жағдай жасады. Директорлар кеңесінің төрағасы мен атқарушы органның өкілеттіктері мен функциялары Компанияның Жарғысымен және ішкі нормативтік құжаттарымен нақты бөлінген.

Алдағы кезеңдерде Директорлар кеңесі стратегиялық күн тәртібі мәселелері бойынша жұмысын жалғастыруды жоспарлап отыр. Бұл ретте корпоративтік рәсімдерді одан әрі оңтайландыруға, инвестициялық жобаларды басқару тиімділігін арттыруға, ESG тәсілдерін дамытуға және күн тәртібіндегі әкімшілік және операциялық сипаттағы мәселелер үлесін азайтуға ерекше назар аударылатын болады.

Корпоративтік басқару, Директорлар кеңесі, Бақылау кеңестері

Стратегия, даму жоспарлары, бизнес-жоспарлау және т.б.

Қаржылық есептілік және дивидендтер

Инвестициялар және инвестициялық жобалар

Ірі жобалар мен құрылыс (ЖЭО, ГЭС, ЖЭК)

Шарттар, EPC-келісімшарттар, оларға өзгерістер енгізу және оларды бұзу

Акциялар, улестер, эмиссиялар, корпоративтік келісімдер

Мүдделі тараптармен келісімдер, несиелер, кепілдіктер

Кадрлар, ұйымдық құрылым, тағайындаулар, ЖКҚ

Комплаенс, этика, омбудсмен

Ішкі аудит және тәуекелдерді басқару

Турақты даму, ESG, eңбeкті қopғay және экология

Цифрландыру, IT және жасанды интеллект

Директорлар кеңесінің комитеттері

GRI 2–9

Тиімді жұмыс істеуді қамтамасыз ету және негізгі мәселелерді жан-жақты әрі сапалы қарау мақсатында Директорлар кеңесі жекелеген өкілеттіктерді мамандандырылған комитеттерге береді. Комитеттердің қызметі Комитет туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылады және сараптамалық бағалауды талап ететін мәселелерді жан-жақты пысықтауға бағытталған.

Директорлар кеңесі жанындағы комитеттер экономикалық, экологиялық және әлеуметтік салалар бойынша ұсынымдар береді. Директорлар кеңесінің құрылымында келесі комитеттер жұмыс істейді

  • Аудит жөніндегі комитет
  • Тағайындау және сыйақылар жөніндегі комитет
  • Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитет
  • Қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитет.

Директорлар кеңесі аталған мәселелер бойынша шешімдерді тұрақты даму қағидаттарын ескере отырып және комитеттер дайындаған ұсынымдарды жан-жақты зерделеу негізінде қабылдайды.

Есепті кезеңде Директорлар кеңесі мен Басқарма жанындағы қолданыстағы комитеттердің функциялары өзгеріссіз қалды, жаңа комитеттер құрылмады.

Аудит жөніндегі комитет

Комитет қызметінің мақсаты – Компанияның қаржылық-шаруашылық қызметіне тиімді бақылау жүйесін қалыптастыру мәселелерін терең пысықтауда Директорлар кеңесіне қолдау көрсету. Комитеттің міндеттеріне қаржылық есептіліктің толықтығы мен дұрыстығын мониторингтеу, ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйелерінің сенімділігі мен тиімділігін бағалау, корпоративтік басқару талаптарының сақталуын бақылау, сондай-ақ сыртқы және ішкі аудиттің тәуелсіздігін қадағалау кіреді. Бұдан басқа, Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуына байланысты мәселелерді қарастырады.

Комитет құрамы

  • Жұбаев Арманбай Сапарбайұлы – тәуелсіз директор, Комитет төрағасы
  • Қашкинбеков Арман Қайырберліұлы – тәуелсіз директор, Комитет мүшесі
  • Атамқұлова Гүлназ Төреханқызы – тәуелсіз директор, Комитет мүшесі.

2025 жылы Комитет 13 (он үш) күндізгі отырыс өткізді, онда

63 мәселе қаралды

Негізгілері қатарында – Ішкі аудит қызметінің, «Комплаенс» қызметінің және «Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау» департаментінің қызметі.

Есепті кезеңде Комитет қаржылық есептілікті дайындаудың негізгі аспектілерін талқылау мақсатында Компанияның сыртқы аудиторларымен және атқарушы органымен жұмыс кездесулерін өткізді.

Дауыс беру құқығы бар Комитет мүшелерінің отырыстарға қатысу деңгейі 100% құрады.

Тағайындау және сыйақылар жөніндегі комитет

Тағайындау және сыйақылар жөніндегі комитет Директорлар кеңесінің консультативтік-кеңесші органы болып табылады және Директорлар кеңесі мүшелерін, Басқарма мүшелерін, корпоративтік хатшыны, сондай-ақ Компанияның өзге де қызметкерлерін тағайындау, бағалау және оларға сыйақы төлеу мәселелері бойынша ұсынымдар дайындайды. Комитеттің қызметі ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады және кадрлық шешімдердің ашықтығын, объективтілігін және тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Комитет құрамы

  • Жұбаев Арманбай Сапарбайұлы – тәуелсіз директор, Комитет төрағасы
  • Огай Алексей Владимирович – Комитет мүшесі, Жалғыз акционердің өкілі
  • Атамқұлова Гүлназ Төреханқызы – тәуелсіз директор, Комитет мүшесі.

