Негізгі қаржылық көрсеткіштерге өту
Samruk Energy
KZ

Негізгі қаржылық көрсеткіштер

Қаржылық-экономикалық көрсеткіштер7

Қаржылық-экономикалық көрсеткіштер7
Көрсеткіш, млн теңге2023
(нақты)
2024

(нақты)
2025

(нақты)
2026

(болжам)
Өнімді сату және қызмет көрсету бойынша табыс444 960573 490752 843774 950
Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны329 676371 645487 420558 492
Жалпы пайда115 284201 845265 424216 459
Операциялық пайда92 828172 987225 777173 267
Амортизация, пайыздар және корпоративтік табыс салығына дейінгі пайда (EBITDA)159 484226 241314 866285 796
Салық салуға дейінгі пайда (шығын)63 082147 524205 355157 273
Корпоративтік табыс салығы бойынша шығындар19 35234 55547 70936 470
Азшылық үлесін шегергенге дейінгі жалпы пайда (шығын)43 730112 969157 645120 802
Азшылық үлесі6494612 8471 344
Топ акционерлеріне тиесілі таза пайда43 080112 508154 798119 459
  1. Өнімді сатудан және қызмет көрсетуден түскен өндірушілер бойынша табыс

2025 жылы «СамұрықЭнерго» АҚ бойынша өнімді сату және қызмет көрсету бойынша табыс 752 843 млн теңгені құрады

2025 жылы «Самұрық‑Энерго» АҚ бойынша өнімді сату және қызмет көрсету бойынша табыс 752 843 млн теңгені құрады 2025 жылы «Самұрық‑Энерго» АҚ бойынша өнімді сату және қызмет көрсету бойынша табыс 752 843 млн теңгені құрады 573 490 2024 ж. 
нақты кіріс 59 869 Э/э өн-і және 
т/э өн-і (ЭӨҰ) 8 855 Қуатты іске асыру (ЭӨҰ) 35 513 Э/э беру 
(ТЭҰ) 59 048 Э/э сату 
(ЭБҰ) 16 068 Жалпы және басқа 752 843 2025 ж. 
нақты кіріс
2025 жылы «Самұрық‑Энерго» АҚ бойынша өнімді сату және қызмет көрсету бойынша табыс 752 843 млн теңгені құрады

Консолидацияланған түсімнің ұлғаюы негізінен өткізу (сату) сегментінде байқалды. Түсімнің өсуі электр энергиясын өткізу көлемінің 1 079 млн кВт*сағ.(12%)-қа ұлғаюына, сондай-ақ «Алатау Жарық Компаниясы» АҚның Энергосбыт филиалында электр энергиясын өткізу тарифінің 28,03 теңге/кВт*сағ.тан 30,97 теңге/кВт*сағ.қа дейін (10% өсім) көтерілуіне байланысты.

Электр энергиясын беру бойынша түсімнің артуы электр энергиясын беру көлемінің 688 млн кВт*сағ. (7%)-қа өсуімен және «Алатау Жарық Компаниясы» АҚның электр энергиясын беру тарифінің 9,95 теңге/кВт*сағ.тан 12,83 теңге/кВт*сағ.қа дейін ұлғаюымен байланысты.

Электр энергиясын өндіру сегментінде түсімнің өсуі гидроэлектр станцияларының өткізу көлемінің артуымен, бұл 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап электр энергиясы өндіруші ұйымдар үшін шекті тарифтердің өсуіне байланысты, сондай-ақ 2025 жылға арналған өткізілген сауда-саттық қорытындылары бойынша қуат өткізу көлемінің ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ жылу энергиясын өндіру сегментінде «Алматы Электр Станциялары» АҚ және «Energy Solutions Center» ЖШС (Екібастұз ЖЭО) өнім өткізу көлемдерінің өсуі есебінен түсімнің ұлғаюы байқалды. Бұдан бөлек, «Алматы Электр Станциялары» АҚның жылу энергиясына тарифі 5 195 теңге/Гкалдан 5 539 теңге/Гкалға дейін артты.

