Басқару қағидаттары
«Самұрық-Энерго» АҚ-та тұрақты даму қағидаттары стратегиялық басымдықтар мен бизнес-мақсаттардан бастап корпоративтік мәдениетке, ішкі процестерге және шешім қабылдау жүйесіне дейінгі қызметтің негізгі бағыттарына терең ықпалдастырылған. Біз тұрақтылықты Компанияның қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға, қызметкерлер үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға, сондай-ақ тұтынушыларды сенімді энергиямен қамтамасыз етуге бағдарланған ұзақ мерзімді дамуының ажырамас бөлігі ретінде қарастырамыз.
Тұрақты даму саласындағы қағидаттар Компанияның Тұрақты дамудың 17 жаһандық мақсатына өз үлесін қосуға ұмтылысына және Компания 2011 жылы қосылған БҰҰ Жаһандық шартының 10 қағидатына бейілділігіне негізделген. «Самұрық-Энерго» АҚ-ның тұрақты даму саласындағы Нұсқаулығы Компанияның осы бағыттағы қызметін жетілдіруге арналған негіз қалаушы құжат болып табылады.
Қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік жауапкершілік және тиісті корпоративтік басқару қағидаттары қызметтің барлық бағыттарына енгізіліп, осы Есептің тиісті бөлімдерінде көрініс тапқан. БҰҰ Жаһандық шартының Он қағидатына сәйкестік және оларды Компания қызметіне ықпалдастыру төмендегі кестеде берілген.
| Жаһандық шарттың қағидаттары | Есептің бөлімі |
|---|---|
| Іскер топтар халықаралық деңгейде жарияланған адам құқықтарын қорғауды қолдап, құрметтеуі тиіс | Адами капиталға инвестициялар Тұрақты жеткізу тізбегі және сатып алу қызметінің саясаты |
| Іскер топтар адам құқықтарының бұзылуына қатысы болмауы тиіс | |
| Іскер топтар бірлесу бостандығын және ұжымдық шарттар жасасу құқығын нақты тануды қолдауы тиіс | |
| Іскер топтар мәжбүрлі және міндетті еңбектің барлық нысандарын жоюды жақтауы тиіс | |
| Іскер топтар балалар еңбегін толықтай жоюды жақтауы тиіс | |
| Іскер топтар еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кемсітушілікті жоюды жақтауы тиіс | |
| Іскер топтар экологиялық мәселелерге қатысты сақтық қағидатына негізделген тәсілді қолдауы тиіс | Планетамызға қамқорлық Климаттың өзгеруіне қарсы күреске қосқан үлес |
| Іскер топтар қоршаған ортаның жай-күйі үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған бастамаларды қолға алуы тиіс | |
| Іскер топтар экологиялық қауіпсіз технологияларды дамыту мен таратуды қолдауы тиіс | Әдеп және комплаенс адал бизнес жүргізу жүйесі |
| Іскер топтар сыбайлас жемқорлықтың барлық нысандарына, соның ішінде бопсалау мен парақорлыққа қарсы тұруы тиіс |
Экологиялық аспектілерді тиімді басқару мақсатында Компанияда Корпоративтік менеджмент жүйесінің саясатын, Қоршаған ортаны қорғауды басқару жөніндегі корпоративтік стандартты, Төтенше экологиялық жағдайларға ден қою жөніндегі нұсқаулықты және Экологиялық қауіпсіздік бағдарламасын қамтитын корпоративтік құжаттардың кешені қолданылады. Аталған құжаттар экологиялық тәуекелдерді барынша азайтуға арналған бірыңғай негіз қалыптастырады.
Компанияның экономикалық қызметі, оның ішінде қаржылық тәртіп пен ашықтық мәселелері Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және салықтық, бухгалтерлік әрі басқарушылық есепті реттейтін ішкі корпоративтік регламенттерге сәйкес жүзеге асырылады.
Сатып алу қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және «Самұрық Қазына» АҚ-ның сатып алуды жүзеге асыру тәртібімен реттеледі. Сатып алу рәсімдерін уәкілетті бөлімше жеткізушілермен өзара іс-қимыл барысында ашықтықты, нәтижелілікті және белгіленген талаптарға сәйкестікті қамтамасыз ету мақсатында іске асырады.
