Негізгі мазмұнға өту
Samruk Energy
KZ

Инвестициялық қызмет

2025 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ сыртқы экономикалық жағдайлардың қарқынды өзгеруін ескере отырып, ірі инвестициялық жобаларды іске асыруды жалғастырды. Компания энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыруға, ЖЭК секторын дамытуға, өз қызметінің қоршаған ортаға әсерін барынша азайтуға, Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін нығайтуға назар аударуды жалғастыруда.

Біздің тәсіл

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның инвестициялық қызметіндегі стратегиясы қаржыландыру көздерін әртараптандыруға бағытталған, соның ішінде халықаралық қаржы ұйымдары мен энергетикалық компаниялардан қаражатты белсенді тарту көзделеді. Біз инвестициялар тартудың әртүрлі тетіктерін, мысалы, мемлекеттік-жекешелік әріптестік және «жасыл» облигациялар шығару құралдарын қолданамыз, бұл тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның инвестициялық қызметіндегі басымдық – ұзақ мерзімді құндылықты қалыптастыру, жаңа технологияларды енгізу және сапалы жұмыс орындарын құру. Компания тәуекелдерді тиімді басқару және тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін экологиялық, әлеуметтік және басқарушылық факторларды ескере отырып, коммерциялық орындылық пен жауапты тәсілді басшылыққа алады.

«Самұрық-Энерго» АҚ инвестициялық қызметінің негізгі қағидаттары

  • инвестициялық талдау және шешім қабылдау процесіне ESG параметрлерін енгізу
  • Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау және құпия ақпаратты тиісті деңгейде пайдалану
  • қаржылық есептілікті, тұрақты даму бойынша есептілікті, оның ішінде ESG факторларын халықаралық немесе ұлттық аудит стандарттарына сәйкес жыл сайын дайындау
  • тәуекелдерді айқындау, бағалау және басқарудың формалдандырылған жүйесінің болуы.

ESG қағидаттарына сәйкес біздің басты артықшылықтарымыз

  • ESG факторларын түсіну, ықтимал міндеттемелерді, шығындарды және қаржылық көрсеткіштерге әсерін, сондай-ақ құндылық жасау мүмкіндіктерін ескере отырып, негізделген инвестициялық шешімдер қабылдау
  • беделдік немесе құқықтық тәуекелдерге ұшырауды барынша азайту
  • Қор мен портфельдік компаниялардың ESG қағидаттарына сәйкестігін бағалау және мониторингтеу үшін тиісті жүйелердің болуын қамтамасыз ету, ESG талаптарын сақтау және онымен байланысты инвестициялық тәуекелдерді басқару
  • ESG тәуекелдерін және олардың әсер ету деңгейін талқылау, бағалау және басқару, сондай-ақ мүмкіндіктерді айқындау және пайдалану үшін компаниялармен тұрақты өзара іс-қимыл негізін қалыптастыру
  • мүдделі тараптар үшін ESG факторларын тиісті түрде қарастыру және басқаруды көрсету.

«Самұрық-Энерго» АҚ инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде тәуекелдерді басқарудың кешенді тәсілін қолданады. Таңдау кезеңінде техникалық, қаржылық, экологиялық және реттеуші тәуекелдерге талдау жүргізіліп, сарапшылар мен халықаралық консультанттар тартылып, климаттық факторларға ерекше назар аударылады. Мысалы, Іле өзеніндегі су деңгейінің төмендеуін ескере отырып, қарсы реттеуші СЭС құрылысын мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданды.

Инвестициялық жобалардың тиімділігі негізгі көрсеткіштер бойынша бағаланады, оның ішінде іске асыру мерзімдері, бюджет қаражатын игеру, жоспарланған қуаттарға қол жеткізу және экологиялық нәтижелер.