2025 жылғы негізгі қызмет түрлері бойынша кірістер құрылымы

2025 жылғы негізгі қызмет түрлері бойынша кірістер құрылымы
Электр энергиясын өндіру Электр энергиясын беру және тарату Электр энергиясын өткізу Жылу энергиясын өндіру КӨМІР ӨНДІРУ Қызметтің өзге де түрлері

2025 жылғы негізгі қызмет түрлері бойынша кірістер құрылымы

Өнімді сатудан және қызмет көрсетуден түскен өндірушілер бойынша табыс

Көрсеткіш, млн теңге 2023
(нақты)
2024
(нақты)
2025
(нақты)
2026
(болжам)
Өнімді сату және қызмет көрсету бойынша табыс 444 960 573 490 752 843 774 950
«Екібастұз МАЭС1» ЖШС 186 939 198 847 246 631 275 120
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ – Энергосбыт филиалы 168 309 247 127 307 166 356 751
«Алматы Электр Станциясы» АҚ 96 660 125 605 139 513 154 656
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ 67 712 94 009 129 111 145 064
«Мойнақ СЭС» АҚ 21 720 25 768 26 196 17 882
«Шардара СЭС» АҚ 8 991 8 602 7 137 8 357
«Өскемен СЭС» ЖШС 10 915 12 794 12 616
«Шүлбі СЭС» ЖШС 16 603 18 429 18 328
«Бірінші жел электр станциясы» ЖШС 6 170 6 641 7 826 8 574
«Бұқтырма СЭС» АҚ 21 837 16 520 93 693 43 590
«Energy Solution Center» ЖШС (ЭЖЭО) 4 233 9 512 11 795
«Energy Solution Center» ЖШС филиалы – Ортақ қызмет көрсету орталығы (ОҚО) 1 595 1 945 2 643 3 729
«SamrukGreen Energy» ЖШС 500 659 814 797
Топішілік айналымдар (элиминация) -135 475 -183 986 -248 622 -282 309

Компанияның негізгі қызметі бойынша табыстарының негізгі үлесін «Екібастұз МАЭС1» ЖШС, «Алматы Электр Станциясы» АҚ, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ және «Алатау Жарық Компаниясы» АҚның Энергосбыт филиалы құрайды. Сонымен қатар, табыстарды шоғырландыру кезінде жалпы сомадан негізінен электр энергиясын өндіруші және таратушы компаниялар бойынша топішілік айналымдар алынып тасталады.

Өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны

Көрсеткіш, млн теңге 2023
(нақты)
2024
(нақты)
2025
(нақты)
2026
(болжам)
Отын 91 379 107 507 143 961 159 826
Еңбекақы және байланысты шығыстар 53 766 70 084 95 143 108 931
Сатып алынған электр энергиясының құны 56 404 57 128 44 268 41 747
Электр қуатының дайын болуын қамтамасыз ету бойынша қызметтер 8 848 2 822 23 320 26 650
Негізгі құралдардың тозуы және материалдық емес активтердің амортизациясы 62 556 58 033 78 029 100 064
Жөндеу және күтіп ұстау 11 377 12 993 18 958 17 494
Электр энергиясын беру қызметтері 16 922 19 828 27 959 34 904
Материалдар 2 777 3 373 5 020 5 787
Сумен қамтамасыз ету 7 582 10 625 13 000 15 864
Желілердегі шығындар 2 0 0 0
Табыс салығын қоспағандағы салықтар 4 633 6 055 7 727 10 701
Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем 4 435 5 054 8 038 9 243
Үшінші тарап ұйымдарының қызметтері 3 350 11 985 13 949 15 857
Басқа 5 643 6 159 8 047 11 423
Барлығы 329 676 371 645 487 420 558 492

Өзіндік құн 2025 жылдың қорытындысы бойынша 487 420 млн теңгені құрады, бұл 2024 жылғы нақты көрсеткіштен 31%-ға жоғары. Шығыстардың өсуі негізінен айнымалы өндірістік шығындардың (көмір, газ, «KEGOC» АҚ қызметтері және т.б.) артуымен байланысты, бұл тауарлар мен қызметтер бағасының өсуімен, электр энергиясының теңгерімдеу нарығындағы (бұдан әрі – ЭЭТН) шығындардың ұлғаюымен, инфляцияға байланысты өндірістік персоналдың еңбекақысына жыл сайынғы индексация жүргізумен, сондай-ақ бекітілген тарифтің өсуіне байланысты өндірістік персоналдың еңбекақы қорының қайта қаралуымен және шикізат пен өндірістік материалдар бағасының индексациялануымен түсіндіріледі.