ESG тәсілінің маңызды құрамдас бөлігі еңбек қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздік болып табылады. Осы саладағы басқару жүйесі барлық жұмыскерлер мен мердігер ұйымдарға қолданылады және заңнама талаптары мен корпоративтік стандарттарға, оның ішінде 2024–2028 жылдарға арналған өндірістік қауіпсіздік жүйесін дамыту стратегиясына және тәуекелдерді бағалау мен басқару жөніндегі бейіндік стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
2025 жылы «Самұрық Энерго» АҚ адами капиталды жауапты басқару тәжірибелерін дамыта отырып, әлеуметтік жауапкершілік саласындағы міндеттемелерін дәйекті түрде іске асырды. Компанияның тәсілі БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес келеді және қауіпсіз еңбек жағдайларын, жұмыскерлердің әлеуметтік қорғалуын, тең мүмкіндіктерді және қолайлы жұмыс ортасын қамтамасыз етуге бағдарланған. Персоналды басқару халықаралық тәжірибелер, ұлттық нормативтік құқықтық актілер және ішкі корпоративтік құжаттар негізінде жүзеге асырылады.
Есепті жылы Қордың әлеуметтік саясат жөніндегі корпоративтік стандарты бекітілді, оны енгізу аясында fit-gap талдауы жүргізіліп, еңбек жағдайлары, жұмыскерлердің әл-ауқаты, әлеуметтік тәуекелдерді басқару, адам құқықтары және инклюзивтілік салаларындағы процестерді дамыту бойынша шаралар қабылданды.
Адам құқықтарын сақтау мен қорғауға ерекше назар аударылады. Компания Қазақстан Республикасының заңнамасын және халықаралық деңгейде мойындалған стандарттарды, оның ішінде БҰҰ-ның бизнес және адам құқықтары жөніндегі басшылық қағидаттарын, БҰҰ Жаһандық шартының қағидаттарын және ХЕҰ конвенцияларын басшылыққа ала отырып, тиісті қағидаттарды қызметтің барлық бағыттарына ықпалдастырады. Адам құқықтары мен әлеуметтік жауапкершілік саласындағы міндеттемелер Топтың ішкі құжаттарында бекітілген, ал оларды іске асыруға жауапкершілік Компанияның басқару органдары арасында олардың құзыреттеріне сәйкес бөлінген.
Тұрақты дамуды басқару
GRI 3-3
Компанияның тұрақты даму қағидаттары үш деңгейлі тәсіл шеңберінде енгізілген
Стратегиялық интеграция – тұрақты даму қағидаттары Компанияның Стратегиясына, оның ішінде миссиясына, құндылықтарына және стратегиялық мақсаттарына енгізілген
Операциялық интеграция – Компания басшылығы барлық корпоративтік шешімдерді тұрақты даму саласындағы қағидаттар мен мақсаттарға сәйкестік өлшемшарттарын негізге ала отырып қабылдайды
Мәдени интеграция – оқыту іс-шараларын өткізу, Компанияның корпоративтік порталында мақалалар жариялау, сондай-ақ Мінез-құлық кодексін іске асыру аясында қамтамасыз етіледі.
