Негізгі мазмұнға өту
Samruk Energy
KZ

Компаниялар тобының дәстүрлі энергетикалық кәсіпорындары

Қапшағай СЭС-і және су қоймасы

«Алматы электр станциялары» АҚ

Алматы электр станцияларының өндірістік ғимараты
Бас директор
Маширов Е.К.
Мекенжайы
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 
Достық даңғ., 7
Қызметкерлер
3 121 адам
Иелену үлесі
«Самұрық-Энерго» АҚ 100%
Компанияның ресми сайты
www.ales.kz

«Алматы электр станциялары» АҚ — жылу және электр энергиясын өндіруді қамтамасыз ететін әрі Алматы қаласы мен Алматы өңірінің қажеттіліктерінің шамамен 70%-ын жабатын өндіруші кәсіпорын. Компания жылу және электр энергиясын өндіру және жеткізу бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген.

«АлЭС» АҚ құрамына Б. Оразбаев атындағы ЖЭО-1, А. Жақұтов атындағы ЖЭО-2 және ЖЭО-3, Ш. Шөкин атындағы Қапшағай СЭС-і және СЭС каскады, Батыс жылу кешені, «Энергоремонт» өндірістік-жөндеу кәсіпорны және Отынды қабылдау және түсіру орталығы кіреді

Кәсіпорын жеткізу тізбегі

Электр энергиясын сату 01.07.2023 жылдан бастап Бірыңғай сатып алушы арқылы жүзеге асырылады.

Қаржылық көрсеткіштер

Көрсеткіштер 2023 2024 2025
Таза кіріс/шығын, млн теңге 1 321 19 043 5 466
EBITDA, млн теңге 18 541 39 194 30 426
EBITDA Margin, % 19 31 22
Игерілген инвестициялар сомасы, мың теңге 14 277 526 105 440 749 277 386 075

Өндірістік көрсеткіштер

Көрсеткіш 2023 2024 2025
Белгіленген электр қуаты, МВт 1 235,7 1 235,7 1 235,7
Электр энергиясын өндіру көлемі, млн кВт сағ 5 054 5 196 5 121
Электр энергиясын өткізу көлемі, млн кВт сағ 4 540 4 603 4 517
Жылу энергиясын өндіру көлемі, мың Гкал 5 592 5 776 5 549
Жылу энергиясын өткізу көлемі, мың Гкал 5 518 5 724 5 588

ESG көрсеткіштері

Көрсеткіш 2023 2024 2025
ЛЗ шығарындылары, мың тонна 48,90 47,5 47,5
Төгінділер, тонна 1,67 1,56 1,58
Орташа жалақы, теңге 482 932 571 663 667 073

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» ЖШС

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» ЖШС
Бас директор
Наурзгалиев А.А.
Мекенжайы
Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Өнеркәсіптік аймақ МАЭС-1, 2 құрылыс
Қызметкерлер
1 888 адам
Иелену үлесі
«Самұрық-Энерго» АҚ 100%
ресми сайты
www.gres1.kz

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» ЖШС — жобалық қуаты 4 040 МВт (1 энергоблок — 540 МВт және әрқайсысы 500 МВт болатын 7 энергоблок) болатын конденсациялық үлгідегі жылу электр станциясы, Қазақстандағы ең ірі көмір ЖЭС-і және Екібастұз кен орындарының отынымен жұмыс істейтін өңірдің негізгі энергия өндіруші объектілерінің бірі.

Кәсіпорын жеткізу тізбегі

Электр энергиясын сату 01.07.2023 жылдан бастап Бірыңғай сатып алушы арқылы жүзеге асырылады.

Қаржылық көрсеткіштер

Көрсеткіштер 2023 2024 2025
Таза кіріс/шығын, млн теңге 30 678 45 462 40 457
EBITDA, млн теңге 71 803 92 442 98 147
EBITDA Margin, % 38 46 40
Игерілген инвестициялар сомасы, мың теңге 84 862 571 68 529 562 77 644 635

Өндірістік көрсеткіштер

Көрсеткіш 2023 2024 2025
Белгіленген электр қуаты, МВт 3 500 3 500 4 040
Электр энергиясын өндіру көлемі, млн кВт сағ 22 870 22 543,7 24 572,9
Электр энергиясын өткізу көлемі, млн кВт сағ 22 796 21 619 23 502
Жылу энергиясын өндіру көлемі, мың Гкал 344 441,7 462
Жылу энергиясын өткізу көлемі, мың Гкал 124 135,7 122

ESG көрсеткіштері

Көрсеткіш 2023 2024 2025
ЛЗ шығарындылары, мың тонна 238,9 234,3 230,9
Орташа жалақы, теңге 495 490 618 416 713 725

«Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ

«Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ
Басқарма төрағасы
Кашаганов Б.З.
Мекенжайы
Қазақстан Республикасы, 141216, Павлодар облысы, Солнечный кенті, МАЭС-2 өнеркәсіптік аймағы, 1/1 құрылыс.
Қызметкерлер
1 492 адам
Иелену үлесі
«Самұрық-Энерго» АҚ 50% «Самұрық-Қазына» АҚ 50%
ресми сайты
www.gres2.kz

«Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ — белгіленген қуаты 1 000 МВт (әрқайсысы 500 МВт болатын екі энергоблок) және биіктігі 420 метр болатын әлемдегі ең биік түтін мұржасы бар, Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген жылу электр станциясы. Негізгі отыны — Екібастұз көмір бассейнінің күлділігі жоғары көмірлері.

Кәсіпорын жеткізу тізбегі

Электр энергиясын сату 01.07.2023 жылдан бастап Бірыңғай сатып алушы арқылы жүзеге асырылады.

Қаржылық көрсеткіштер

Көрсеткіш 2023 2024 2025
Таза кіріс/шығын, млн теңге (17 322) (10 727) (6 982)
EBITDA, млн теңге 20 102 34 500 28 111
EBITDA Margin, % 30 43 35
Игерілген инвестициялар сомасы (50%), мың теңге 2 710 689 6 611 680 9 827 584

Өндірістік көрсеткіштер

Көрсеткіш 2023 2024 2025
Белгіленген электр қуаты, МВт 1 000 1 000 1000
Электр энергиясын өндіру көлемі, млн кВт сағ 5 659 6 045,2 5 246,2
Электр энергиясын өткізу көлемі, млн кВт сағ 5 601 5 823 4 983
Жылу энергиясын өндіру көлемі, мың Гкал 206 217,5 230
Жылу энергиясын өткізу көлемі, мың Гкал 70 76,2 76

ESG көрсеткіштері

Көрсеткіш 2023 2024 2025
ЛЗ шығарындылары, мың тонна 63,527 60,115 53,023
Орташа жалақы, теңге 428 589 611 068 696 680