2025 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ-ның инвестициялық бағдарламасының орындалуы, игеру әдісі бойынша, млн теңге (ҚҚС-сыз)

CAPEX бағыттар бойынша2022 нақты2023 нақты2024 нақты2025 нақты2026 болжам
Инвестициялық жобалар, оның ішінде 58 37280 393 136 375264 540474 673
Өндірістік активтерді жұмыс жағдайында ұстау41 05249 55589 715166 519258 763
Әкімшілік активтерді жұмыс жағдайында ұстау1 1572 1982 9677 1598 214
Басқа7315135 195

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның инвестициялық жобалары

1

«№3 және №4 энергоблоктарды орнату арқылы Екібастұз МАЭС-2-ні кеңейту және реконструкциялау» жобасы

Жобаның сипаттамасы және мақсаты

Екібастұз МАЭС-2-ні кеңейту және реконструкциялау, сондай-ақ №3 және №4 энергоблокты салу барлық экономика секторлары мен халықты энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыруға, сондай-ақ елдің экспорттық әлеуетін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Іске асыру мерзімі

2023–2030

2025 жылғы негізгі нәтижелер

  • 2025 жылғы 30 мамырда қазақстандық консорциуммен EPC-келісімшарт жасалды.
  • 2025 жылғы 29 желтоқсанда «Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ мен «Мемсараптама» РМК арасында сараптама жүргізу туралы шарт жасалды.
2

«Алматы ЖЭО-2-ні қоршаған ортаға әсерін барынша азайта отырып жаңғырту» жобасы

Жобаның сипаттамасы және мақсаты

Алматы ЖЭО-2 алаңында электр қуаты 557 МВт-қа дейін және жылу қуаты 957 Гкал/сағ болатын газ-турбиналық технологияларды қолдана отырып жаңа станция салу Алматы қаласындағы экологиялық жағдайға станцияның теріс әсерін төмендетуге мүмкіндік береді. Жоба Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау шеңберінде іске асырылуда.

Іске асыру мерзімі

2022–2026

2025 жылғы негізгі нәтижелер

  • 2025 жылғы 27 маусымда бірінші газтурбиналық қондырғының турбинасы мен генераторының бірінші жиынтығының іргетасқа орнатылуы аяқталды.
  • 2025 жылғы 6 қазанда жоба бойынша жобалық-сметалық құжаттамаға «Мемсараптама» РМК-ның оң қорытындысы алынды.
  • 2025 жылғы 23 қазанда Siemens Energy компаниясының турбинасы мен генераторының екінші жиынтығы іргетасқа орнатылды.
  • 2025 жылғы қараша–желтоқсан айлары аралығында 4 су жылыту қазандығы, 3 бу қазандығы, генераторы бар бу турбинасы жеткізілді.
  • Құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, КРУЭ, ППГ, су дайындау, су жылыту қазандығы, бас корпус және қосалқы объектілерді қоса алғанда барлық негізгі ғимараттар мен құрылыстар үшін қадалы іргетастарды құю аяқталды. Сонымен қатар, тірек қабырғаны бетондау толық орындалып, газтурбиналық қондырғылар аралы астындағы іргетасты орнату аяқталды.
3

«Алматы ЖЭО-3-ті реконструкциялау» жобасы

Жобаның сипаттамасы және мақсаты

Алматы ЖЭО-3-ті қуаты 544 МВт-қа дейінгі бу-газ қондырғысын салу арқылы реконструкциялау Қазақстанның Оңтүстік аймағындағы маневрлік қуат тапшылығын ішінара жабуға, сондай-ақ Алматы қаласы мен Алматы өңірінің тұтынушыларын жүктеме кестелері мен температуралық режимдерге сәйкес электр және жылу энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Іске асыру мерзімі