Тұрақты даму мынадай бағыттарға ықпалдастырылған
- басқару жүйесіне (тұрақты даму саласындағы басқару жүйесінде әрбір органның және барлық жұмыскерлердің тұрақты даму қағидаттарын, стандарттарын, сондай-ақ осы саладағы тиісті саясаттар мен жоспарларды іске асырудағы рөлі, құзыреті мен жауапкершілігі нақты айқындалып, бекітілген)
- Environmental, Social, and Corporate Governance мақсаттарын (бұдан әрі – ESG) интеграциялау арқылы даму жоспарына/стратегиясына
- тәуекелдерді басқару жүйесіне (климаттың өзгеруіне байланысты экологиялық және климаттық тәуекелдерді басқару тәжірибесін үздіксіз жетілдіру)
- инвестициялық шешімдер қабылдау процесіне (Компания қызметінің нәтижелеріне елеулі ықпал ету ықтималдығы жоғары инвестициялық тәуекелдер мен мүмкіндіктерді айқындау мақсатында маңызды ESG факторларын талдау және ESG тәуекелдерін бағалау)
- жоғары басқару органдары мен менеджментті сыйақыландыру жүйесіне (Компания ESG саласындағы мақсаттарды әзірлейді және оларды жария түрде ашады, ал ESG нысаналы көрсеткіштері басшылар қызметінің тиімділігін бағалау үшін қолданылады)
- жоспарлауды (ұзақ мерзімді, орта мерзімді (5 жылдық жоспар) және қысқа мерзімді (жылдық бюджет) кезеңдерді), есептілікті, адам ресурстарын басқаруды, операциялық қызметті және өзге де негізгі процестерді қамтитын негізгі бизнес-процестерге, сондай-ақ басқарудың барлық деңгейлерінде шешім қабылдау процестеріне
- мүдделі тараптармен жүйелі өзара іс-қимыл тетігіне, бұл маңызды әрі сенімді ақпарат ұсынуды, екіжақты диалог мүмкіндігін қамтамасыз етуді, Компания қызметіне байланысты экологиялық қауіптер мен тәуекелдер туралы хабардар етуді, сондай-ақ шағымдар беру бойынша икемді тетікті әзірлеуді көздейді.
Компанияның қағидаттары, бағдарламалары, есептері және әлеуметтік, экономикалық әрі экологиялық салалардағы жаңа жобалары туралы барлық ақпарат Компанияның корпоративтік сайтындағы «Тұрақты даму» бөлімінде қолжетімді болуына қарай орналастырылады. (GRI 2-24).
"Самұрық-Энерго" АҚ-ның тұрақты дамуды басқару схемасы
БҰҰ ТДМ тәжірибелері, міндеттемелері, талаптары, бастамалары
Стратегия
Үш құрамдас (экономика, экология, әлеуметтік мәселелер) бойынша ішкі және сыртқы жағдайды талдау, тұрақты даму саласындағы тәуекелдерді анықтау, миссия мен көзқарастағы қағидаттарды жүзеге асыру.
Мүдделі тараптар
Мүдделі тараптар мен өзара әрекеттесу әдістері/арналарының картасын құру
Мақсаттар мен міндеттер
Тұрақты дамуды басқару, тұрақты даму тиімділігінің көрсеткіштерін әзірлеу
Бизнес процестер
Директорлар кеңесінде, атқарушы органда және қызметкерлер деңгейінде тұрақты даму принциптеріне берілгендік. Негізгі процестер мен шешімдер қабылдау процестеріне тұрақты дамуды біріктіру
Операциялық интеграция
Тұрақты даму және мүдделі тараптарды тарту саласындағы бастамалар, саясаттар, жоспарлар мен жобалар
Үнемі есеп беру, өнімділікті бақылау, мақсаттарға және KPI көрсеткіштеріне қол жеткізуді бағалау, түзету шараларын қабылдау, мүдделі тараптар үшін тиімді кері байланыс. Үздіксіз жетілдіру мәдениетін енгізу. Тұрақты даму саласындағы лауазымды тұлғалар мен қызметкерлердің біліктілігін арттыру
Директорлар кеңесі тұрақты даму қағидаттарын стратегиялық басқаруды жүзеге асыруға және олардың тиімді енгізілуіне жүйелі бақылау жүргізуге жауапты. Кеңестің құзыретіне тиісті саясаттарды, негізгі қызмет көрсеткіштерін бекіту, сондай-ақ Компания қабылдаған міндеттемелердің орындалуын қадағалау кіреді. Атқарушы орган өз өкілеттіктері аясында тұрақты даму қағидаттарын дәйекті түрде енгізуді, комплаенс рәсімдері мен корпоративтік саясаттарды тиімді іске асыруды қамтамасыз етеді және осы бағыттағы қызметтің нәтижелері туралы Директорлар кеңесін тұрақты негізде хабардар етеді.