2025 жылы Комитет 12 (он екі) күндізгі отырыс өткізді, онда

56 мәселе қаралды

Негізгі мәселелер қатарында

  • «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша Бақылау кеңестері/Директорлар кеңестері мүшелерін сайлау мәселелері бойынша Директорлар кеңесіне ұсынымдар беру
  • Компанияның басқарушы қызметкерлерінің қызметін бағалау және сыйақы беру қағидаларына өзгерістерді қарау туралы
  • 2024 жылдың қорытындысы бойынша басқарушы қызметкерлердің негізгі қызмет көрсеткіштерінің нақты мәндерін қарау
  • 2024 жылдың қорытындысы бойынша Компанияның басқарушы қызметкерлеріне сыйақы төлеу туралы
  • «Самұрық-Энерго» АҚ компанияларының Директорлар кеңестері/Бақылау кеңестері құрамдарын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы.

Дауыс беру құқығы бар Комитет мүшелерінің отырыстарға қатысу деңгейі 100% құрады.

Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитет

Комитет қызметінің мақсаты – Компанияның дамуының басым бағыттарын айқындау, стратегиялық мақсаттарын қалыптастыру және өзектендіру, сондай-ақ тұрақты даму жүйесін енгізу мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу.
Комитеттің жауапкершілік аясына сонымен қатар еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау мәселелері, инвестициялық жобаларды, мастер-жоспарларды және Компания қызметінің ұзақ мерзімді тиімділігін арттыруға бағытталған бастамаларды қарау кіреді.

Комитет құрамы

  • Қашкинбеков Арман Қайырберліұлы – тәуелсіз директор, Комитет төрағасы
  • Жұбаев Арманбай Сапарбайұлы – тәуелсіз директор, Комитет мүшесі
  • Молдабаев Қаныш Тәңірбергенұлы – Комитет мүшесі, Жалғыз акционердің өкілі.

2025 жылы Комитет 12 (он екі) күндізгі отырыс өткізді, онда

38 мәселе қаралды

Негізгілерінің қатарында – тоқсан сайынғы есептер

  • «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының стратегиялық және бизнес-жоспарлау қағидаларын алдын ала қарау туралы
  • «Самұрық-Энерго» АҚ тұрақты даму жүйесін жетілдіру жөніндегі 2025–2026 жылдарға арналған Жол картасын бекіту бойынша Директорлар кеңесіне ұсынымдар беру туралы
  • Компанияның 2024–2033 жылдарға арналған даму стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2024 жылға арналған орындалуы туралы есепті бекіту туралы
  • Компанияның даму жоспарының орындалуы туралы
  • «Самұрық-Энерго» АҚ маңыздылық матрицасын алдын ала мақұлдау туралы
  • Инвестицияларды игеру және инвестициялық жобалар туралы
  • 2024 жыл қорытындысы бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ 2024–2028 жылдарға арналған даму жоспарының (бизнес-жоспардың) орындалуы туралы есепті алдын ала қарау туралы
  • «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы шеңберінде жасанды интеллектті қолдану арқылы жобаларды іске асырудың кейбір мәселелері туралы
  • «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында Корпоративтік басқару кодексін енгізу жоспарын алдын ала қарау туралы.

Дауыс беру құқығы бар Комитет мүшелерінің отырыстарға қатысу деңгейі 100% құрады.

Қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитет

Комитет қызметінің мақсаты – қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша ұсынымдар дайындау, талдау жүргізу және бағалау арқылы Компания қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу. Комитет аталған бағыттар бойынша сараптамалық қарауды жүзеге асырып, қызметтің қауіпсіз және тұрақты шарттарын қамтамасыз етуге бағытталған шешімдерді қалыптастыруға ықпал етеді.

Комитет құрамы

  • Қашкинбеков Арман Қайырберліұлы – тәуелсіз директор, Комитет төрағасы
  • Огай Алексей Владимирович – Комитет мүшесі, Жалғыз акционердің өкілі
  • Молдабаев Қаныш Тәңірбергенұлы – Комитет мүшесі, Жалғыз акционердің өкілі.

2025 жылы Комитет 5 (бес) күндізгі отырыс өткізді, онда

11 мәселе қаралды

Негізгілерінің қатарында – тоқсан сайынғы есептер

  • Қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік жарақаттану саласындағы жұмыс туралы
  • Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыс туралы
  • Еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін басқару жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы
  • 2025 жылға арналған нөлдік жарақаттануға қол жеткізу бойынша іс-шаралар жоспары туралы
  • 2025 жылға арналған қоршаған ортаны қорғау мәселелерін басқару жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы.

Дауыс беру құқығы бар Комитет мүшелерінің отырыстарға қатысу деңгейі 100% құрады.