2021–2026

2025 жылғы негізгі нәтижелер

  • Алматы ЖЭО-3-ті реконструкциялау» жобасы бойынша 2025 жылы «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-дан Арнайы техникалық шарттар алынды. 2025 жылғы желтоқсанда Ansaldo Energia компаниясы тарапынан турбина мен генератордың бірінші жиынтығы алаңға жеткізілді.
  • 2025 жылғы желтоқсанда Ansaldo Energia компаниясының турбинасы мен генераторының бірінші жиынтығы құрылыс алаңына жеткізілді.
  • 2025 жылдың соңына қарай турбинаның екінші жиынтығы жөнелтіліп, кедендік ресімдеу рәсімдерінен өтіп жатты.
  • Алматы ЖЭО-3 бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, атап айтқанда бас корпус бойынша жұмыстар кестеге сәйкес орындалуда ГТҚ-1 және қалдық жылуды кәдеге жарататын қазандық бойынша іргетасқа арналған дайындық бетондары құйылып, арматуралау және бетондау жұмыстары жүргізілді, ГТҚ-1 және қалдық жылуды кәдеге жарататын қазандық үшін іргетас құю жүзеге асырылды.
  • 2025 жылдың соңына қарай 220 кВ және 110 кВ КРУЭ ғимараттарының, су дайындау және айналым жүйелері ғимаратының, сондай-ақ газ дайындау пунктінің іргетасын салу жұмыстары аяқталды. Алынған арнайы техникалық шарттар шеңберінде сынақ қадаларына сынақ жүргізіліп, қадаларды құю жұмыстары басталды. 220 кВ, 110 кВ және 35 кВ электр беру желілерінің (ЭБЖ) тіректерін монтаждау толық көлемде орындалды. «АЖК» АҚ және «KEGOC» АҚ-мен келісу негізінде электр желілерін көшіру және қайта қосу жұмыстары басталды.
4

«Алматы қаласының кабельдік желілерін реконструкциялау» жобасы

Жобаның сипаттамасы және мақсаты

Кабель желілерін реконструкциялау Алматы қаласының өткізу қабілетін 30%-ға арттыруға, сондай-ақ «АЖК» АҚ-ның тарату желілеріндегі апаттылықты төмендетуге мүмкіндік береді. Жоба «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тұрақты экономикалық өсім» ұлттық жобасы шеңберінде бекітілген.

Іске асыру мерзімі

2022–2030

2025 жылғы негізгі нәтижелер

  • 98 км кабель желілері ауыстырылды, бір тарату қосалқы станциясы (РП), трансформаторлық қосалқы станциялар (ТП) КТПБ-ге ауыстырылды – 8 дана, 13 ТП реконструкцияланды, 15 трансформатор ауыстырылды
  • 3 объект пайдалануға енгізілді
  • 3 жоба бойынша жобалық-сметалық құжаттамаға түзетулер енгізілді
  • 9 жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын іске асыру жалғастырылды
5

«СЭС каскадын реконструкциялау және жаңғырту» жобасы

Жобаның сипаттамасы және мақсаты

СЭС каскадын реконструкциялау және жаңғырту станциялардың сенімділігі мен қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ орнатылған қуатты 7,5 МВт-қа арттырып, Алматы қаласы мен Алматы өңірінің тұтынушыларын қамтамасыз ету үшін электр энергиясын жылына 41,7 млн кВт*сағатқаұлғайтады.

«СЭС каскадын реконструкциялау және жаңғырту» жобасы бойынша 2024 жылы AFRY Switzerland компаниясы тарапынан техникалық-экономикалық зерттеу әзірленді.

2025 жылғы негізгі нәтижелер

  • 2025 жылғы 6 наурызда Азия даму банкімен СЭС-ті тексеру жүргізу үшін грант беру туралы Меморандумға қол қойылды.
  • 2025 жылғы қарашада тендерлік рәсімдер қорытындысы бойынша Жобаны тексеру жұмыстарын орындаушы ретінде австриялық «ILF» компаниясы анықталды.
6

«Total Eren» компаниясымен бірлесіп Қазақстан Республикасында энергияны жинақтау жүйесімен қуаты 1 ГВт жел электр станциясын (ЖЭС) салу жобасы

Жобаның сипаттамасы және мақсаты

Жоба шеңберінде электр энергиясын жинақтау жүйелері қолданылатын болады, бұл электр энергиясын өндіруді жоспарланған болжам шегінде ұстап тұруға мүмкіндік береді және, тиісінше, жел генерациясының үзіктілігіне байланысты желі тұрақсыздығы тәуекелін төмендетеді.