«Самұрық Энерго» АҚ-ның 2026 жылға арналған басшы қызметкерлеріне бекітілген мотивациялық ПӘК карталарында ESG саласындағы нысаналы көрсеткіштер көзделген, бұл тұрақты даму қағидаттарын басқарушылық ынталандыру жүйесіне жан-жақты әрі жүйелі түрде ықпалдастыруды қамтамасыз етеді.
| Компонент | Көрсеткіш | % | Сипаттамасы |
|---|---|---|---|
| E (Экология) | Ірі және басым инвестициялық жобаларды, оның ішінде жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) жобаларын және қоршаған ортаға әсерді төмендетуге бағытталған жобаларды іске асыру | 30% | Инвестициялық жобаларды, оның ішінде жаңартылатын энергия көздері негізінде жұмыс істейтін жобаларды және қоршаған ортаға әсерді азайтуға бағытталған жобаларды іске асыру. |
| «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2060 жылға дейінгі Энергетикалық көшу бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу, бекіту және 2025 жылға арналған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету | 20% | «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2060 жылға дейінгі Энергетикалық көшу бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу, бекіту және 2025 жылға арналған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету. | |
| Ұлттық маңызы бар станциялар (Екібастұз МАЭС-1, ЕСМАЭС-2) бойынша шартты отынның үлестік шығыны деңгейін қамтамасыз ету | 20% | Негізгі станцияларда отын тиімділігін арттыру | |
| Қоршаған ортаға шығарындыларды мониторингтеудің автоматтандырылған жүйесін енгізу | 15% | Екібастұз МАЭС-1 станциясындағы эмиссияларды бақылау. | |
| Көміртегі қарқындылығының серпіні (3 жыл, базалық жылмен салыстырғанда) | 5% | Өндірілетін электр энергиясының экологиялық көрсеткіші. | |
| S (Әлеуметтік) | Басқарманың құзыреті шеңберінде «Самұрық-Энерго» АҚ-да тұрақты дамуды басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі 2025 жылға арналған Жол картасы іс-шараларының орындалуы | 10% | Басқарманың құзыреті шеңберінде «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2025 жылға арналған тұрақты дамуды басқару жүйесін жетілдіру. |
| Өнеркәсіптік қауіпсіздік (LTIFR, мінез-құлықтық бақылаулар) | 10% | Жарақаттанушылық деңгейін төмендету және қауіпсіздік мәдениетін арттыру. | |
| Сатып алулардағы ішкі елдік үлес деңгейін арттыру | 10% | Тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жергілікті қамтылуын ұлғайту. | |
| Офтейк-келісімшарттар жасасу | 20% | Офтейк-келісімшарт – бұл тапсырыс беруші мен жеткізуші арасында жеткізуші болашақта өндіруді жоспарлап отырған тауарды алдын ала келісілген құны, саны (көлемі) және жеткізу мерзімдері негізінде жеткізу туралы жасалған шарт. | |
| G (Басқару) | Ірі және басым инвестициялық жобаларды іске асыру | 30% | Компаниялар тобының 18 негізгі жобасы бойынша жоспардың орындалуы. |
| «Самұрық-Энерго» АҚ-ның негізгі тәуекелдерін басқару жөніндегі Іс-шаралар жоспарының орындалуы | 30% | Көрсеткіш «Самұрық-Энерго» АҚ-ның негізгі тәуекелдерін басқаруға бағытталған. | |
| Жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы жобаларды іске асыру жөніндегі Жол картасын бекіту | 30% | ПӘК компаниялар тобы шеңберінде жасанды интеллект қолданылатын жобаларды айқындау және енгізуді көрсетеді («Самұрық-Энерго» АҚ). | |
| Энергетика саласы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасына өзгерістер енгізуді бастамалау/енгізу | 25% | Қомпания мен еншілес және тәуелді ұйымдардың қызмет мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы энергетика саласы бойынша заңнамасына өзгерістерді уақтылы бастамалау | |
| Цифрлық жетілу деңгейін бағалау | 10% | Цифрлық технологияларды, процестер мен құзыреттерді дамыту, цифрлық шешімдердің негізгі бизнес-процестерге интеграциялану деңгейі. | |
| Инвестициялық IT жобаларды енгізу | 20% | Бизнес-процестерді цифрландыруға, автоматтандыруға және олардың тиімділігін арттыруға бағытталған ақпараттық технологиялар саласындағы инвестициялық жобаларды енгізу. |