Компанияның ағымдағы қызметін Директорлар кеңесімен өзара іс-қимыл жасайтын және барлық негізгі мүдделі тараптармен коммуникацияны қамтамасыз ететін алқалы атқарушы орган – Басқарма жүзеге асырады. Басқарма Компанияның даму стратегиясы мен даму жоспарын іске асыруға, сондай-ақ Жалғыз акционер мен басқару органының шешімдерін орындауға жауап береді.

Басқарманың құрамын қалыптастыру, өкілеттіктерді бөлу, оның мүшелерінің жауапкершілігі және жұмыс тәртібі Компанияның Жарғысымен және Басқарма туралы ережемен реттеледі. Жарғыға сәйкес, Директорлар кеңесі Басқарманың сандық құрамын және өкілеттік мерзімін айқындайды, оның мүшелерін тағайындайды және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдайды. Басқарма төрағасын тағайындау және оның өкілеттігін тоқтату Жалғыз акционердің құзыретіне жатады.

Атқарушы органның төрағасы мен мүшелері өз міндеттерін орындау үшін қажетті білімге, тәжірибеге және кәсіби дағдыларға ие, сондай-ақ іскерлік және жеке беделге қойылатын жоғары талаптарға сәйкес келеді.

Басқарма Компания қызметін жедел басқаруды қамтамасыз етеді, стратегиялық міндеттердің орындалуын үйлестіреді және негізгі даму басымдықтарын іске асыруға жауап береді.

Басқарманың жауапкершілік аясы

  • заңнаманың, Жарғының, Компанияның ішкі құжаттарының, сондай-ақ Жалғыз акционер мен Директорлар кеңесі шешімдерінің сақталуын қамтамасыз ету
  • тәуекелдерді басқару жүйесін дамыту және тиімді ішкі бақылауды қамтамасыз ету
  • Директорлар кеңесі мен Жалғыз акционер бекіткен міндеттерді іске асыру үшін қажетті ресурстарды бөлу
  • қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету
  • тартылу, адалдық және тұрақты құндылықтарға негізделген корпоративтік мәдениетті қалыптастыру.

Басқарма

А «Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасының құрамына жеті мүше кіреді. 2025 жылы Басқарма мүшесі ретінде сайланған басшы қызметкерлердің жергілікті қоғамдастық өкілдері қатарынан тартылған үлесі 100% құрады.А

2025 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ Өндіріс жөніндегі басқарушы директорының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және аталған лауазымға кандидат сайлау туралы шешім қабылданды.

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің 2025 жылғы 5 қарашадағы шешімімен (№19/25 хаттама) Ауталипов Ғалымбек Темкешұлы «Самұрық-Энерго» АҚ өндіріс жөніндегі басқарушы директоры болып сайланды және Компания Басқармасының мүшесі болып бекітілді.

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің 2026 жылғы 27 ақпандағы шешімімен (№02/26 хаттама) 2026 жылғы 2 наурыздан бастап «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма мүшесі Жапарханов Н.А.-ның өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды.

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің 2026 жылғы 26 маусымдағы №13/26 хаттамасымен Заңнамалық сүйемелдеу және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор Исабаев Нұржан Шағанбекұлы Басқарма мүшесі болып сайланды.

Басқарма құрамы

(GRI 2-9, 405-1, GRI 12: Coal Sector: 12.19.6)

30–50 жас аралығы

50 жас және одан жоғары

Ерлер

Әйелдер

Басқарманың жас құрамы

Басқарманың гендерлік құрамы

Мақсұтов Қайрат Берікұлы

Басқарма төрағасы
АзаматтығыҚазақстан РеспубликасыТуған күні16.05.1970

Міндеттері

Операциялық қызметке, стратегияны іске асыруға, энергия ресурстарын өндіруге, акционерлік капиталдың өсуіне, жобаларды басқаруға, өнімділікті арттыруға және адами капиталды дамытуға жауап береді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары, комплаенс талаптарын орындау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесін сақтау бойынша жеке жауапкершілікке ие.

Әутәліпов Ғалымбек Темкешұлы

Өндіріс жөніндегі басқарушы директор
Азаматтығы Қазақстан РеспубликасыТуған күні 20.10.1977

Міндеттері

Даму жоспарларының орындалуына, өндірісті, күрделі құрылыс жұмыстарын, жөндеу жұмыстарын және инвестициялық бағдарламаларды бақылауға жауап береді. Энергия үнемдеу, энергия тиімділігін арттыру және экологиялық қауіпсіздік саласында қадағалауды жүзеге асырады. Инновациялық технологияларды енгізуді және күрделі құрылыс жобаларын басқаруды үйлестіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары, комплаенс талаптарын орындау және комплаенс тәуекелдерін төмендету бойынша жеке жауапкершілікке ие.