Іске асыру мерзімі

2021–2028

2025 жылғы негізгі нәтижелер

  • 2025 жылғы 3 қазанда «Актас Энерджи» ЖШС мен Envision (800 МВт), сондай-ақ «Актас Энерджи» ЖШС мен SANY (200 МВт) арасында қуаты 1 000 МВт жел генераторларын жеткізуге келісімшарттарды беру туралы хаттарға (Letter of Award) қол қойылды.
  • 2025 жылғы 5 желтоқсанда энергияны жинақтау жүйелерін (ЭЖЖ) жеткізуге шартты келісімшарттарды беру туралы хаттарға (Conditional Letters of Award) қол қойылды – «Актас Энерджи» ЖШС мен Saft арасында.
7

«Masdar» компаниясымен бірлесіп Жамбыл облысында энергияны жинақтау жүйесімен қуаты 1 ГВт жел электр станциясын (ЖЭС) салу жобасы

Жобаның сипаттамасы және мақсаты

Жоба шеңберінде электр энергиясын жинақтау жүйелері қолданылатын болады, бұл электр энергиясын өндіруді жоспарланған болжам шегінде ұстап тұруға мүмкіндік береді және, тиісінше, жел генерациясының үзіктілігіне байланысты желінің тұрақсыздығы тәуекелін төмендетеді.

Іске асыру мерзімі

2023–2029

2025 жылғы негізгі нәтижелер

  • 2025 жылғы 10 мамырда «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктері Үкіметі арасындағы жел электр станциясы жобасын іске асыру туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңға қол қойылды.
8

«China Power International Holding (CPIH)» компаниясымен бірлесіп Жамбыл облысында энергияны жинақтау жүйесімен қуаты 1 ГВт жел электр станциясын (ЖЭС) салу жобасы

Жобаның сипаттамасы және мақсаты

Жоба шеңберінде электр энергиясын жинақтау жүйелері қолданылатын болады, бұл электр энергиясын өндіруді жоспарланған болжам шегінде ұстап тұруға мүмкіндік береді және, тиісінше, жел генерациясының үзіктілігіне байланысты желінің тұрақсыздығы тәуекелін төмендетеді.

Іске асыру мерзімі

2023–2029

2025 жылғы негізгі нәтижелер

  • 2025 жылғы 18 маусымда Qazaq Green Power мен CPIH арасында акционерлік келісімге (SHA) қол қойылды.
  • 2025 жылғы 14 шілдеде «Pavlodar Green Energy» ЖШС жобалық компаниясы тіркелді.
9

«Unigreen Energy» компаниясымен бірлесіп жалпы қуаты 1 ГВт жаңартылатын энергия көздері объектілерін салу жобасы

Жобаның сипаттамасы және мақсаты

Энергияны жинақтау жүйелерін қолдану мүмкіндігімен қуаты 1 ГВт-қа дейінгі ЖЭК объектілерін салу

Іске асыру мерзімі

2023–2028

2025 жылғы негізгі нәтижелер

  • ҚАП 60 МВт жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттамаға (ЖСҚ) «Мемсараптама» РМК-ның оң қорытындысы алынды.
  • ҚАП (60 МВт) және KEGOC (185 МВт) күн электр станцияларын салу жобалары бойынша қаржыландырудың негізгі шарттары мақұлданды.
  • 2025 жылғы 29 желтоқсанда «Altyn Dala Energy» ЖШҚ энергияны жинақтау жүйелерін қолдана отырып қуаты 600 МВт күн электр станциясын салу бойынша ЖЭК жобаларын іріктеу аукциондық саудасының жеңімпазы болып айқындалды.
10

«PetroKazakhstan» компаниясымен бірлесіп Ұлытау облысында энергияны жинақтау жүйесімен қуаты 100 МВт жел электр станциясын (ЖЭС) салу жобасы

Жобаның сипаттамасы және мақсаты

Жоба шеңберінде электр энергиясын жинақтау жүйелері қолданылатын болады, бұл электр энергиясын өндіруді жоспарланған болжам шегінде ұстап тұруға мүмкіндік береді және, тиісінше, жел генерациясының үзіктілігіне байланысты желінің тұрақсыздығы тәуекелін төмендетеді.