2025 жылға амортизация 78 029 млн теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19 996 млн теңгеге немесе 34%-ға артық. Негізгі өсім «Екібастұз МАЭС1» ЖШС бойынша жөндеу кестесіне сәйкес жүргізілген кеңейтілген ағымдағы жөндеу жұмыстары аясында пайдалануға енгізілген объектілер есебінен, сондай-ақ түтін мұнарасы бойынша амортизацияның қайта есептелуіне байланысты орын алды.

Өзіндік құн құрылымы

Өзіндік құн құрылымы

Болашақ кезеңге болжам 2026 жылға арналған болжамда өзіндік құн тауарлар мен қызметтер бағасының өсуіне, электр энергиясының теңгерімдеу нарығында (ЭЭТН) баланс жасайтын электр энергиясын сатып алу шығындарының артуына, өндірістік персоналдың еңбекақы шығындарының ұлғаюына, сондайақ өндіріс көлемдерінің өсуіне байланысты артады.

Өткізу шығындары, млн теңге

Болашақ кезеңге болжам 2026 жылға арналған болжамда өзіндік құн тауарлар мен қызметтер бағасының өсуіне, электр энергиясының теңгерімдеу нарығында (ЭЭТН) баланс жасайтын электр энергиясын сатып алу шығындарының артуына, өндірістік персоналдың еңбекақы шығындарының ұлғаюына, сондайақ өндіріс көлемдерінің өсуіне байланысты артады.

Өткізу шығындары, млн теңге

8 93120238 845202411 108202512 9982026болжам

Болашақ кезеңге болжам 2026 жылға арналған болжамда өнімді өткізу бойынша шығындар 12 998 млн теңге көлемінде жоспарланған, бұл 2025 жылғы нақты көрсеткіштен 1 890 млн теңгеге немесе 17%-ға жоғары. Өткізу шығындарының ұлғаюы «KEGOC» АҚ қызметтерінің бағасының өсуіне байланысты.

Жалпы және әкімшілік шығындар, млн теңге

13 525202320 013202428 538202530 1942026болжам

Болашақ кезеңге болжам 2026 жылға арналған болжам бойынша әкімшілік шығындар 2025 жылғы деңгейден 1 656 млн теңгеге жоғары болады. Өсім негізінен топтың еншілес және тәуелді ұйымдары қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету аясында еңбекақыны индексациялаумен байланысты.

Қаржылық шығындар, млн теңге

2025 жылдың қорытындысы бойынша қаржылық шығындар 35 369 млн теңгені құрады, бұл 2024 жылғы нақты көрсеткіштен 4 047 млн теңгеге жоғары. Өсу «АлЭС» бойынша кассалық алшақтықтарды жабу үшін қарыз қаражатын тартумен, сондайақ 2024 жылы сыйақы бойынша шығындардың бір бөлігі МАЭС1 1энергоблок жобасы аясында 6 241 млн теңге сомасында капиталдандырылғанымен байланысты.

Қаржыландыру шығындары, млн теңге

25 244202331 322202435 369202543 4602026болжам

Болашақ кезеңге болжам 2026 жылға арналған болжам бойынша қаржыландыру шығындары 43 460 млн теңгені құрайды. Өсім негізінен АлЭС жобалары (ЖЭО-2, ЖЭО-3) мен МАЭС-2 бойынша шығыстарды қаржыландыру үшін Қазақстан қор биржасында облигациялық бағдарлама шеңберінде қаражат тартумен, сондай-ақ МАЭС-1 бойынша кассалық алшақтықтарды жабу үшін қарыз қаражатын тартумен байланысты.

Бірлескен және қауымдастырылған кәсіпорындардың пайдасындағы үлес

Көрсеткіш, млн теңге 2023
(нақты)
2024
(нақты)
2025
(нақты)
2026
(болжам)
Бірлескен және қауымдастырылған кәсіпорындардың пайдасындағы үлес 3 121 -5 856 9 712 10 789
Бірлескен және қауымдастырылған кәсіпорындардың пайдасындағы үлес
Бірлескен және қауымдастырылған кәсіпорындардың пайдасындағы үлес Бірлескен және қауымдастырылған кәсіпорындардың пайдасындағы үлес (5 855) 2024 нақты 13 871 FM 1 873 МАЭС-2 175 ЭЖЭО, Altyn Dala 9 712 2025 (нақты)

2025 жылдың қорытындысы бойынша үлестік қатысу бойынша алынған пайда 9 712 млн теңгені құрады, бұл алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15 568 млн теңгеге жоғары. Өсім негізінен Forum Muider B.V. есебінен орын алды, бұл ішкі және сыртқы нарықтарда көмір бағасының өсуі нәтижесінде операциялық пайданың артуымен байланысты.