Қамалов Алмасби Низамаддинұлы

Экономика, қаржы және цифрландыру жөніндегі басқарушы директор
Азаматтығы Қазақстан РеспубликасыТуған күні 07.04.1989

Міндеттері

Қаржылық тұрақтылыққа, экономикалық және тарифтік саясатқа, инвестициялық қызметке, салықтық талдауға және стратегиялық жоспарлауға жауап береді. Сенімді есептілікті қамтамасыз етеді, стратегияның іске асырылуын бақылауды және инвестициялық шешімдердің тиімділігін қамтамасыз етеді.

Қоғамда және ЕТҰ-ларда цифрландыруға, бизнес-процестерді автоматтандыруға, IT-шешімдер мен жасанды интеллектіні енгізуге жауап береді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары, комплаенс талаптарын орындау және комплаенс тәуекелдерін төмендету бойынша жеке жауапкершілікке ие. Қоғамда және еншілес әрі тәуелді ұйымдарда тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бағаларына маркетингтік талдау жүргізу үдерісін басқарады және бақылайды.

Исабаев Нұржан Шағанбекұлы

Құқықтық сүйемелдеу және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор
АзаматтығыҚазақстан РеспубликасыТуған күні17.05.1980

Міндеттері

Қоғам мен ЕТҰ қызметінің құқықтық сүйемелдеуін, корпоративтік басқаруды, ESG қағидаттарын ықпалдастыруын және құқықтық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады. Активтердің нысаналы құрылымын іске асыруды, инвестициялық жобаларды құқықтық сүйемелдеуді және қаржы ресурстарын тиімді пайдалануды бақылауды қамтамасыз етеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары, комплаенс талаптарын орындау және комплаенс тәуекелдерін төмендету бойынша жеке жауапкершілікке ие.

Ивченко Елена Дмитриевна

GR және даму жөніндегі басқарушы директор
АзаматтығыҚазақстан РеспубликасыТуған күні09.04.1975

Міндеттері

Электр энергиясы мен көмірдің сату көлемдерін іске асыруды, жаңа нарықтарды дамытуды және энергия нарығы моделін жетілдіруді бақылауды қамтамасыз етеді. Акционермен, мемлекеттік органдармен өзара іс‑қимылды жүзеге асырады және заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс‑қимыл шаралары, комплаенс талаптарын орындау және комплаенс тәуекелдерін төмендету бойынша жеке жауапкершілікке ие.

Балтабаев Асқар Қуатбайұлы

Қамтамасыз ету және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор
Азаматтығы Қазақстан РеспубликасыТуған күні 16.09.1979

Міндеттері

Тәуекелдерді басқаруға, ішкі бақылауға, қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз етуге, сатып алуға және әкімшілік қамтамасыз етуге жауап береді. Қаражатты тиімді пайдалану мен кірістілікті арттыруды бақылауды жүзеге асырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс‑қимыл шаралары, комплаенс талаптарын орындау және комплаенс тәуекелдерін төмендету бойынша жеке жауапкершілікке ие. Құрылыс және объектілерді пайдалануға беру кезеңдерінде жобалардың іске асырылуын бақылайды.

Айдаров Аңсар Айдарұлы

Инвестициялар жөніндегі бас директор
Азаматтығы Қазақстан РеспубликасыТуған күні 24.04.1986

Міндеттері

Инвестициялық жобаларды талдау және бағалау, инвестициялар мен қаржыландыруды тарту, сондай-ақ энергетика саласындағы активтерді оңтайландыру және қайта ұйымдастыру жұмыстарын басқарады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс‑қимыл шаралары, комплаенс талаптарын орындау және комплаенс тәуекелдерін төмендету бойынша жеке жауапкершілікке ие. Халықаралық және стратегиялық ынтымақтастықты дамыту мен қолдауға бақылау жүргізеді.

Басқарма қызметі

Атқарушы орган өз қызметін күндізгі отырыстар өткізу арқылы жүзеге асырды, онда даму жоспарын іске асыру, Жалғыз акционердің шешімдерін, Директорлар кеңесінің ұсынымдарын орындау, сондай-ақ ағымдағы операциялық қызмет мәселелері жүйелі түрде қаралды. Өндірістік қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Басқарма сырттай отырыстар өткізу практикасын қолданбайды. 2025 жылы Басқарманың 40 күндізгі отырысы өткізілді, олардың барысында 340 мәселе қаралды. Талқылау барысында даму стратегиясын іске асыру, Жалғыз акционер мен Директорлар кеңесінің шешімдерін орындау, сондай-ақ операциялық қызметті мониторингтеу мәселелері қаралды.

Есепті жылы Басқарма қызметінің басым бағыттары ретінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, ақпараттық қауіпсіздікті (киберқауіпсіздікті) қамтамасыз ету, сондай-ақ Компанияның ІТ-жүйелері мен инфрақұрылымын қорғау және қолдау бөлігінде ішкі бақылаулардың жеткіліктілігін талдау және бағалау мәселелері айқындалды.

Есепті кезеңде Басқармамен келесі негізгі құжаттар бекітілді

  • «Самұрық-Энерго» АҚ климаттық корпоративтік басқару саясаты
  • ақпараттық технологиялар және цифрландыру саласындағы қызметті реттейтін ішкі нормативтік құжаттар
  • «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі 2026–2031 жылдарға арналған бағдарламасы (жаңа редакцияда)
  • «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша Scope 3 аясындағы парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі.