Іске асыру мерзімі

2024–2027

2025 жылғы негізгі нәтижелер

  • Объектіде жел өлшеу мачталары орнату аяқталды, жобалық-іздестіру жұмыстары аяқталып, қорытынды есептер алынды.
  • 2025 жылғы 13 қазанда KEGOC желілеріне қосылуға техникалық шарттар алынды.
  • ЖЭС үшін жалпы ауданы 215 га жер учаскесіне мемлекеттік акт алынды.
11

«Таза көмір технологиялары негізінде жаңа МАЭС-3 станциясын салу» жобасы

Жобаның сипаттамасы және мақсаты

Таза көмір технологиясына негізделген, маневрлік генерация режимімен қуаты 2640 МВт (әрқайсысы 660 МВт төрт энергоблок) жаңа МАЭС-3 көмір электр станциясын салу елдегі маневрлік қуат тапшылығын жабуға мүмкіндік береді, сондай-ақ атмосфераға шығарындылар бойынша заманауи экологиялық нормаларға сәйкестікті қамтамасыз етеді.

Іске асыру мерзімі

1-блок – 2030 жыл

2-блок – 2031 жыл

3 және 4-блоктар – 2034–2035 жылдар

2025 жылғы негізгі нәтижелер

  • 2025 жылғы 17 сәуірде «Жаңа МАЭС-3 станциясын салу» жобасының алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесін (алдын ала ТЭН) әзірлеу аяқталды.
  • 2025 жылғы 30 мамырда «Жаңа МАЭС-3 станциясын салу» жобасының алдын ала ТЭН-і Астана қаласы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен сыйға тарту шартына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен қабылдау-тапсыру актісіне қол қою арқылы мемлекеттік меншікке берілді.
12

«МАЭС-1 №3 энергоблогын жаңғырту» жобасы

Жобаның сипаттамасы және мақсаты

Жабдықтың пайдалану мерзімін ұзарту, сенімділік, үнемділік және жөндеуге жарамдылықтың технико‑экономикалық көрсеткіштерін жақсарту, пайдалану және жөндеу шығындарын төмендету, жөндеуаралық кезеңді ұлғайту, сондай‑ақ экологиялық стандарттарды сақтау мақсатында.

Іске асыру мерзімі

2023–2030

2025 жылғы негізгі нәтижелер

  • 2024 жылғы 30 желтоқсанда әзірленген техникалық-экономикалық негіздемеге (ТЭН) «Мемсараптама» РМК-ның оң қорытындысы алынды.
  • 2025 жылы жоба бойынша корпоративтік рәсімдер аяқталды, олардың шеңберінде ТЭН нәтижелері қаралып, мақұлданды.
13

«China Energy Overseas Investment Co., Ltd (China Energy)» компаниясымен бірлесіп Қарағанды облысында қуаты 500 МВт жел электр станциясын (ЖЭС) салу жобасы

Жобаның сипаттамасы және мақсаты

Жоба аясында энергия жинақтау жүйесімен (BESS) жабдықталған жел электр станциясын салу көзделген. Бұл қуат өндірудің тұрақтылығын қамтамасыз етуге, электр энергиясын жеткізу кестесін болжамға сәйкес сақтауға және жел генерациясының құбылмалылығының энергожүйенің сенімділігіне әсерін азайтуға мүмкіндік береді.

Іске асыру мерзімі

2024–2028

2025 жылғы негізгі нәтижелер

  • 2025 жылғы мамырда желді өлшеу үшін мачта орнатылды, ай сайынғы жел мониторингі бойынша жұмыстар жалғасуда.
  • 2025 жылғы 5 желтоқсанда «Karaganda Wind Power» ЖШС жобалық компаниясы тіркелді.
14

«China Energy Overseas Investment Co., Ltd (China Energy)» компаниясымен бірлесіп Түркістан облысында қуаты 300 МВт күн электр станциясын (КЭС) салу жобасы

Жобаның сипаттамасы және мақсаты

Жоба аясында энергия жинақтау жүйесімен (BESS) жабдықталған күн электр станциясын салу көзделген. Бұл қуат өндірудің тұрақтылығын қамтамасыз етуге, электр энергиясын жеткізу кестесін болжамға сәйкес сақтауға және күн генерациясының құбылмалылығының энергожүйенің сенімділігіне әсерін азайтуға мүмкіндік береді.