Сыртқы кредиторлар ковенанттарының орындалуы

Өтімділік пен қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері

Ковенант Норматив 2022 нақты 2023 нақты 2024 нақты 2025 нақты Ескерту
Қарыз/EBITDA ( Б) 3,5-тен аспау 2,14 1,74 1,62 1,92 Сақталады
EBITDA/Пайыздар (АДБ) 2,2-ден кем емес 5,92 10,8 12,23 14,44 Сақталады
Қарыз/Меншікті капитал (ҚРДБ) 2,0-ден аспау 0,50 0,43 0,49 0,62 Сақталады
Атауы 2020 нақты 2021 нақты 2022 нақты 2023 нақты 2024 нақты 2025 нақты
Қарыз/EBITDA 2,96 2,41 1,90 1,71 1,66 1,86
Қарыз/Меншікті капитал 0,54 0,59 0,50 0,43 0,49 0,62
Ағымдағы өтімділік 0,75 0,53 0,57 1,04 1 1,45

2025 жылдың қорытындысы бойынша «СамұрықЭнерго» АҚ кредиторлардың жартыжылдық негізде бақыланатын қаржылық және қаржылық емес ковенанттарын орындады.

2025 жылдың қорытындысы бойынша «СамұрықЭнерго» АҚ акционер белгілеген қаржылық тұрақтылық коэффициенттері бойынша мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізді.

Қарыз жүктемесінің өсуі

2025 жылғы 12 ай қорытындысы бойынша «СамұрықЭнерго» АҚның шоғырландырылған қарыз деңгейі 601,50 млрд теңгені құрады, жоспар 686,04 млрд теңге, ауытқу 84,54 млрд теңгені құрады. Төмендеуінің негізгі себептері – Алматы электр станцияларының ЖЭО2 және ЖЭО3 жобалары бойынша газдандыру жобаларының мерзімдерінің ауыстырылуына байланысты игеру мерзімдерінің кейінге қалдырылуы.

Қаржылық тұрақтылықты одан әрі қамтамасыз ету мақсатында «СамұрықЭнерго» АҚ топ бойынша қаржыландыру тартуды тұрақты түрде мониторинг жүргізеді, сондайақ қаржылық ковенанттардың орындалуын қамтамасыз ететін деңгейде несиелік портфельді сақтау бойынша ісшаралар іске асырылады. Сонымен қатар жоспарлы қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері бақыланып, қарыз алу шарттарының кредиттік рейтинг деңгейіне әсері талданады.

Сондайақ алдағы кезеңдерде елдегі генерация тұрақтылығын қамтамасыз етуге және Алматы өңірін газдандыруға бағытталған басым жобаларды іске асыру мақсатында шоғырландырылған қарыздың өсуі күтіледі.

Кредиттік рейтинг (Fitch Ratings)

2025 жылғы 30 қыркүйекте халықаралық рейтингтік агенттік Fitch Ratings Компанияның шетел және ұлттық валюталардағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін «BB+» деңгейінде «Тұрақты» болжамымен растады.

Қаржылық көрсеткіштерді талдау

Салыстырмалы талдау (бенчмаркинг)

Бенчмаркинг – Қомпаниядағы басқарудың маңызды элементтерінің бірі. Бенчмаркинг жүргізудің мақсаты – Компанияның әлсіз және күшті жақтарын анықтау үшін операциялық және қаржылық көрсеткіштерді шетелдік ұқсас компаниялармен салыстыру. Бенчмаркинг үшін келесі көрсеткіштер қолданылды

  • EBITDA margin (EBITDA маржасы)
  • Қарыз/EBITDA
  • Қарыз қаражатының үлесі коэффициенті (Қарыз/Меншікті капитал)
  • Инвестицияланған капиталдың рентабельділігі (ROIC)

Бенчмаркинг үшін келесі ұқсас компаниялардың деректері пайдаланылды

  • ПАО «Интер РАО» (Ресей)
  • CEZ Group (Чехия)
  • RWE (Германия)