Сонымен қатар, еншілес және тәуелді ұйымдардың ішкі нормативтік құжаттары, оның ішінде персонал саны, ұйымдық құрылым, штаттық кесте және компаниялар тобы қызметкерлерінің лауазымдық жалақы схемалары мәселелері бойынша құжаттар бекітілді.
Сондай-ақ ЕТҰ инвестициялық жобалары, олардың жарғылық капиталдарының мөлшерін өзгерту және жарғыларына өзгерістер енгізу мәселелері қаралды. «Самұрық-Энерго» АҚ өкілдерінің ЕТҰ басқару органдарындағы дауыс беру позициялары айқындалды.

2025 жылы Басқармада қаралған мәселелер құрылымы

Қаржылық мәселелер

Кадрлық және әлеуметтік саясат

Корпоративтік басқару және курылым

Экология және кауіпсіздік

Инвестициялар және даму

Сатып алу және регламенттер

Цифрландыру және бақылау

Басқа сурақтар

Басқарма комитеттері

GRI 2-9

Мәселелерді неғұрлым терең әрі сапалы пысықтауды қамтамасыз ету мақсатында Басқарма жанында тұрақты жұмыс істейтін комитеттер құрылды. Олардың қызметі Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелерді жан-жақты қарауға бағытталған және басқарушылық шешімдердің сапасын арттыруға ықпал етеді. Комитеттер қараған мәселелер бойынша түпкілікті шешімдерді Басқарма қабылдайды.
Барлық комитеттер Басқармаға есеп береді және белгіленген тәртіпте өздеріне берілген өкілеттіктер шегінде жұмыс істейді. Комитеттердің функциялары, өкілеттіктері, құрамы және қызметін ұйымдастыру тәртібі тиісті ішкі ережелермен реттеліп, Басқарма бекітеді.

Тәуекелдер жөніндегі комитет

Тәуекелдер жөніндегі комитет тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау саласында шешімдер қабылдау кезінде Басқармаға әдіснамалық және сараптамалық қолдау көрсетеді. Комитет тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін қалыптастыруға және қолдауға бағытталған ұсынымдар әзірлейді, тәуекелдерді анықтау, бағалау, мониторингтеу және бақылау процестерінің үздіксіз жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, Комитет тәуекелдерді басқару және ішкі бақылауға қатысатын құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіруге байланысты ұсыныстар дайындайды.

2025 жылғы тамызда Басқарманың шешімімен (29.08.2025 жылғы №24 хаттама) Комитеттің құрамы жаңартылды.

Комитет құрамы

  • Комитет төрағасы – қамтамасыз ету және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор
  • Комитет мүшелері – өндіріс жөніндегі басқарушы директор, экономика, қаржы және цифрландыру жөніндегі басқарушы директор, құқықтық сүйемелдеу және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор, GR және даму жөніндегі басқарушы директор, инвестициялар жөніндегі бас директор, даму жөніндегі қос басқарушы, «Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау» департаментінің директоры, ішкі аудит қызметінің басшысы (дауыс беру құқығынсыз), комплаенс қызметінің басшысы (дауыс беру құқығынсыз).

2025 жылы Комитет төрт күндізгі отырыс өткізді, онда тоғыз мәселе қаралды.

Негізгі мәселелер

  • 2024 жылдың IV тоқсаны және 2025 жылдың I, II және III тоқсандары бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ тәуекелдерді басқару жөніндегі есебін (негізгі тәуекелдердің сипаттамасы мен талдауын, сондай-ақ тәуекелдерді азайту жөніндегі жоспарлар мен бағдарламаларды іске асыру туралы ақпаратты қоса алғанда) алдын ала мақұлдау туралы
  • 2026 жылға арналған «Самұрық-Энерго» АҚ шоғырландырылған тәуекелдер тізілімін, шоғырландырылған тәуекелдер картасын, әрбір негізгі тәуекел бойынша тәуекелге төзімділік деңгейлері айқындалған негізгі тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар жоспарын және негізгі тәуекел көрсеткіштерінің паспорттарын алдын ала мақұлдау, сондай-ақ 2025 жылға арналған ұқсас құжаттарға өзгерістер енгізу туралы
  • 2025–2028 жылдарға арналған «Самұрық-Энерго» АҚ тәуекел-тәбетін (risk appetite) жаңа редакцияда алдын ала мақұлдау туралы.

Комитет мүшелерінің қатысу деңгейі 89,4% құрады.

Жоспарлау және қызметті бағалау жөніндегі комитет

Комитеттің негізгі мақсаты – «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы қызметінің тиімділігін арттыру. Өз қызметі шеңберінде Комитет активтер мен шығындар құрылымын оңтайландыруға, тиімділік көрсеткіштерін мониторингтеуге, сондай-ақ даму жоспарлары мен қаржылық есептілікті қарауға ерекше назар аударады.