Іске асыру мерзімі

2024–2027

2025 жылғы негізгі нәтижелер

  • 2025 жылғы 16 маусымда Energy China мен «РФЦ» ЖШС арасында PPA шартына қол қойылды.
  • 2025 жылғы 2 қыркүйекте ҚР–ҚХР Іскерлік кеңесінің отырысы шеңберінде «Sauran Solar Power» ЖШС-мен инвестициялар туралы келісімге қол қойылды.
  • 2025 жылғы 15 желтоқсанда China Energy Overseas Investment Co. Ltd компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылатын Түркістан облысында қуаты 300 МВт күн электр станциясының құрылысын бастау белгісі ретінде естелік капсула салу рәсімі өтті.
  • 2026 жылғы 25 желтоқсанда EPC-келісімшартқа қол қойылды.
15

«Көкшетау қаласында жылу электр орталығын (ЖЭО) салу» жобасы

Жобаның сипаттамасы және мақсаты

Көкшетау қаласында электр қуаты кемінде 240 МВт және жылу қуаты 820 Гкал болатын жаңа жылу электр орталығын (ЖЭО) салу өңірді сенімді жылумен және электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Іске асыру мерзімі

2023–2029

2025 жылғы негізгі нәтижелер

  • 2025 жылғы 24 маусымда «Көкшетау ЖЭО» ЖШС мен ҚР Энергетика министрлігі арасында инвестициялардың қайтарымдылығын қамтамасыз ететін ЖЭО салу туралы шарт жасалды.
  • 2025 жылғы 15 шілдеде «Көкшетау ЖЭО» ЖШС жобалау, жабдықтарды жеткізу, құрылыс-монтаж және іске қосу-реттеу жұмыстарына келісімшарттар жасасты.
  • 2025 жылғы 28 шілдеде «ЖЭК-ті қолдау жөніндегі қаржы-есептік орталығы» ЖШС-мен электр қуатының дайын күйін қолдау қызметін сатып алу туралы шарт жасалды.
16

«Семей қаласында жылу электр орталығын (ЖЭО) салу» жобасы

Жобаның сипаттамасы және мақсаты

Семей қаласында электр қуаты кемінде 360 МВт және жылу қуаты 1 000 Гкал болатын жаңа жылу электр орталығын (ЖЭО) салу өңірді сенімді жылумен және электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Іске асыру мерзімі

2023–2029

2025 жылғы негізгі нәтижелер

  • 2025 жылғы 22 қазанда «Семей Энерго» ЖШС мен ҚР Энергетика министрлігі арасында инвестициялардың қайтарымдылығын қамтамасыз ететін Семей қаласындағы ЖЭО құрылысы бойынша шарт жасалды.
  • 2025 жылғы 24 желтоқсанда «ЖЭК-ті қолдау жөніндегі қаржы-есептік орталығы» ЖШС-мен электр қуатының дайын күйін қолдау қызметін сатып алу туралы шарт жасалды.
17

«Өскемен қаласында жылу электр орталығын (ЖЭО) салу» жобасы

Жобаның сипаттамасы және мақсаты

Өскемен қаласында электр қуаты кемінде 360 МВт және жылу қуаты 1 000 Гкал болатын жаңа жылу электр орталығын (ЖЭО) салу өңірді сенімді жылумен және электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Іске асыру мерзімі