Бенчмаркинг нәтижелері

КритерийМақсатСтатусMin-------------------Бенчмаркинг-------------------Max
EBITDA margin%
Интер РАО(13)
RWE(29)
CEZ(41)
СЭ(42)
ROIC%
Интер РАО (12)
RWE(4)
CEZ(16)
СЭ(13)
Қарыз / EBITDAКоэффициент
Интер РАО(0,02)
СЭ(1,86)
CEZ(1,82)
RWE(3,87)
Қарыз/МККоэффициент
Интер РАО(0,004)
RWE(0,47)
СЭ(0,62)
CEZ(1)
2025 жылғы EBITDA маржасы
2025 жылғы EBITDA маржасы
42%
"СамұрықЭнерго" АҚ
41%
Cez Group
29%
RWE
13%
Интер РАО
2025 жылғы Return on Invested capital (ROIC)
2025 жылғы Return on Invested capital (ROIC)
13%
«СамұрықЭнерго» АҚ
16%
Cez Group
4%
RWE
12%
Интер РАО

Қазіргі уақытта «СамұрықЭнерго» АҚ шетелдік ұқсас компаниялармен салыстырғанда кейбір көрсеткіштер бойынша артта қалып отыр.

EBITDA маржасы көрсеткіші Компания қызметінің тиімділігінің негізгі индикаторы болып табылады, ол пайыздар, салықтар, амортизация шығындарына дейінгі пайданың қалыптасу қабілетін көрсетеді. Интер РАО, RWE, CEZ Group сияқты компаниялармен салыстырғанда «СамұрықЭнерго» АҚ операциялық тиімділіктің жоғары деңгейін көрсетеді, EBITDA маржасы шамамен 42% деңгейінде.

Қарыз/EBITDA және Қарыз/Меншікті капитал көрсеткіштері бойынша «СамұрықЭнерго» АҚ CEZ Group және RWE компанияларымен салыстырғанда орташа деңгейде орналасқан, алайда қаржылық тұрақтылық тұрғысынан Интер РАО-дан айтарлықтай төмен.

ROIC көрсеткіші (инвестицияланған капиталдың рентабельділігі) бойынша «СамұрықЭнерго» АҚ CEZ Group компаниясынан төмен, бірақ RWE және Интер РАО-дан жоғары.

Сонымен қатар, ашық акционерлік компаниялардан айырмашылығы, «СамұрықЭнерго» АҚ Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиесілі екенін атап өткен жөн, сол себепті Компания электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы болып табылады. Осыған байланысты, сондайақ энергетика секторының негізгі құралдарының тозу деңгейінің жоғары болуына орай, 2009 жылдан бастап әлеуметтік маңызы бар инвестициялық жобалар (Қазақстан Республикасының энергожүйесінің сенімділігі мен үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған) жүзеге асырылды. Бұл инвестицияланған капиталдың едәуір өсуіне алып келіп, сәйкесінше инвестициялар рентабельділігі көрсеткішінің төмендеуіне әсер етті.

Инвестициялар рентабельділігі көрсеткіштеріне әсер ететін қосымша фактор ретінде Қазақстан Республикасындағы электр энергиясына тарифтердің ұқсас компаниялар орналасқан елдермен салыстырғанда төмен деңгейде болуы болып табылады.

2025 жылғы электр энергиясының орташа тарифі, теңге/кВт сағ
2025 жылғы электр энергиясының орташа тарифі, теңге/кВт сағ
30,97
Қазақстан
44,46
Ресей 
183,32
Германия 
147,91
Чехия
Ел Орташа тариф кВт*сағ.үшін9Теңге/кВт*сағ.2025 жылға орташа айырбас бағамы.10
Қазақстан 30,97 теңге30,97 теңге/кВт*сағ.
Ресей  7,08 рубль44,46 теңге/кВт*сағ. 6,28 теңге/рубль 
Германия  0,31 еуро183,32 теңге/кВт*сағ. 590,15 теңге/еуро 
Чехия6,18 крон147,91 теңге/кВт*сағ.23,94 теңге/чех кронасы 
  1. Қоғам тобы бойынша соңғы тұтынушыға арналған орташа тариф ҚҚСсыз көрсетілген
  2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша орташа айырбас бағамы Дереккөз: Евростат, Росстат