Комитет құрамы

  • Комитет төрағасы – экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор
  • Комитет төрағасының орынбасары – даму және сату жөніндегі басқарушы директор
  • Комитет мүшелері – өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор, даму, сату және өзгерістер жөніндегі басқарушы директор, құқықтық сүйемелдеу, қамтамасыз ету және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор, «Сатып алуларды басқару» департаментінің басшысы, ішкі аудит қызметінің бас аудиторы (дауыс беру құқығынсыз).

2025 жылы Комитет 68 күндізгі отырыс өткізді, онда 126 мәселе қаралды.

Негізгі мәселелер қатарында

  • Корпоративтік орталық пен еншілес және тәуелді ұйымдардың (ЕТҰ) бюджеттерін жылдық бюджеттің бірінші күнтізбелік жылына бекітілген көрсеткіштер шегінде түзетуді келісу
  • 2025 жылдың І жартыжылдығы бойынша ЕТҰ даму жоспарының орындалуы туралы есептерді және 2025–2029 жылдарға арналған ЕТҰ даму жоспарының жобасын қарау.

Комитет мүшелерінің қатысу деңгейі 85% құрады.

Инвестициялық-инновациялық кеңес

Кеңес «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының инвестициялық және инновациялық қызметінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін Кеңес Қоғам мен ЕТҰ-ның уәкілетті органдарына инвестициялық және инновациялық қызметті іске асыру мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлейді.

Өз қызметі шеңберінде Кеңес келесі функцияларды жүзеге асырады

  • инвестициялық алдындағы және инвестициялық жобалардың кезеңдері бойынша қарау және ұсынымдар дайындау
  • Компания мен ЕТҰ дамуының перспективалық бизнес бағыттарын айқындау
  • Компанияның басқа заңды тұлғалардың акцияларын (қатысу үлестерін) сатып алу немесе иеліктен шығару мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Кеңес құрамы

  • Кеңес төрағасы – Басқарма төрағасы
  • Кеңес төрағасының орынбасары – өндіріс жөніндегі басқарушы директор
  • Кеңес мүшелері – GR және даму жөніндегі басқарушы директор, экономика, қаржы және цифрландыру жөніндегі басқарушы директор, құқықтық сүйемелдеу және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор, қамтамасыз ету және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор, инвестициялар жөніндегі бас директор, «Комплаенс» қызметінің басшысы (дауыс беру құқығынсыз сарапшы), «Самұрық-Энерго» АҚ Ішкі аудит қызметінің бас аудиторы (дауыс беру құқығынсыз сарапшы).

2025 жылы Инвестициялық-инновациялық кеңес 19 отырыс өткізді, онда 25-тен астам мәселе қаралды.

Негізгі мәселелер қатарында

  • China Energy Overseas Investment Co., Ltd (China Energy) компаниясымен бірлесіп Түркістан облысында қуаты 300 МВт күн электр станциясын салу жобасының кейбір мәселелері туралы
  • Жасыл энергетиканы дамыту
  • №3 және №4 энергия блоктарын орнату арқылы Екібастұз МАЭС-2 кеңейту және қайта жаңғырту инвестициялық жобасының түзетілген негізгі параметрлерін бекіту туралы
  • «Самұрық-Энерго» АҚ-ның энергияны жинақтау жүйелері (СНЭ) бойынша перспективалық жобалары.

Комитет мүшелерінің қатысу деңгейі 85% құрады.

Кредиттік комитет

Кредиттік комитеттің негізгі міндеті – кредиттерді (қарыздарды) тарту және беру, қаржылық көмек көрсету және кепілдіктер беру мәселелері бойынша шешімдерді уақтылы әрі сапалы қабылдауды қамтамасыз ету. Сонымен қатар, Комитет қаржылық тәуекелдерді азайтуға және «Самұрық-Энерго» АҚ активтері мен міндеттемелерінің құрылымын тиімді басқару бойынша ұсынымдар әзірлеуге жауап береді.

Комитет құрамы

  • Комитет төрағасы – экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор
  • Комитет мүшелері – өндіріс жөніндегі басқарушы директор, қамтамасыз ету және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор, «Қазынашылық және корпоративтік қаржы» департаментінің директоры, «Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау» департаментінің директоры, инвестициялар жөніндегі бас директор
  • Тәуелсіз сарапшы – «Комплаенс» қызметінің басшысы.

2025 жылы Комитет 13 күндізгі отырыс өткізді, онда 40 мәселе қаралды.

Негізгі мәселелер қатарында қарыздарды тарту/беру және қаржылық көмек көрсету мәселелері «Самұрық-Энерго» АҚ бос ақша қаражаттарын екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерге орналастыру мәселелері.

Комитет мүшелерінің қатысу деңгейі 80% құрады.

Өндірістік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитет

Комитеттің мақсаты – Компанияда еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін тиімді қарауды қамтамасыз ету. Комитет аталған салаларда тәуекелдерді сәйкестендіруге және басқаруға бағытталған қолданыстағы саясаттар мен жүйелердің тиімділігін бағалау бойынша ұсынымдар қалыптастырады.