2023–2029

2025 жылғы негізгі нәтижелер

  • 2025 жылғы 22 қазанда «Өскемен Энерго» ЖШС мен ҚР Энергетика министрлігі арасында инвестициялардың қайтарымдылығын қамтамасыз ететін Өскемен қаласындағы ЖЭО құрылысы бойынша шарт жасалды.
  • 2025 жылғы 24 желтоқсанда «ЖЭК-ті қолдау жөніндегі қаржы-есептік орталығы» ЖШС-мен электр қуатының дайын күйін қолдау қызметін сатып алу туралы шарт жасалды.
18

«Қызылорда облысында қуаты шамамен 1100 МВт бу-газ қондырғысы негізіндегі электр станциясын салу» жобасы

Жобаның сипаттамасы және мақсаты

Жоба ҚР БЭЖ-нің Оңтүстік аймағында жаңа маневрлік қуаттарды енгізу мақсатында іске асырылуда. Жоба шеңберінде «Қызылорда — Шымкент» және «Қызылорда — Жезқазған» электр беру желілерін салу да жоспарланған. Газ көзі ретінде ББШ газ құбырының салынып жатқан екінші желісі қарастырылған.

Іске асыру мерзімі

2024–2029

2025 жылғы негізгі нәтижелер

  • 2025 жылғы 25 ақпанда «Самұрық-Энерго» АҚ мен UCC арасында Доха қаласында (Катар) Жоба бойынша акционерлік келісімге (SHA) қол қойылды.
  • 2025 жылғы 2 мамырда АХҚО юрисдикциясында жеке компания мәртебесінде Kyzylorda Energy Ltd бірлескен жобалық компаниясы 250440900943 сәйкестендіру нөмірімен тіркелді.
19

Алматы облысында гидроаккумуляциялық электр станцияларын (САЭС) салу жобасы

Жобаның сипаттамасы және мақсаты

САЭС-ті маневрлік генерация көзі ретінде пайдалану жүктеменің ең жоғары сағаттарында электр энергиясы тапшылығын жабуға және түнгі сағаттардағы төмендеулерді өтеуге мүмкіндік береді (САЭС-тің жылдам қолжетімді реттеу мүмкіндіктері және үлкен жинақтау сыйымдылығы жел және күн энергиясының үлесі жоғары жүйелерде тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қажет).

2025 жылғы негізгі нәтижелер

  • 2025 жылғы 16 маусымда Power Central Asia+China энергетикалық форумы алаңында «Самұрық-Энерго» АҚ мен КМКВХЭ арасында Жобаның келесі кезеңіне – техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге дайындық форматын айқындайтын келісімге қол қойылды.
  • 2025 жылғы 15 шілдеде «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы мен Басқарма төрағасының ҚХР-ға ресми сапары шеңберінде Қытайда «Самұрық-Энерго» АҚ мен CSPG арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
  • 2025 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан–Қытай Іскерлік кеңесінің отырысында «Самұрық-Энерго» АҚ мен CSPGI арасында жобаны бірлесіп әзірлеу туралы келісімге (JDA) қол қойылды, онда тараптардың негізгі міндеттемелері мен өзара іс-қимыл тәртібі бекітілді.

Жасыл және төмен көміртекті инвестициялар

«Самұрық‑Энерго» АҚ жасыл және төмен көміртекті инвестицияларды дамытуды инвестициялық қызметтің және ұзақ мерзімді стратегиялық дамудың негізгі бағыты ретінде қарастырады. Инвестициялық портфельді қалыптастыру тәсілдері тұрақты даму, климаттық жауапкершілік қағидаттарына және кең ауқымды стейкхолдерлер мүдделерін ескеруге негізделген.

Жасыл инвестицияларды корпоративтік басқару

Тұрақты даму және ESG‑факторларды инвестициялық қызметке интеграциялау саласындағы стратегиялық басшылықты «Самұрық‑Энерго» АҚ Директорлар кеңесі жүзеге асырады. Тұрақты даму, климаттық күн тәртібі және ESG тәуекелдер мәселелері Директорлар кеңесінің отырыстарында (тоқсан сайын) және оның Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитеті шеңберінде тұрақты түрде қаралады.