Өз қызметі шеңберінде Комитет

  • өліммен аяқталған барлық жазатайым оқиғаларды, сондай-ақ күрделі инциденттерді, оның ішінде қабылданған кейінгі шараларды бағалай отырып талдайды
  • еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қатысты тәуелсіз аудит нәтижелерін зерделейді
  • анықталған мәселелер мен тәуекелдерге жауап ретінде әзірленген стратегиялар мен іс-қимыл жоспарларын қарайды
  • қажет болған жағдайда Директорлар кеңесіне тиісті мәселелер бойынша ұсынымдар дайындайды.

Комитет құрамы

  • Комитет төрағасы – Басқарма төрағасы
  • Комитет төрағасының орынбасары – «Еңбекті қорғау» департаментінің директоры
  • Комитет мүшелері – «Генерация және отын» департаментінің директоры, «ЖЭК және тарату» департаментінің директоры, «Корпоративтік басқару және тұрақты даму» департаментінің директоры, «Еңбекті қорғау» департаментінің бас менеджері.

2025 жылы Комитет бес күндізгі отырыс өткізді, онда жеті мәселе қаралды.

Негізгі мәселелер қатарында

  • еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік саласындағы жұмыс нәтижелері және өндірістік жарақаттану деңгейін талдау
  • «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша 2026 жылға арналған нөлдік жарақаттануға қол жеткізу жоспары
  • еншілес ұйымдар арасында өндірістік қауіпсіздік саласындағы жетістіктері үшін «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасының жыл сайынғы номинациясына конкурстар өткізу қағидалары.

Комитет мүшелерінің қатысу деңгейі 100% құрады.

Мүдделер қақтығысы

GRI 2–15

Мүдделер қақтығыстарын басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру және қызметкерлердің кәсіби мінез-құлқына бірыңғай талаптар белгілеу мақсатында, жеке мүдделердің шешім қабылдау процесіне әсер етуін болдырмауға бағытталған іс-шаралар кешені іске асырылуда.

Осы шаралар шеңберінде корпоративтік жанжалдар мен мүдделер қақтығыстарын реттеу саясаты енгізілді. Осы саясатқа сәйкес басшы қызметкерлер мен құрылымдық бөлімше басшылары мүдделер қақтығысының жоқтығы туралы декларацияларды ұсынады.

Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және бос лауазымдарға, сондай-ақ ЕТҰ-дағы басшылық қызметтерге кандидаттарды іріктеу кезінде мүдделер қақтығысының туындауын болдырмау мақсатында кандидаттардың біліктілік талаптарына сәйкестігі, сондай-ақ олардың «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының лауазымды тұлғаларымен аффилиирленуі тексеріледі.

Аталған шараларды іске асырудың негізгі құралы E-Compliance ақпараттық жүйесі болып табылады. Бұл бірыңғай цифрлық платформа комплаенс-процестерін автоматтандыруды, ашықтықты арттыруды және операциялық тәуекелдерді төмендетуді қамтамасыз етеді. Платформа бақылау, мониторинг және талдау құралдарын біріктіреді, оның ішінде

  • «Декларациялар» модулі (мүдделер қақтығыстары мен сыйлықтарды тіркеу және мониторингілеу)
  • «Аффилиирленген тұлғалар» модулі (аффилиирленген тұлғалар бойынша есептерді қалыптастыру және жіберу).

Есепті жылы саясат талаптарына сәйкес Директорлар кеңесі мүшелері арасында мүдделер қақтығысы жағдайлары анықталған жоқ. Сондай-ақ жеке мүдделердің олардың объективтілігіне, бейтараптығына немесе міндеттерін тиісінше орындауына әсер етуі мүмкін жағдайлар тіркелген жоқ. Директорлар кеңесінің мүшелері әлеуетті мүдделер қақтығысын тудыруы мүмкін шешімдерді талқылауға және қабылдауға қатысқан жоқ.

Ішкі және сыртқы аудит

«Самұрық-Энерго» АҚ Ішкі аудит қызметі Директорлар кеңесіне тәуелсіз консультациялық қызметтер мен объективті аудиторлық кепілдіктер ұсынады. Қызметтің жұмысы тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқару жүйелерінің тиімділігін арттыруға бағытталған, бұл Компанияның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етеді (Ішкі аудит қызметінің жұмысы туралы толығырақ ақпарат «Самұрық-Энерго» АҚ сайтында: https://www.samruk-energy.kz/ru/company/corporate-governance/corporate-governance-main/internal-audit).

Қызметтің миссиясы – Директорлар кеңесі мен атқарушы органға олардың өкілеттіктерін тиімді жүзеге асыру және Қоғам мен оның ЕТҰ стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті сараптамалық қолдау көрсету.

Қызметтің негізгі мақсаты – Директорлар кеңесіне компанияда және оның ЕТҰ-да тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқару жүйелерінің нәтижелілігін арттыруға бағытталған тәуелсіз және объективті кепілдіктер мен консультациялар ұсыну.

Ішкі аудит қызметінің негізгі міндеттері

  1. ішкі бақылау жүйесін бағалау және жетілдіруге жәрдемдесу
  1. тәуекелдерді басқару жүйесін бағалау және жетілдіруге жәрдемдесу
  2. компаниялар тобында алаяқтық тәуекелін және оны басқару тиімділігін бағалау
  3. корпоративтік басқару жүйесін бағалау және жетілдіруге жәрдемдесу
  4. бухгалтерлік есеп жүйесінің дұрыстығын, толықтығын, объективтілігін және қаржылық есептіліктің сенімділігін бағалау
  5. Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының, «Самұрық-Қазына» АҚ нормативтік құжаттарының (комплаенс-бақылау) сақталуын бағалау
  6. компаниялар тобында ресурстарды тиімді пайдалану және активтердің сақталуын қамтамасыз ету әдістерінің тиімділігін бағалау
  7. Компанияның Ішкі аудит қызметін және еншілес ұйымдардың тексеру комиссияларын әдіснамалық қамтамасыз ету.

2025 жылы Ішкі аудит қызметімен 22 аудиторлық тексеру жүргізілді, оның ішінде жылдық аудиторлық жоспармен көзделген іс-шаралар, сондай-ақ жоспардан тыс тексерулер.

Аудиторлық тексерулердің қорытындысы бойынша 228 ұсыным әзірленді, оның ішінде

  • «A» санаты бойынша – 17 ұсыным
  • «B» санаты бойынша – 49 ұсыным
  • «C» санаты бойынша – 149 ұсыным.

Аудиторлық тапсырмалардың басымдылығы ең жоғары тәуекелдері бар процестерді анықтау негізінде, сондай-ақ «Самұрық-Энерго» АҚ Жалғыз акционерінің және Директорлар кеңесінің аудит жүргізу бойынша басым сұраныстарын ескере отырып айқындалды.

Есепті кезеңдегі тексерулердің негізгі бағыттары

  • қоршаған ортаны қорғау процесін бағалау
  • инвестициялық жобаларды басқару процестерінің тиімділігі мен нәтижелілігін бағалау
  • менеджменттің негізгі қызмет көрсеткіштеріне қол жеткізу деңгейін бағалау
  • өндірістік процестердің тиімділігін және активтерді пайдалану тиімділігін бағалау
  • тариф қалыптастыру және баға белгілеу процестерінің тиімділігін бағалау
  • еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы процесін бағалау
  • қорлар мен материалдық ресурстарды басқару тиімділігін бағалау
  • адами ресурстарды басқару тиімділігін бағалау
  • әкімшілік шығыстар аудиті
  • сатып алу процестерінің аудиті.

Есепті кезеңде барлық аудиторлық тексерулер Ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттарына қатаң сәйкес жүргізілді. Дайындалған аудиторлық есептерде қорытындылар, анықталған ескертулер және тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқару жүйелерінің тиімділігін арттыруға бағытталған түзету және алдын алу шараларын қабылдау жөніндегі ұсынымдар қамтылды.

2025 жылы аудит жүргізу тәсілі қосымша түрде кеңейтіліп, компаниялар тобы деңгейінде жекелеген бизнес-процестерге жүйелі кешенді талдау енгізілді. Тексеру тәуекелдерді анықтауды және қолданыстағы бақылау рәсімдерінің тиімділігін бағалауды қамтиды, бұл компаниялар тобы деңгейінде тексерілетін процестің сенімділігі туралы тұтас түсінікті қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, қосымша тәсіл шеңберінде «Самұрық-Энерго» АҚ корпоративтік орталығы тарапынан тексерілетін бизнес-процестерге бақылаудың бар болуы мен тиімділігі бағаланады, бұл басқару тобы деңгейінде бақылау тетіктерін қолданудың бірыңғай тәсілін қамтамасыз етеді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Ішкі аудит қызметінің қызметі Директорлар кеңесі тарапынан «тиімді» деп бағаланды.

2025 жылы KPMG компаниясы Қызметтің қызметіне тәуелсіз сыртқы бағалау жүргізді, оның нәтижелері бойынша Ішкі аудиттің халықаралық стандарттарына 97% сәйкестік расталды.

Ішкі аудиторлардың жоғары кәсібилігі, әдіснамалық жетілгендігі, тәуекелдерді бағалаудың тұрақты тәжірибелері, сондай-ақ халықаралық талаптарға толық сәйкес келетін есептілік рәсімдерінің сапалы формализациясы атап өтілді.

Сыртқы аудит

2025 жылдан бастап Компанияның сыртқы аудиторы ретінде Ernst & Young (EY) фирмаларының халықаралық желісі белгіленді.

2025 жылы EY сыртқы аудиторы көрсеткен аудиторлық қызметтердің құны (ҚҚС-сыз), млн теңге

2025
«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы168,36
оның ішінде «Самұрық-Энерго» АҚ корпоративтік орталығы47,93

2025 жылы аудиторлық ұйымға аудиторлық қызметтер үшін төленген сыйақы (ҚҚС-мен), млн теңге

2025
«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы187,88
оның ішінде «Самұрық-Энерго» АҚ корпоративтік орталығы74,68