Компанияда ESG бастамаларын әдістемелік сүйемелдеу және үйлестіру үшін «Корпоративтік басқару және тұрақты даму» мамандандырылған департаменті жұмыс істейді, ол экологиялық және климаттық факторларды инвестициялық жоспарлау және шешім қабылдау процестеріне енгізуді қамтамасыз етеді.

Инвестициялық шешімдердің экологиялық және климаттық аспектілері

«Самұрық‑Энерго» АҚ инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде экологиялық және климаттық тәуекелдерді басқарудың жүйелі тәсілін қолданады, ҚР заңнамасын, ISO 14001 стандартын және тұрақты дамудың халықаралық тәжірибелерін басшылыққа алады. Кеңейту және жаңғырту жобалары үшін қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) жүргізіледі, оған қоршаған ортаға әсерді талдау, қоғамдық тыңдаулар және экологиялық мониторинг кіреді.

Компания инвестициялық портфельді қалыптастыру кезінде ескерілетін көміртектік бейтараптыққа қол жеткізуге бағытталған 2060 жылға дейінгі энергетикалық көшу бағдарламасын іске асыруда.

Жасыл және төмен көміртекті инвестициялар құрылымы

Компанияда жасыл және төмен көміртекті инвестицияларды іске асыруды реттейтін нормативтік және стратегиялық база қалыптастырылған. Инвестициялық қызмет Қордың корпоративтік стандарттары мен ESG қағидаттарын ескере отырып, Компанияның Инвестициялық саясаты мен даму стратегиясына сәйкес жүзеге асырылады.

«Самұрық‑Энерго» АҚ инвестициялық портфелі ЖЭК және гидрогенерация жобаларының жоғары үлесімен сипатталады. Жобалардың жалпы белгіленген қуаты шамамен 11,4 ГВт құрайды, оның ішінде шамамен 7,2 ГВт (шамамен 63%) төмен көміртекті энергия көздеріне жатады, соның ішінде

  • жел генерациясы — 3,6 ГВт
  • күн генерациясы — 1,1 ГВт
  • су электр және гидроаккумуляциялық станциялар — 2,5 ГВт.

19 инвестициялық жобаның 7‑сі ЖЭК жобаларына жатады, бұл инвестициялық бағдарламаның төмен көміртекті энергетиканы дамытуға тұрақты бағытталғанын дәлелдейді.

Жасыл қаржыландыру және облигациялар

«Самұрық‑Энерго» АҚ экологиялық маңызды инвестициялық жобаларды іске асыру үшін тұрақты қаржыландыру құралдарын қолданады. 2021 жылы Компания Astana International Exchange алаңында 18,4 млрд теңге сомасына жасыл облигациялар шығарды.

Тартылған қаражат энергия тиімділігін арттыруға, жабдықтың сенімділігін күшейтуге және ЖЭК интеграциясы үшін қажет маневрлік қуаттарды дамытуға бағытталған Шардара СЭС жаңғырту жобасын қаржыландыруға жұмсалды.

Компания AIX Business Rules талаптарына сәйкес жыл сайынғы постэмиссиялық есептілікті жүргізеді, қаражаттың мақсатты пайдаланылуын және экологиялық әсерлердің қол жеткізілуін растайды.

  • айналымдағы жасыл облигациялар көлемі – 18,4 млрд теңге
  • айналымдағы облигациялардың жалпы көлемі – 46,2 млрд теңге
  • қарыз портфеліндегі жасыл қаржыландыру үлесі – шамамен 40%.

Энергия тиімділігі және тұрақты дамуға инвестициялар

Қосымша түрде Компаниялар тобында 2026–2031 жылдарға арналған энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бағдарламасы іске асырылуда, ол отын‑энергетикалық ресурстарды тұтынуды азайтуға және активтерді пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған.

2025 жылы Компания сондай‑ақ энергетикалық активтердің тиімділігі мен тұрақтылығын арттыруға бағытталған технологиялық шешімдерді іздеуге арналған ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (R&D) инвестициялар салды.

2025 жылғы 31 желтоқсан жағдай бойынша:

Өскемен СЭС